1-сұрақ: Егер Сиднейде 19.00 болса, Берлинде қандай уақыт болады?
Жауабы: ____________
Орындауды бағалау:
1) Жауабы толығымен қабылданады – 1 балл.
Код 1: Танғы 10 сағат немесе 10.00
2) Жауап қабылданбайды:
Код 0: Басқа жауаптар.
Код 9: Жауап жоқ
Берілген тапсырма: 2 деңгейлі құзыреттілікті – байланыс орнатуды тексереді.
Мазмұн бөлімі: өзгерістер мен қатынастар.
Жағдаят: жеке өмір.
2-сұрақ: Марк пен Ганс жергілікті уақыттың 9.00 мен 16.30 уақыттары аралығында бір-бірімен хабарласа алмайды, өйткені сол уақыт аралығында олар мектепте болады. Жергілікті уақыттың 23.00 мен 7.00 аралығында хабарласа алмайды, өйткені олар ұйықтайды.
Балалардың бір-бірімен сөйлесуі үшін қай уақыт ыңғайлы болып келеді? Әр қаланың жергілікті уақытын кестеде көрсетіңіз.