4
ерекшеленетін оқытудың бұл процесінде берілген ұсынымдарда айқындалатын
едәуір күрделі өзгешеліктер бар.
Әдістемелік ұсынымдарда негізгі ұғымдарды бір мәнде талқылау үшін
денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру салаларындағы
заңнамалық-нормативтік актілермен сәйкес келетін терминологиялық аппарат
қолданылды:
мүмкіндігі шектеулі бала (балалар)
-
бұл белгіленген тәртіпте тұқым
қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болған
жарақатына байланысты
өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және (немесе) дене
дамуында ауытқушылығы бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар);
мүгедек бала
-
тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк
қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға,
жарақаттарға,
контузияларға), олардың
зардаптарына,
кемiстiктерге
байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған
он сегiз жасқа дейінгі адам;
даму мүмкіндігі шектеулі балалар:
есту қабілеті бұзылған (естімейтін,
нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар); көру қабілеті бұзылған (көрмейтін,
нашар көретін, кейіннен көрмей қалған); тірек-қозғалыс аппараты бұзылған;
сөйлеу тілі бұзылған; ақыл-ой кемістігі бар;
психикалық дамуы тежелген;
эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған; күрделi бұзылыстары
бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балалар;
ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар)
-
денсаулығына
байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы,
жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру
бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
дене кемiстiгi
–
ағза мүшесінің (мүшелері) дамуының және (немесе)
жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық
түзеу арқылы қолдауды қажет ететін созылмалы бұзылуы;
психикалық кемiстiк
-
адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс
iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде:
сенсорлық
бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан
бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары,
соның iшiнде ақыл-ой кемістігі; психикалық дамуының тежелуi және осыған
байланысты оқып-үйренудегі өзiндік қиындықтар;
медициналық-әлеуметтiк сараптама
-
организм функциясының тұрақты
бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде
куәландырылатын адамның әлеуметтiк
қорғау шараларына деген
қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;
психологиялық тексеру
–
мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық
жағдайының ерекшелiктерi мен психикалық дамуындағы әлеуеттiк
мүмкіндіктерін анықтау;
педагогикалық тексеру
–
тиiстi жастағы балаларға арналған жас
нормативтерiн ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму
5
ерекшелiктерiн және олардың ойын ойнауға, бiлiм алу мен қарым-қатынас
жасауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;
білім беру бағдарламасы
–
оқытудың мақсатын, нәтижелері мен
мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру
тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын
білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
арнайы білім беру бағдарламалары
–
мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытуға арналған бағдарламалар;
оқу бағдарламасы
–
әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті
білімнің,
шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін
айқындайтын бағдарлама;
оқу жоспары
–
тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу
пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу
қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және
бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;