3
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын,
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, сондай-
ақ білім беру
мазмұнын жаңартуға байланысты, педагогтардың кәсіби
құзыреттілігін арттыру, озық педагогикалық
тәжірибені зерделеу, жалпылау
және тарату негізгі бағыт болып табылады.
Педагогтардың біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау және қолдау білім
беру жүйесін дамыту жетістігінің шешуші факторлары болып табылады.
ОСЭР-дің білім беру және оқыту саласындағы халықаралық зерттеуі
(Teaching
and
Learning
international,TALIS),
«мұғалімдер
ӛздерінің
педагогикалық тәжірибесін бағалай бастайтынын және оны білім алушылардың
білім сапасын арттыру және педагогтар арасында үздік тәжірибені тарату
мақсатында ӛз зерттеуінің объектісі ретінде қарастыратынын кӛрсетті»
[1].
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасында:
«Педагогтардың
республикалық
қауымдастығы, сондай-ақ әрбір ӛңірде педагогтардың кәсіби
шеберлігін арттыруға жәрдемдесетін пән мұғалімдері қауымдастығы
құрылатын болады.
Білім беру жүйесінің барлық әдістемелік қызметтерінің
жұмысы қайта қаралатын болады.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік
инновациялардың орталығы болады. Оның қарамағындағы Республикалық
оқу-әдістемелік кеңес педагогикалық жоғары
оқу орындарымен тығыз қарым-
қатынас жасай отырып, барлық оқу-әдістемелік қызметтердің, еліміздің пән
мұғалімдері қауымдастығының қызметін біріктіретін және үйлестіретін
болады» [2].
Әдістемелік қызмет жұмысының негізгі бағыты оқыту сапасын арттыру,
сонымен қатар озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында әдістемелік
жұмысты ұйымдастырудың түрлі формалары
арқылы педагогтардың кәсіби
құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Әдістемелік ұсыныстардың мақсаты:
˗
мұғалімдердің үздік тәжірибелерін жүйелеу, зерттеу және жалпылау
бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;
˗
озық педагогикалық тәжірибені жүйелеу,зерттеу, жалпылау бойынша
мұғалімдер үшін ұсыныстар әзірлеу.
Міндеттер:
- озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жинақтау және тарату
бойынша мұрағаттық деректерге шолу жүргізу;
-
қазақстандық мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу құралдарын анықтау;
- озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау алгоритмін әзірлеу;
- педагогикалық тәжірибені зерделеу, жинақтау, тарату бойынша
мұғалімдерге, әдіскерлерге кӛмек кӛрсету үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
Осы құралды әзірлеу бойынша жұмыс кезең-кезеңмен ӛтті:
1 кезең-озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау бойынша
4
психологиялық-педагогикалық әдебиетті оқу;
2 кезең - қазақстандық мұғалімдердің тәжірибесін
зерттеу құралдарын
анықтау;
3 кезең-орта білім беру ұйымдарына ОПТ зерделеу бойынша сапарлар;
4 кезең-ішкі және сыртқы рецензияны ӛткізу;
5 кезең-ғылыми кеңес отырысында әдістемелік ұсыныстар жобасын
талқылау.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының жағдайы мен даму болашағы
әдістемелік қызметтерінің тікелей ғылыми және әдістемелік біліктілігіне,
олардың шығармашылығы педагогтарға ӛз қызметінде инновациялық
білім
беру технологияларын пайдалануда практикалық кӛмек кӛрсету
қабілетіне
байланысты.
Педагогтардың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеу, жалпылау
және тарату білім алушылардың, басқа да педагогтардың білім беру қызметін
ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтау ретінде қарастырылады.
Әдістемелік ұсынымдар нормативтік құқықтық құжаттар негізінде
әзірленді:
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27
шілдедегі №319 – III ҚРЗ (21.07.2015 ж. жағдай бойынша ӛзгерістер мен
толықтырулармен)
- Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы 2019
жылғы 27 желтоқсандағы №293-VІ ҚРЗ;
- Қазақстан Республикасының
Білім және ғылымды
дамытудың 2020
жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29
қарашадағы № 583 бұйрығы «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік
жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 18
қаңтардағы 2016 жылғы №40 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына ӛзгерістер
енгізу туралы» «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»;
- ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 21.12.2007ж. №644 бұйрығымен
бекітілген әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің
үлгілік ережелерін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы;
-Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 272
бұйрығымен бекітілген мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі,
орта, жалпы және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес
қызметінің үлгілік ережелері және оны сайлау тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: