Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»


Педагогтің вербалды және вербалды емес қарым-қатынас



Pdf көрінісі
бет57/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   121
Байланысты:
26.06 Уздик педагог сайт

Педагогтің вербалды және вербалды емес қарым-қатынас 
дағдыларын бағалау 
 
Сабақ барысында педагогтің білім алушылармен қарым-қатынасы да 
сабаққа әсер етеді. Сондықтан педагогтерге қарым-қатынастың түрлерін білу 
маңызды. Ең алдымен, қарым-қатынастың анықтамасымен таныс болайық. 
Қарым-қатынас – бұл басқа адамдармен өзара әрекеттесу және идеялармен 
алмасу әрекеті [18]. Қарым-қатынастың екі негізгі түрі бар: вербалды және 
вербалды емес. Вербалды қарым-қатынас кезінде адамдар өз ойларын, 
идеялары мен сезімдерін ауызша немесе жазбаша сөйлеу арқылы білдіреді.
Вербалды емес қарым-қатынаста дене тілін және басқа әдістерді, соның 
ішінде мимиканы, қимылдарды және т.б. пайдаланады. 
Вербалды емес қарым – қатынастың үш негізгі аспектісі бар – 
дауыс, 
дене тілі және көзбен байланыс
жаңа материалды қабылдағанда не пікір 
алмасқанда білім алушылардың қабылдауына әсер етеді. 
Мысалы, д
ауыс
, оның бәсең не басым үні педагогтің сезімдерін 
көрсетеді. Бұл білім алушыларға педагогтің қуанғанын не ашуланғанын және 
т.б. анықтауға көмектеседі, сондықтан дауыс қарқынына назар аударыңдар! 
Дене тілі:
дене тілі вербалды емес қарым-қатынастың ең айқын түрі. Ол 
білім алушыларға сіздің сезіміңіз туралы көп нәрсе айта алады. Егер сіз 
қолыңызды айқастырсаңыз, болып жатқан жағдай сізді қызықтырмайтынын 
білдіреді. Келесі мысал, сіздің мақсатыңыз презентация кезінде сенімді болып 
көріну. Бұл жағдайда басқалардың сізді сенімді және қабілетті ретінде көруін 
қамтамасыз ететін вербалды емес сигналдарға назар аударуыңыз керек. Сіз 
өзіңізге сенімді екеніңізді көрсеткіңіз келсеңіз, онда Сіз келесі қимылдарды 
жасайсыз: 
Дауысыңыз басқаларға қалай әсер ететінін байқай бастаңыз және сіз нені және қалай 
жеткізгіңіз келетіндігін көрсету үшін дауыс үнін пайдаланып көріңіз.
Мысалы, сабақ 
үдерісінде бір нәрсеге білім алушылардың қызығушылыктарың танытқыңыз келсе
ынтаңызды дауыспен көрсетіңіз. Мұндай белгілер сіздің сезімдеріңізді білдіріп қана 
қоймайды; олар, сондай-ақ, сіздің сөзіңізді тыңдайтын білім алушыларға қызығушылық 
тудыруға көмектеседі


72 
-
Бір жерде берік тұру; 
-
Иықтарды артқа тарту; 
-
Екі аяқтың салмақтарың теңестіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет