Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным



бет8/73
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107920
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
Байланысты:
Үйде оқыту (1)

1- сабақ
1 урок






















2 – сабақ
2 урок






















3- сабақ
3 урок






















4 сабақ
4 урок






















3-кесте (Жалғасы)

Журналды толтыру ережесі

  • Барлық оқу пәндері бойынша жазбалар оқушының оқу тіліне байланысты нақты және ұқыпты түрде түзетусіз жүргізілуі керек.

  • Барлық жазулар қара сиялы қаламмен толтырылуы тиіс.

  • Корректор мен қарындашты қолдануға тиым салынады.

  • Бағаны бір тор көзге бөлшек сызығы арқылы қоюға тиым салынады.

  • Сабақтың өткізілген күнін тек араб сандарымен жазу керек, мысалы: 03.09; 23.12.

  • Журналдың ашылған бетінің оң жағында күнтізбелік жоспарға сай сабақтың тақырыбы мен үйге берілген тапсырма жазылады.

  • Өткізілген сабақтардың саны және өткізілген күні сәйкес болу керек.

  • Журналды оқу бөліміне талап етуіне қарай және әр тоқсан сайын тексеруге тапсыру қажет.

Правила заполнения журнала

  • Записи должны вестись чётко и аккуратно без исправлений на языке обучения учащегося по всем учебным предметам.

  • Все записи должны вестись ручкой чёрного цвета.

  • Не допускается никаких пометок карандашом или точек, постановка минусов и плюсов.

  • Не допускается выставление в одной клетке отметок со знаком дробной черты.

  • Дату проведения урока следует фиксировать только арабскими цифрами, например: 03.09; 23.12.

  • На правой стороне развернутой страницы журнала учитель обязан записывать тему урока и задание на дом.

  • Количество проведенных уроков и соответствующие им даты должны совпадать.

  • Предоставлять журнал на проверку по первому требованию и в конце каждой четверти в учебную часть.

3-кесте (Жалғасы).

Журналдың жүргізілуі туралы ескертулер Замечания по ведению журнала





Күні, айы


Число и месяц

Тексерушінің ескертулері мен ұсыныстары Замечания и предложения проверяющих

Орындалу белгілері

Отметка о выполнении

















































































































Үйде жеке тегін оқытуға арналған үлгерім журналы
Үйде жеке тегін оқытуға арналған үлгерім журналы мектептің әдістемелік кеңесінде қаралды және талқыланды. Енгізілген
түзетулерді ескере отырып, жылдың «_ » №
әдістемелік кеңес шешімімен осы құжатты оқу жылынан бастап қолдану ұсынылды.
Журнал успеваемости для индивидуального бесплатного обучения на дому
Журнал успеваемости для обучения на домурассмотрен и обсужден на методическом совете школы. С учетом внесенных изменений, решением методсовета № _от « »
г. рекомендовано внедрение данной документации с
учебного года.

    1. Үйде білім беру процесіне қатысушылардың қызметі мен міндеттері

Баланы үйде оқытуды ұйымдастыру мектеп педагогтары мен оқушы ата- анасының (немесе заңды өкілдердің) қатысуын ғана емес, сонымен қоса территориялық ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, арнайы білім беру ұйымдарының, әлеуметтік қорғау органдарының және сол сияқты басқа да білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуын талап ететін күрделі және көп еңбекті процесс. Дегенмен, жалпы білім беру бағдарламасымен баланы үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыс білім беру ұйымымен, оның ішінде бала тіркелген жалпы білім беру мектебімен жүзеге асырылады.


Жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала оқығаннан бастап мектеп басшыларының, мамандары мен педагогтарының арнайы білім беру саласында, соның ішінде балаларды үйде оқыту бойынша қосымша кәсіптік құзыреттерді игеруі міндетті болып табылады.
Мектеп басшылығы мен мамандардың (болған жағдайда педагог - психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагогтар) ойластырылған өзара әрекеттестігі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқуы мен дамуындағы қиындықтарды еңсеруде бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мен іске асыруға, олардың отбасына, сондай-ақ үйде оқытылатын білім алушылармен жұмыс істейтін мұғалімге көмекті ұйымдастыруға бағытталады. Осындай жағдайда команда мүшелерінің өзара әрекеттестігінің негізгі ережелері өзара сыйластық, команданың барлық мүшелерінің өзара көмекке дайын болуы, нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қызметтерді анық бөлу, түзету және білім беру процесінде барлық команда мүшелерінің тең дәрежеде қатысуы, өзінің және ортақ жұмыстың нәтижесіне жауапкешілік болып табылады.
Тәжірибеде үйде оқыту бойынша оқу-тәрбие жұмысын үйлестіру үшін білім беру ұйымымен жергілікті актілер, мысалы, «Үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру туралы Ереже» (бұдан әрі - Ереже) әзірленеді. Ереже үйде оқыту процесін ұйымдастыру тәртібін, процесс қатысушыларының қызметтері мен міндеттерін және оқыту үшін басқа да жағдайларды анықтайды.
Үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру процесіне мектептің психологиялық-педагогикалық консилиумның, балаларды үйде оқытатын мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің қатысуын қарастырады.
Мұғалім тұлғасы, оның адамгершілік қасиеттері және оқушыға қарым- қатынасы баланың табысты бейімделуі мен оқуының негізгі факторы болып табылатыны белгілі.
Мұғалім оқушы үшін жақын адам мәртебесіне ие болады. Себебі, кейде ата-ана мен туыстарға қарағанда артық көретін тұлға болып табылады.
«Оқушы-мұғалім» жүйесі бала өмірінде басымдыққа ие болады. Тұлғаны дамытудағы оның мәні мұғалім өз әрекетінде қоғамның талаптарын іске асыратындықтан балаларды «бала - қоғам» қарым-қатынасын шынайы түрде қосады. Сабақ өткізу кезінде жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін баланың қуаныштары мен өкініштеріне ортақтасып, сеніміне ие болу керек.
Мұғалім әрекетінің негізгі нәтижесі, ең алдымен, табысты жағдайды жасау және оны бекіту, оқушыда жағымды өзін өзі бағалауын қалыптастыру. Себебі, тіпті бір рет қана сезілген қуаныш, жетістікке жету сезімі бала өмірінің ырғағы мен салтын өзгертіп, оны мән-мағынаға толтыруы мүмкін.
Үйде жеке оқыту мұғалімі өз оқушысын мектептегі іс-шараларға қатыстырып, мерекелерге алып барады. Балалар қалауы бойынша және ата- анасының келісімімен қызығушылығына байланысты қосымша сабақтарға, арнайы емдік-сауықтыру сабақтарына, мектеп оқушылары шығармашылық жұмыстарының көрмелері мен сайыстарына қатыса алады.
Баланы бірінші рет үйде оқыта бастаған мұғалім-педагогтар ұзақ уақыт бойы көзге көрінерлік нәтиже ала алмағандықтан еңсесі түседі. Алайда бұндай балаға ерекше мұқият қарап, төзімді болған жөн. Баланың оқуға деген аз болса да ынтасын мадақтап, мақтау үшін кез келген болмашы себептерді жібермей, оқуға деген қызығушылығымен қоса, бұдан да жақсы жасауға ұмтылысын ынталандыру қажет. Тапсырмаға жағымды қарым-қатынастың бір түйірін де көзден таса қылмай, баланың аз, елеусіз болса да жетістіктерін атап, жағымды бағалаған дұрыс [7].
Тәжірибе көрсеткендей, шешімі баланы үйде оқытатын мұғалім- педагогтан тәрбиелеу мен оқытудың ерекше әдістерін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық білімдері, іскерліктер мен дағдыларын меңгеру және белгілі бір дайындық деңгейін талап ететін міндеттер туындайды.
Жалпы білім беру бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқытатын мұғалімдерді оқу жоспарына кіретін пәндерден сағат сандары да толғандыратын мәселе. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үйде оқытылатын бала колледж, тіпті ЖОО-ға түсу керек болса, бірақ ата-анасының репетитор жалдауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оған білім алуды жалғастыру бойынша жоспарларын жүзеге асыру қиын болады. Мұғалімдер ҮОЖ-да пәндер бойынша бөлінген сағаттар кәсіптік оқу мекемелеріне түсуге дайындық үшін жеткіліксіз болады деп есептейді [8].
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» барлық орта білім беру ұйымдарында педагог-психолог лауазымын қарастырады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы педагог- психолог оқушылардың психологиялық және әлеуметтік қолайлы жағдайды сақтауға бағытталған әрекетті іске асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының бағдары мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық- педагогикалық қорытындылар жасайды. Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму бұзушылықтарын диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарын жүргізеді.
Мектептегі педагог-психологтың негізгі міндеттері мұғалімдерге, сынып жетекшілерге, мектеп әкімшілігіне үйде оқытылатын бала мінез-құлқының қандай да бір ерекшеліктерін, оның себептерін түсіндіру; баламен өзара әрекеттесудің белгілі бір тәсілдерін таңдауда көмек көрсету; баланың қоғамда бейімделу динамикасын қадағалау; балада және оның ата-анасындағы, сондай- ақ мұғалім мен сынып оқушыларындағы қандай да бір қиындықтарды ерте анықтау болып табылады. Педагог-психолог мектептің психологиялық- педагогикалық консилиум мамандарымен бірігіп өзінің психологиялық зерттеулерінің негізінде:

  • бала дамуының белсенді деңгейін, жақын даму аймағын анықтайды;

  • ерік-жігер саласының ерекшеліктерін, балалардың тұлғалық ерекшеліктерін, құрдастарымен, ата-аналармен және басқа да ересектермен өзара әрекеттесу сипатын анықтай ды;

  • баламен түзете-дамыту жұмысының бағытын, сипатын және мерзімін айқындайды;

  • бала оқытылатын микроортаны ізгілендіру міндеттерін қояды және шешеді;

  • мұғалімге және басқа мамандарға үйде оқытылатын баланың ата- анасымен, сондай-ақ сыныптың басқа да білім алушыларының ата-аналарымен сындарлы өзара әрекеттестікті орнатуға көмек көрсетеді;

  • мұғалімдер мен педагогтардың, басқа да мамандардың, сондай-ақ ата- аналардың психологиялық біліктілігін арттыруға ықпал етеді;

  • мұғалімдер мен педагогтарға, оқушылардың ата-аналарына және т.с.с. консультация береді.

Біліктілік талаптары бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді, мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік педагог мектептегі кез келген баланың, оның ішінде үйде оқытылатын білім алушылардың құқықтарын сақтауды қадағалауды жүзеге асырады, білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын
үйлестіреді.Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың талантын, ойлау және дене мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды.
Әлеуметтік педагог әрекетінің маңызды саласы – ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың ата-анасына мектеп қауымдастығында, басқа ата- аналар ортасында бейімделуге көмек беру.
Сондай-ақ әлеуметтік педагог үй және отбасы жағдайында қолайлы және кедергісіз орта жасауда, бала туралы керек ақпаратты іздеуде мұғалімдерге, мектептің басқа мамандарына көмек бере алады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептер тәжірибесі білім беру ұйымында мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед секілді арнайы педагогтардың болуы түзете-дамыта оқыту сапасының артуына елеулі ықпал ететінін дәлелдейді. Үйде оқытатын педагогтар командасында мұғалім- дефектологтың, логопедтің, ЕДШ нұсқаушысының болуы үйде көрсетілетін білім беру қызметінің сапасын арттырып, баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Олар оқушылардың психикалық, дене және физиологиялық бұзылыстарын тексеруді жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Мұғалімдермен және басқа да мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады.
Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді.
Үйде оқытуды ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің міндеттері:

  • баланы оқытатын мұғалімдермен, ата-анасымен (заңды өкілдерімен) сабақ кестесін келісу;

  • білім алушылармен және олардың ата-аналарымен байланысты қамтамасыз ету;

  • үлгерім журналы мен табельді жүргізуді қадағалау;

  • ата-аналарды (заңды өкілдерді) білім беру процесіндегі барлық өзгерістер туралы уақытында ақпараттандыру;

  • білім беру процесі үшін салдары бар қиындықтар туралы мектеп әкімшілігін уақытында ақпараттандыру.

