Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным



бет4/73
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107920
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Үйде оқыту (1)

Үйде оқыту процесінің нормативті-құқықтық негіздері

Қазақстандық білім беру жүйесінде денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылады.


Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Баланың сырқатына байланысты қорытындыда көрсетілген үйде оқыту мерзімі бір айдан оқу жылының соңына дейін болуы мүмкін. Мүгедектік тағайындалған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» №12 қосымшасына сәйкес формада мүгедектік туралы анықтама беріледі.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жергілікті ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретіндегі үйде жеке тегін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен» (бұдан әрі - Стандарт) реттеледі. Берілген стандарт «үйде жеке тегін оқыту» қызметін алу тәртібін анықтайды және бірнеше кезекті кезеңдерді қарастырады. Бірінші кезең мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беруді қарастырады. Тексеру бала тұрып жатқан жергілікті психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялармен (аудандық, қалалық, облыстық, қажет болған жағдайда республикалық психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялар, бұдан әрі - ПМПК) жүргізіледі. ПМПК-да тексеру үшін ата-ананың (заңды өкілдердің) өтініші, туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы), бар болса - мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі, денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін). Қажет болған жағдайда ПМПК № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысанын, білім беру ұйымынан психологиялық- педагогикалық мінездеме, оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелерін қосымша сұратуы мүмкін. Бірінші кезеңнің, яғни тексеру мен психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялық көмек нәтижесі бала дамуының зияткерлік жағдайы, тағайындалған диагноздары (неврологиялық, психиатриялық, логопедиялық), қосымша аурулары мен синдромдары көрсетілген, сондай-ақ оқуы мен түзету-педагогикалық қолдау бойынша ұсыныстар білім беру бағдарламасы және түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру
жағдайларымен қоса берілген жазбаша түрдегі қорытынды болып табылады.
Екінші кезең балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау. Стандартқа сәйкес үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін ата- ананың (немесе заңды өкілдерінің) өтініші, үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы, мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы талап етіледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң білім беру ұйымы ата-анаға (немесе заңды өкілдеріне) үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат береді.
Үй жағдайында мүгедек балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мен қаржылық шығындар бойынша есеп беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының «Мүгедек балаларды үйде оқытуға
жұмсалған шығындарды өтеу» 25-қосымшасына және «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.



    1. Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша жалпы сұрақтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттелетіні айтылған. Сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.


Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген білім беру деңгейлері бойынша Үлгілік оқу жоспарымен (бұдан әрі - ҮОЖ) белгіленеді.
Үлгілік қағидалардың 20-тармағына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары әрекеттегі ҮОЖ негізінде үйде білім алушы үшін жеке «оқу жұмыс жоспарларын» әзірлейді. Балаларды үйде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесі бойынша жеке оқу жұмыс жоспары әрбір білім алушыға бөлек, оның жеке және психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетінін көрсетті. Сондай-ақ жеке оқу жоспарын әзірлеуде мектептегі кейбір сабақтарға қатысу, вариативті компонентті таңдау туралы және т.с.с. сұрақтарға қатысты білім алушы мен оның ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) өтініштерін ескеру ұсынылады. Үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары жарты жылға немесе бір оқу жылына әзірленеді және педагогикалық кеңес шешімімен қабылданып, ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) келісімімен білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі төменде 1-кестеде берілген:


1-кесте. Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі

Педагогикалық кеңес шешімімен




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет