Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен
бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8170
тіркелген).
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудағы негізгі
талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін тиімді өткізуге
арналған қажетті жабдықтардың тізімі: гарнитурамен жабдықталған дербес
компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар); Интернетке кең жолақты
қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және
құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық
қатынас желісі; перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру
техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта; робототехникаға
арналған жиынтықтар.
Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1)
Компьютер - аппараттық құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету
және киберқауіпсіздік тақырыптарын қамтиды.
2)
Ақпаратты ұсыну және өңдеу: текст, графика, презентация,
мультимедиа.
3)
Интернет желісінде жұмыс істеу – оқушыларды ақпаратты іздеуге
және ақпарат алмасуға үйрету мүмкіндігін береді.
4)
Есептік ойлау - алгоритмдер мен программалау тақырыптары
бойынша оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамытуға көмектеседі.
5)
Робототехника - робот қозғалысы, датчиктер мен қозғалтқыштарды
зерттеу арқылы «Информатика» пәнін зерттеуде STEM элементтерін
пайдалануды көрсетеді.
1-
сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу
пәнінің базалық мазмұны:
1.
«Компьютер»: Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері;
Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі.
2.
«Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың
сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері.
3.
«Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы;
программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (сретч)); программалау
ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу.
4.
«Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру;
роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ
бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген
бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
2-
сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу
пәнінің базалық мазмұны:
1.
«Компьютер»: компьютерлік құрылғылар; енгізу құрылғылары
6
(тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/
құлаққаптар).
Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен
буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді
пайдалану.
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік
ережелері.
2.
«Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: пернетақта симуляторы
мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру.
Графика: суретті өңдеу; суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту; сурет
фрагментін көшіру және көрсету.
Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату; аудиофайлдарды өңдеу.
3.
«
Интернет желісіндегі жұмыс»: берілген тақырып бойынша ақпарат
іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу.
4.
«Есептік ойлау»: алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің
ауызша түрі.
5.
Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген
графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау; пернетақтадан
спрайтты басқаруды ұйымдастыру; кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті
ұйымдастыру.
6.
«Робототехника»: ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша
роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа
арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны әзірлеуде
дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну.
3-
сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу
пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін,
пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған
клавиштер.
Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу»
клавиштерді пайдалану.
Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің
негізгі ережелері.
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: мәтінді теру ережелері;
маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты
пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа
қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу.
Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі;
презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа
орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны.
Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық,
контраст, жиектеме).
3) «
Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін
іздеу.
Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша
7
бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
4) «Есептей білу».
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде
орындаушының командалары жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді
жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын
алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
Достарыңызбен бөлісу: |