Мектеп әкімшілігі келесі мәселелерді шешеді:

  • білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық актілер негізінде үйде жеке тегін оқыту туралы ереже, жеке оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жұмыс бағдарламалары және басқа жергілікті актілерді дайындау;

  • оқу жоспары мен бағдарламаларын, жеке оқыту әдістемесін орындауды, білім алушылардың аттестациясын, құжаттарды жүргізу және рәсімдеуді тоқсанда, жартыжылдықта бір реттен кем емес қадағалау;

  • үйдегі сабақтардың уақытында өткізілуін, үйде оқытылатын балаларды есепке алу журналын жүргізуді қадағалау;

  • үйдегі оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер мен мамандарды уақытылы таңдау;

  • үйде оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдерді уақытында қабылдау.

Баланы үйде оқыту – отбасыдағы психологиялық ахуал, ата-аналардың педагогпен әрекеттесуге құлшынысы өте маңызды болып табылатын көпаспектілі процесс. Отбасының тәрбиелік рөлі ерекше зор, себебі бұл топтағы балалардың байланыс орнату мүмкіндіктері біршама шектелген. Балаларды оқыту мен оңалту процесіне отбасы мүшелерін қосу үшін оларға психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыруда көмек көрсету қажет. Отбасыға барып жүрген педагог ондағы тәрбиенің басым түрін анықтай алуы керек. Отбасылық психология мен педагогика саласындағы мамандар отбасылық тәрбиенің келесі түрлерін бөледі [9]:

  • құптаушылық гиперпротекция, отбасының бар назары балада болады. отбасы мүшелері оның барлық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға ұмтылады. Шектен тыс қамқорлықтан ата-анасы баланың бастамашылдығын шектейді. Сонымен қоса олар баланың болмашы жетістіктеріне, табысына қуанады. Сол кезде бала да өз өзін жоғары бағалай бастайды. Балада ересектердің назарына, олардың құптауына жоғары құштарлық пайда болады. Сондай-ақ назардың жоғары болғанының салдарынан баланың өзін өзі бағалауы тым артып, ол ары қарай әлеуметтік өзара әрекеттесу жағдайында расталмайды. Балаға қарым-қатынастың бұлай өзгеруін дұрыс бағалай алмайды және жаңа жағдайға агрессиямен немесе апатиямен, бірнәрсені жасаудан бастарту немесе невротикалық реакциялармен жауап береді.

  • басымдық гиперпротекция, ата-анасы балаға көп күш пен уақытты жұмсағанымен оған көптеген шектеулер мен тыйымдар қояды. Нәтижесінде баланың бағыныштылық, тәуелділік, дербестіктің болмауы сияқты тұлғалық қасиеттері дамиды;

  • эмоционалдық шеттету ата-анасы баланың тағдырына немқұрайлы қарағанда болады. Немқұрайлық немесе антипатия үнемі тікелей қатыгездік түрінде болмайды, бірақ ол балада эмоционалдық жетілмеушілік пен агрессияны туындатып психикасына зиянды әсер етеді. Бала мен ата-ана арасындағы махаббат, өз қадірін сезіну сияқты құндылықтарға ата-анасының немқұрайлы қарауы баланың жекелігін, мінезінің өзіндік ерекшеліктерін қабылдамауын күшейте түседі. Бұндай ата-аналар өз баласының жетілмегендігінен ұялып, адамдардан жасырады, баламен бірге қоғамдық орындарға бармайды. Ол бала дамуының қайтадан тежелуі мен бұзылуына соқтырады және бала мен қоғам арасында еңсерілмейтін алшақтық пайда болады;

  • ата-ананың жоғары моральды жауапкершілігі баланың эмоционалды қажеттіліктеріне назар аудармай, балаға жоғары талаптар қоюда көрініс табады. Баланың жетілмегендігін қабылдамай, ата-анасы оның кемістіктерін байқамай, мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Бұндай жағдай балада невротикалық, үрейлі- күмәнданғыш күйлердің пайда болуына әкеледі;

  • гипопротекция (гипоқамқорлық) бала өз бетімен қалып, ата-анасы онымен қызықпаған, қадағаламаған жағдайда болады. ата-анасы баланың

қажеттіліктерін, ең алдымен көңіл бөлуге, жетекшілік, қорғаудағы мұқтаждығын дұрыс бағалай алмайды. Осылайша, гипоқамқорлық жағдайында тәрбиеленіп жатқан балаға отбасы тарапынан уақытында көмек пен қолдау көрсетілмегендіктен, оның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігі бұрмаланады. Ал бұндай жағдай дамуында бұзылыстары бар балаларда дамудың одан сайын артта қалып, сәйкес емес реакциялардың туындауына әкеліп соқтырады. Соған қарамастан ата-аналар балаларының барлық қиындықтарын мектеп шешу керек деп ойлайды.
Мектепте жұмыс істейтін қызметкерлердің пікірінше, мүмкіндігі шектеулі (оның ішінде зерде дамуында бұзылыстары бар) балаларды тәрбиелейтін отбасылардың көбісінде белгілі бір сипаттамалар бар [7]:

  • ата-аналар жүйке-психикалық және дене жүктемесін, шаршау, күш түсу, үрей мен бала болашағына қатысты сенімсіздікті сезінеді;

  • бала дамуының нәтижесі, мінез-құлқы ата-аналары күткендей болмағандықтан, олар ашушаңдық, күйініш, қанағатсыздықты сезінеді;

  • отбасы ішіндегі қарым-қатынастар (ерлі зайыптылар, басқа балалар арасындағы қарым-қатынас) бұзылалады және өзгереді;

  • отбасыдан тыс қызметтер (таныстар қатарының шектелуі, үйреншікті өмір салтының өзгеруі, бір отбасы мүшесінің жұмыстан шығуға мәжбүр болуы) бұзылуының салдарынан отбасының әлеуметтік мәртебесі төмендейді;

  • дамуында бұзылыстары бар баланы, оны тәрбиелеу мен емдеудегі отбасының күш-жігерін теріс бағалайтын қоғамдық пікір отбасылық ахуалға

«залалды» әсер етеді.
Сол мезетте ата-аналар өз балаларының дамуына арналған қолайлы жағдайлар жасау үшін көп күш жұмсайды. Дегенмен, көбінесе олардың нәтижелі оқыту әдістері туралы білімі аз, кейде тіпті өз баласының психологиялық-физиологиялық жағдайын түсінбейді, оған қалай көмектесерін, ересек өмірге қалай дайындайтынын білмейді. Сондықтан педагог баланы оқытумен қатар, оның ата-аналарын да түзету тәсілдеріне үйретеді, даму ерекшеліктері туралы айтады, өз оқушысының аз да болса жетістіктеріне назарын аударады. Психологиялық жарақаттық жағдайларды болдырмау үшін ата-аналарға өте әдепті және ұқыпты қарап, өз тарапынан отбасыдағы татулықты нығайтуға тырысу керек. Осындай «жылы» қарым-қатынас отбасындағы қалыпты психологиялық ахуалға ықпал етеді. Ал ата-аналардың хал-жағдайындағы кез келген ауытқушылықтар міндетті түрде баланың мінез- құлқынан көрініс табады.
Тәжірибеде жұмыс істейтіндер үйде оқыту мен тәрбиелеу процесіне қосылу үшін баланың ата-анасы мен туыстарына дефектолог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы мен психологтың білікті консультациясы талап етіледі деп санайды. Логопед тыныс алуды, ұсақ моториканы, артикуляциялық аппаратты дамытуға ойын жаттығуларын көрсетеді; ЕДШ нұсқаушысы буындарды қалай дамыту, бұлшықеттерді нығайту керектігін, дұрыс отыру, тұру, ата-аналар үйде қолдана алатын емдік уқалау жасау мен бейінді дене шынықтыру тәсілдерін үйретеді. Мысалы, ата-аналарды ерін мен тілді өзіндік уқалау техникасымен
таныстырған логопед сөйлеу тілін меңгеруде баланың жетістіктері, көбінесе, оның туғандарының білім беру процесіне қаншалықты қосылғанына, мектеп командасының толыққанды мүшесі ретінде сезінгеніне байланысты деп есептейді. Маман тек дыбыстарды қояды, ал оны үнемі бекіту керек. Егер анасы шыдамдылық танытып үйде сабақтарды бекітуге уақыт тапса, демалыстан оқуға шыққан бала өз үйренгенін ұмытпайды және педагогқа бәрін басынан бастаудың қажеті жоқ болады.
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру
мақсатында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналар үшін тақырыптық лекторийлерді өткізу ұсынылады. Мысалы, олар: «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда ата-ананың рөлі», «Отбасындағы өзара қарым-қатынас және баланың адамгершілік тәрбиесі», «үйде оқытылатын баланы оқыту мен тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі», «Баланың тілін дамыту және бос уақытын ұйымдастыру»,
«Бала өмірінің қауіпсіздік негіздері» және т.с.с.



