Берілген тапсырма: 2 деңгейлі құзыреттілікті – байланысты орнатуды тексереді.
Мазмұн бөлімі: мөлшер.
Жағдаят: кәсіби қызмет.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы 1-мысал. «ЖЫЛЫЖАЙ ЭФФЕКТІСІ» тапсырмалар тобы
Мәтінді оқып сұрақтарға жауап бер.
ЖЫЛЫЖАЙ ЭФФЕКТІСІ: ШЫНДЫҚ ПА НЕМЕСЕ ҚИЯЛ МА?
Тірі ағзалардың тіршілігі үшін энергия қажет. Жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалатын энергия, күн сәулесінен бөлінетін, өте ыстық энергия, оның тек кішентай ғана бөлігі жерге жетеді.
Атмосфера жердің қорғаныш қабаты – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, қоршаған ортаны қажетті элементтермен байытады.Атмосфера қабаты температура тұрақтылығын сақтайды.Ауасыз кеңістіктегі температура тұрақсыз.
Күн сәулесінен бөлінетін энергияның үлкен бөлігі жердің атмосфера қабатынан өтеді.Жер шары оның бір бөлігін сіңіреді,ал екінші бөлігін жер бетінен кері қайтарылады. Кері қайтарған сәуле атмосфера қабатына сініріледі. Атмосфера болмаған жағдайда жер бетінің температурасы қалыпты жағдайдан әлде қайда жоғары болар еді. Жердің атмосфера қабаты жылыжай сияқты сондықтан «Жылыжай эффектісі» деген термин енген. ХХ ғасыр бойы жылыжай эффектісі айқын байқалады.
Атмосфераның орташа температурасы жоғарлағаны дәлелденген. ХХ ғасырда температураның жоғарлауының басты себептері көмірқышқыл газының атмосферада күрт көбеюі туралы газет бетінде және басқа баспа сөздерде мәлімденді.
Андрей есімді оқушыны атмосферада көмірқышқыл газының көбеюі мен жердің орташа температурасының байланысы қызықтырды .
Ол кітапханада екі сызбаны тапты.
Осы екі сызба негізінде Андрей қорытынды жасады: жердің атмосфера қабатының орташа температурасының жоғарлауы шынымен атмосферада көмірқышқыл газының артуына байланысты.
4-сұрақ: Оқушы Вика, Андрейдің қорытындысымен келіспейді. Ол екі сызбаны салыстырып былай дейді, сызбаның кейбір бөліктері Андрейдің тұжырымдамасын дәлелдемейді.
Сызбаның қай бөлігі Андрейдің тұжырымдамасын дәлелдемейді? Мысал келтіріп, жауапты түсіндір.