Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет5/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
оңалту кең қолданылады. 
Аталған бағыт мүгедекке әлеуметтік өзара 
әрекеттестік пен коммуникацияға қатысудың қолайлы жүйесіне қол жеткізу 
мен қолдауға көмек көрсетуге, қажетті мәдени құзыреттілік деңгейіне 
бағдарланған, бұл өмір сүру салтында позитивті өзгерістер үшін қаражатты 
және оның еркіндігі есебінен қоғамда барынша толық интеграциялануды 
қамтамасыз етеді.
Қоғамдық науқан барысында акциялар, әлеуметтік роликтерді көрсету 
және талқылаулар өткізіледі. Балалардың ерекшеліктері мен мүмкүндіктеріне 
қарамастан әрбір бала үшін басымдылық тұрғысынан айтылатын инклюзивті 
юілім беру туралы бейнероликтерді ұсынамыз. Бейнероиктер аудиториясы – 
мүгедектігі жоқ балалардың ата-аналары.
1. http://www.youtube.com/user/rooiperspektiva#p/search/0/LMq0phPH2lU
2. http://www.youtube.com/user/rooiperspektiva#p/search/1/4Ky6RAzlQwg 


10 
Аталған бағыт ЕБҚ ететін балаларға әлеуметтік өзара әрекеттестік пен 
коммуникацияға қатысудың қолайлы жүйесіне қол жеткізу мен қолдауға көмек 
көрсетуге, қажетті мәдени құзыреттілік деңгейіне бағдарланған, бұл өмір сүру 
салтында позитивті өзгерістер үшін қаражатты және оның еркіндігі есебінен 
қоғамда барынша толық интеграциялануды қамтамасыз етеді.
Мектеп балалар үшін уақытының барынша басым бөлігін өткізетін орын, 
бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, басқа адамдармен танысады, жаңа достар 
табады. Мектеп ұжымына бірден ену кез келген уақытта қолайлы бола 
бермейді, әсіресе мүгедектігі мен дамуында ерекшеліктері бар балалар 
арасында мұндай жағдайлар кездеседі. Мектепте қолайлы ахуал болуы үшін 
ата-аналар, педагогтер, тьюторлар, оқушылардың өздерінің тараптарынан 
барынша күш-жігер талап етіледі.
ЕБҚ бар балалардың басқа балалармен қарым-қатынас орнату тәсілдері 
әртүрлі болады: бұл бірлеске іс-шаралар, спорттық жарыстар, жалпы 
қызығушылықтар мен әуестенулер болуы мүмкін. Әсіресе, балалар жаңаша 
бағытта оқуды жақсы көреді, беймәлімдерді тануға қызығады, алған білімдерін 
практикада және конкурстарға қатысу кездерінде қолданғандары үшін қуанады.
Мектептерге инклюзияны кіргізу үшін белсенділік танып жүрген 
қоғамдық ұйымдардың белсенділері әртүрлі балалар оқитын мектепте 
өткізілген кез келген іс-шара мынадай принциптердің негізінде 
қалыптастырылатынын ескеру керек:

ЕБҚ бар балалар үшін жеке ештеңе істемеу: ЕБҚ бар балаларға 
арналған барлық іс-шаралар қарапайым балалардың бірге қатысуымен 
жоспарланады;

Топтар ішінде ЕБҚ бар балаларды ерекшелемеу, оларды «бірінші 
кезекке» шығармау (әйтпесе топ толық болуды тоқтатады да, екі топқа 
бөлінеді); 

Қайырымдылық мақсатта ештеңе ұйымдастырмау (егер ЕБҚ бар 
балаларға сыйлықтар берілетін болса, онда осындай сыйлықтар ұжымдағы 
барлық балаларға берілуі керек). 
Мүмкіндігінше, педагогикалық ұжым осы принциптермен танысуы және 
өздерінің жқмыстарына пайдалануы керек. 
Назар аудару! 
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 желтоқсанды Халықаралық 
мүгедектер күні – өздерінің құқықтары мен бірдей мүмкіндіктер үшін 
адамдардың мүгедектікпен күрес күні деп жариялады. Бірақ, мектепте 
«Мүгедектер күнін»атап өту және осы «мерекемен» оқушыларды мүгедектіпен 
құттықтау қажет емес.
Еліміздің арнайы білім беруіне әртүрлі қоғамдық ұйымдары айрықша 
көмек көрсетеді.
Қазақстанда 
Samruk-
Kazyna Trust «Тең-теңімен: Қазақстанда инклюзивті 
қоғам құру» 
жобасы бірінші жыл жұмыс істеп жатқан жоқ:
ПРОФАЙЛ ЖОБАСЫ 


11 
КСО саласы: филантропия бойынша бағдарлама. Қайырымдылық және 
демеушілік көмек. 
КСО атауы, жоба бастамалары: Samruk-Kazyna Trust «


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет