Методические рекомендации по изучению учебного предмета «Информатика» в 1-4 классах по программам



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата26.04.2023
өлшемі0,53 Mb.
#87347
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
 
 



Кіріспе 
 
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың мақсаты, әр 
балаға заманауи, сапалы тәрбие мен білімнің қол жетімді болуы, әр балаға 
колледжде және университетте жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге, ғылыми 
зерттеулер мен шығармашылық құзыреттерді дамытуға мүмкіндік болуы. Осы 
мақсаттарға жету жаңа білім беру стратегиялары мен мемлекеттік саясатпен 
қамтамасыз етіледі. 
Білім беру жүйесін ақпаратты талдау және креативті ойлау дағдыларын 
қалыптастыру, сондай-ақ бастауыш білім берудің оқушыларына заманауи 
ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің негізгі білімдері, дағдылары мен 
қабілеттерін қамтамасыз ету арқылы цифрлық экономиканың қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын жаңа бағдарлама 2017-2018 оқу жылында 30 пилоттық 
мектептің үшінші сыныптарында «Информатика» пәні бойынша апробациядан 
сәтті өттіп, 2018-2019 жж. «Ақпараттық және коммуникациялық 
технологиялар» пәні енгізілді.
2018-
2020 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік 
бағдарламасы және адами капиталдың дамуының жол картасы шеңберінде 
«Информатика» пәні бойынша 5-11 сыныптардың орта буын бағдарламаларын 
бастауыш мектепке ауыстырылды. Бұл жағдайда пәннің мазмұнын тек 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеуді ғана емес, сонымен қатар STEM 
элементтерін (робот, виртуалды шындық, 3D басып шығару және т.б.) енгізуді 
және қазіргі заманғы мектеп білімінің нысандары мен мазмұнын қайта қарауды 
қамтиды. 
Осыған байланысты 1-сыныптан бастап информатика пәнін оқытуды 
педагогикалық кадрлар және жұртшылықпен кеңінен талқылағаннан кейін
мамандармен компьютерлік білім беруді енгізу мәселесін қарқынды түрде 
әзірлеп, бүгінгі күні «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні 
бойынша 1-4 сыныптарда оқу бағдарламасы әзірленді және бекітілді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет