Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным
Үйде оқыту (1)
Бұндай мысалдар көп, «... Полина анасы Анастасиямен үйде оқытылып жатқанына бес жыл болды. 12 жастағы қыз жүру арбасымен қозғалады және сүйемелдеуді қажет етеді. Бірақ ол көшеде, аулада, қонақта құрдастармен сөйлесетін мүмкіндікті жібермеуге тырысады. Сондықтан тезірек сауығып мектепке баруды армандайтыны сөзсіз...» [8]. Қарағанды қаласы ТҚАЗ балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директорының орынбасары Наукенова Қарлығаның айтуынша, құрдастарымен қарым-қатынас бала өмірінің өте маңызды бөлігі. Сөйлесу, достық, өзара көмек және коммуникацияның басқа да түрлері сияқты бала өміріндегі негізгі дүниелерді мектептен басқа қай жерде тани алады? Үйде оқитын балаларда бұл мүмкіндік жоқ болғандықтан, кейде мамандар оларды сыныптағы сабақтарға қатыстырады. Бұл кезде ата-аналар өз балаларын қолдайтын тұлғалар және тьюторлар ретінде жүреді. Мектеп те баланы оқуға ынталандырады. Себебі, өз жетістігін құрдастарының жетістігімен салыстыру мүмкіндігінен айырылғандықтан бала жетістікке деген ұмтылысын жоғалтады [8] . Баланың жалпы дамуында әлеуметтік бейімделудің маңызын ескере отырып, үйде оқытылатын балалар мен олардың ата-аналарын қатыстырып әр түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылады. Осылайша, үйде оқыту мәселесі бойынша шетелдік және отандық ғылыми зерттеулерді, денсаулық сақтау мен білім, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді талдау, сондай-ақ үйде оқытылатын білім алушылары бар жалпы білім беретін және арнайы мектептердің педагогикалық ұжымының тәжірибесін зерделеу үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша бірқатар әдістемелік ұсынымдарды бөлуге мүмкіндік берді. жүктеу/скачать 0,49 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |