Методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований



бет42/114
Дата03.02.2022
өлшемі9,88 Mb.
#24799
түріМетодические рекомендации
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   114
Ғылыми-жаратылыстану бағыты
4 сынып

1-тапсырма. «География» бөлімінің тапсырмасы: Жердің Қыртысы

Суретте Жердің құрылысы бейнеленген:

Жердің сыртқы қабаты Жер қыртысы деп аталады. Жер қыртысы неден тұрады? Екі мысал көрсет.
2-тапсырма. «Ойлау» бөліміне арналған тапсырма:

Табиғатта бір-бірімен қоректенетін жануарларды жыртқыштар деп атайды. Әлсізі күштісіне жем болады. Төмендегі түсініктердің қайсысы дұрыс. Дұрыс жауабын белгіле.







Дұрыс

Дұрыс емес

Өткір тісті жануарлар жыртқыштар деп аталады

А

В

Жыртқыштар жемтіктеріне қарағанда үлкен болады

А

В

Үлкен жануарлар жемтік бола алмайды

А

В

Кейбір жануарлар жыртқыш, әрі жемтік бола алады

А

В


3-тапсырма. «Биология» бөлімінің жетік деңгейдегі тапсырмасы:

Аралда алып тасбақаның бір еркегі тіршілік етеді. Бұл тірі қалған жалғыз тасбақа. Тасбақаның осы түрі жойылып кетпес үшін, осы тасбақа тұқым қалдыра ала ма?







Ия




Жоқ




4-тапсырма. «Физикалық ғылымдар» бөлімінің жоғары деңгейдегі тапсырмасы:

Бұршақтар темір сызғышқа суретте көрсетілгендей маймен бекітілген. Сызғышты бір жағынан қыздырады. Бұршақтар қандай кезекпен сызғыштан ажырай бастайды?

А) 1; 2; 3; 4; 5;

В) 5; 4; 3; 2; 1;

С) 1; 3; 5; 4; 2

D) Барлығы бір мезетте


5-тапсырма. «Биология» бөлімінің орта деңгейлі тапсырмасы:

Қанат пен Ғалияда екеуінде бірдей күнбағыс тұқымы болды. Екеуі бірдей екі гүл ыдысына бөлме өсімдігін септі. Содан кейін олар әр ыдысқа бір тұқымнан отырғызды. Қанат отырғызған өсімдіктің біреуін өз үйінде, Ғалия өз үйінде күтіп, баптап өсірді. Біраз уақыттан кейін балалар өсірген өсімдіктерін салыстыру барысында өсімдіктің өсу деңгейлерінің әр түрлі екендігін байқады.


Қанат пен Ғалия өсірген өсімдіктеріне әр түрлі күтім көрсетті. Бұл қандай өзгешелік болуы мүмкін? Бір мысал келтір.
6-тапсырма. «Физикалық ғылымдар» бөлімінің орта деңгейдегі тапсырмасы:

Сен сабан шөппен су бетін үрлеген кезде жоғарыға көтерілетін су көпіршіктері пайда болатынын көресің. Неліктен көпіршіктер жоғары көтеріледі?

7-тапсырма. «Биология» бөлімінің төменгі деңгейдегі тапсырмасы:

Төменде көрсетілген жануарлардың қайсысы шөлді жерлерде тіршілік етеді?



8-тапсырма. «Физикалық ғылым» бөліміндегі төменгі деңгейдегі тапсырмасы: Төмендегі үш дененің- ағаш, темір, пеноплас- көлемі мен пішіні бірдей. Осы денелердің салмақтары туралы дәлелдемелердің қайсысы дұрыс?



А) Ағаш дене бәрінен ауыр; В) Темір дене бәрінен ауыр

С) Пенопластан жасалынған дене бәрінен ауыр

Д) барлық үш дененің салмақтары бірдей


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет