7
әдебиеттер мен басылымдарда үйде оқытудың болашағы мен мәселелерін
белсенді талқылау;
−
1917 жылдан 1962 жылға дейін балаларды үйде
оқыту тәжірибесін
тоқтату;
−
1962 жылдан бастап үйде білім беруді науқас балалар мен мүгедек
балаларды мемлекеттік оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау [5].
«Үйде оқыту» түсінігінің заманауи ұлттық білім беру жүйелерінің
талаптарына сәйкес келетін және инклюзивті білім беру қағидаларына қарсы
келмейтін кеңірек ашатын анықтамасы 2002 жылғы ТМД қатысушы-елдердің
Парламентаралық Ассамблеясында қабылданған «Денсаулық мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларға білім беру (арнайы білім беру) туралы» Үлгілік заңында
берілген. Үлгілік заңға сәйкес «... үйде оқыту – денсаулық жағдайына
байланысты уақытша немесе тұрақты түрде
білім беру мекемесіне бара
алмайтын жағдайда сәйкес білім беру ұйымының педагогикалық
қызметкерлері, оның ішінде қашықтан оқыту құралдарын қолдану арқылы үйде
оқыту іске асырылатын тұлғаның жалпы білім беретін және кәсіптік білім беру
бағдарламаларын меңгеруі».
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы бойынша жеке
адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру
бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу
жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат
және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін
қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, түсініктің мәнін анықтауда
көптеген зерттеушілер мен
практиктер үйде оқыту – бұл білім беру немесе оқыту формасы емес, ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесін ұйымдастыру
жағдайлары деген пікірді ұстанады [6].
Достарыңызбен бөлісу: