Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам



Pdf көрінісі
бет52/132
Дата14.09.2023
өлшемі2,02 Mb.
#107683
түріМетодические рекомендации
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   132
Байланысты:
үйде оқыту әдістемелік нұсқаулық 2017

Х Бөлім. Табиғи бірлестіктер 

33 
Биологиялық жүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктері (биоценоз 

фитоценоз) туралы түсінік. Биожүйе ретінде өсімдіктердің табиғи 
бірлестіктерінің сипаттамасы 

34 
Өсімдіктердің табиғи бірлестіктерде бірге тіршілік етуге бейімділіктері. 
Биогеоценоз туралы түсінік. Экожүйелер туралы түсінік 
Денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру ұйымдарына бара 
алмайтын білім алушылар үшін: 
1.
Биологиядан қарастырылатын әрбір бөлім, тақырып білім алушының 
тірі табиғаттың заңдылықтары туралы логикалық ойлауын дамытуға ықпал етуі 
қажет.
2.
Білім аушының оқудағы өздігінен ізденуін қалыптастыруда 
биологиялық ақпараттар көздерімен жұмыс істеу мен талдай білуге баулудың 
маңызы зор.
3.
Білім аушының тәжірибелік дағдылары мен білім деңгейін арттыру 
үшін бағдарламаға типтік оқу бағдарламасында қарастырылған, аралас сабақ 
кезеңдері болып табылатын, кейбір зертханалық және тәжірибелік жұмыстар 
енгізілген. 
4.
Үйде оқыту жағдайында қажетті құрал-жабдықтары пайдалану мүмкін 
болмаған жағдайда, зертханалық жұмыстарды көрсетілімдермен немесе 
электрондық нұсқамен алмастыруға болады. 
«Химия» оқу пәнін оқытудың мақсатықоршаған әлем туралы химиялық 
білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін 
қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, 
функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз 
денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік 
қарым-қатынасты тәрбиелеу болып табылады. Оқыту міндеттері: 
1) 
әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді 
меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, 
болжау) қолдану; 
2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы 
себеп-салдарлы байланыстарды анықтау; 


86 
3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, 
заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру; 
4) заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру; 
5) 
заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың 
қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау 
барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық 
тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту; 
6) өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді 
пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру; 
7) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация 
мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері 
мен дағдыларын дамыту;. 
«Химия» оқу пәнінен: 
8-
сыныпта - 0,5 сағат апталық жүктеме берілген жағдайда (оқу жылында 
17 сағат); 
9-
сыныпта - 0,5 сағат апталық жүктеме берілген жағдайда (оқу жылында 
17 сағат). Пәннің базалық білім мазмұнын қамтуды ұйымдастыру жолы үлгі 
ретінде 3-кестеде көрсетілген. 
30-
кесте.
8-
сыныпқа арналған «Химия» оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық 
жоспары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет