едагог-
психолог
оқушылардың психологиялық және әлеуметтік қолайлы жағдайды
сақтауға бағытталған әрекетті іске асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда
психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Педагогикалық ұжымның,
сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының бағдары
мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, білім
алушылардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-
педагогикалық қорытындылар жасайды. Оқушылардың даму дәрежесін
анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму бұзушылықтарын
диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарын
жүргізеді.
26
Мектептегі педагог-психологтың негізгі міндеттері мұғалімдерге, сынып
жетекшілерге, мектеп әкімшілігіне үйде оқытылатын бала мінез-құлқының
қандай да бір ерекшеліктерін, оның себептерін түсіндіру; баламен өзара
әрекеттесудің белгілі бір тәсілдерін таңдауда көмек көрсету; баланың қоғамда
бейімделу динамикасын қадағалау; балада және оның ата-анасындағы, сондай-
ақ мұғалім мен сынып оқушыларындағы қандай да бір қиындықтарды ерте
анықтау болып табылады. Педагог-психолог мектептің психологиялық-
педагогикалық консилиум мамандарымен бірігіп өзінің психологиялық
зерттеулерінің негізінде:
−
бала дамуының белсенді деңгейін, жақын даму аймағын анықтайды;
−
ерік-жігер саласының ерекшеліктерін, балалардың тұлғалық
ерекшеліктерін, құрдастарымен, ата-аналармен және басқа да ересектермен
өзара әрекеттесу сипатын анықтай ды;
−
баламен түзете-дамыту жұмысының бағытын, сипатын және мерзімін
айқындайды;
−
бала оқытылатын микроортаны ізгілендіру міндеттерін қояды және
шешеді;
−
мұғалімге және басқа мамандарға үйде оқытылатын баланың ата-
анасымен, сондай-ақ сыныптың басқа да білім алушыларының ата-аналарымен
сындарлы өзара әрекеттестікті орнатуға көмек көрсетеді;
−
мұғалімдер мен педагогтардың, басқа да мамандардың, сондай-ақ ата-
аналардың психологиялық біліктілігін арттыруға ықпал етеді;
−
мұғалімдер мен педагогтарға, оқушылардың ата-аналарына және т.с.с.
консультация береді.
Біліктілік талаптары бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогы білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің
жеке
психологиялық-медициналық-педагогикалық
ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын
зерделейді, мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды,
тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау
көрсетеді.
Әлеуметтік педагог мектептегі кез келген баланың, оның ішінде үйде
оқытылатын білім алушылардың құқықтарын сақтауды қадағалауды жүзеге
асырады, білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен әкімшілік органдар,
ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім
беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Тұлғаның қоғамдағы өмірге
бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен
жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы,
тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін
жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды,
мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек
балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша
тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын
27
үйлестіреді.Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың талантын, ойлау және
дене мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды.
Әлеуметтік педагог әрекетінің маңызды саласы – ерекше білім беруге
қажеттілігі бар баланың ата-анасына мектеп қауымдастығында, басқа ата-
аналар ортасында бейімделуге көмек беру.
Сондай-ақ әлеуметтік педагог үй және отбасы жағдайында қолайлы және
кедергісіз орта жасауда, бала туралы керек ақпаратты іздеуде мұғалімдерге,
мектептің басқа мамандарына көмек бере алады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептер
тәжірибесі білім беру ұйымында мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед секілді
Достарыңызбен бөлісу: |