    1. Үйде оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері

Ғалымдар, әлеуметтік педагогтар, балалар психологы, балаларды үйде оқытатын пән мұғалімдері баланың ұзақ уақыт бойы үйде оқытылуы оның қоғамнан шеттетілуіне, депривациясына, баланың патологиялық тұйықталуына, басқа адамдармен сөйлесуден қашу мен қорқуға алып келеді деп пайымдайды [10,11].


Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру оларда тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтармен, ондай қарым- қатынастың аз нәтижелілігімен, сәйкес емес өзін өзі бағалаумен байланысты үнемі табысты болмайды. Егер бала үйде оқытылатын болса, құрдастар ортасынан айырылған балада әлеуметтік маңызды білім, іскерлік, қасиеттерді игеру үшін қолайлы жағдайлар азырақ болады. Үйде оқытылатын балалармен жұмыс жасайтын жалпы білім беру мектебінің мұғалім педагогтарының айтуы бойынша «… біз үйде оқыту формасындағы мүгедек балаларда танымдық қажеттілік қаншалықты жоғары, олар үшін кейде, аптасына бір рет болса да сынып, сабақ жағдайында болу қаншалықты маңызды екенін, оны қаншалықты бағалайтынын көреміз. Алдында балаларға деген қызығушылығы бар ересек адам болып, басқа балалармен оқу жағдайының өзінде үлкен терапиялық әлеует бар ...» [10]. Үйде оқитын балалардың ата-аналары да педагогтардың пікіріне қосылып отыр. Олар сабақтарды тек қана үйде өткізген жағдайда, балаларда әлеуметтік мүгедектікті қоздыру сияқты кері салдары болады деп алаңдаушылық білдіруде. Ата-аналардың айтуынша «мектеп бізге бәрін береді: сөйлесу дағдыларын, тәртіп, ереже, міндеттер нормаларын және т.с.с. Біз үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналары кейде болса да мектепке баруға рұқсат беруін сұраймыз!!!». Р. Валленберг атындағы арнайы педагогика мен психология институты (Санкт-Петербург) ғалымдарының сал ауруы бар балалар мен жасөспірімдерді үйде қашықтықтан оқытуда өзіне және
айналадағыларға қарым-қатынасын зерттеу қоршаған адамдармен қажетті және жеткілікті мөлшерде қарым-қатынасқа түскен балаларда мектепке және сыныпқа жағымды көзқарасы басым болатынын көрсетті. 4-кестеде «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша эмпирикалық зерттеудің нәтижелері берілген [11]:



    1. кесте. Пікірдің мысалдары.Негізгі (НТ 1) және бақылау (БТ 1) топтарындағы бастауыш мектеп жасындағы балалардың «Құрдастарға қарым-қатынас» және «Мұғалімдер мен мектепке қарым-қатынас» шкаласы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет