Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам


Журнал успеваемости для индивидуального бесплатного



Pdf көрінісі
бет10/132
Дата14.09.2023
өлшемі2,02 Mb.
#107683
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132
Журнал успеваемости для индивидуального бесплатного 
обучения на дому 
Журнал успеваемости для обучения на домурассмотрен и 
обсужден на методическом совете школы. С учетом внесенных 
изменений, решением методсовета № ____от «___» _______
______г. рекомендовано внедрение данной документации с 
__________ учебного года. 


24 
1.4 Үйде білім беру процесіне қатысушылардың қызметі мен міндеттері
Баланы үйде оқытуды ұйымдастыру мектеп педагогтары мен оқушы ата-
анасының (немесе заңды өкілдердің) қатысуын ғана емес, сонымен қоса 
территориялық ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, 
арнайы білім беру ұйымдарының, әлеуметтік қорғау органдарының және сол 
сияқты басқа да білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуын талап ететін 
күрделі және көп еңбекті процесс. Дегенмен, жалпы білім беру 
бағдарламасымен баланы үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыс 
білім беру ұйымымен, оның ішінде бала тіркелген жалпы білім беру мектебімен 
жүзеге асырылады.
Жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала 
оқығаннан бастап мектеп басшыларының, мамандары мен педагогтарының 
арнайы білім беру саласында, соның ішінде балаларды үйде оқыту бойынша 
қосымша кәсіптік құзыреттерді игеруі міндетті болып табылады.
Мектеп басшылығы мен мамандардың (болған жағдайда педагог - 
психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагогтар) ойластырылған өзара 
әрекеттестігі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқуы мен 
дамуындағы қиындықтарды еңсеруде бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мен іске 
асыруға, олардың отбасына, сондай-ақ үйде оқытылатын білім алушылармен 
жұмыс істейтін мұғалімге көмекті ұйымдастыруға бағытталады. Осындай 
жағдайда команда мүшелерінің өзара әрекеттестігінің негізгі ережелері өзара 
сыйластық, команданың барлық мүшелерінің өзара көмекке дайын болуы
нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қызметтерді анық бөлу, түзету және 
білім беру процесінде барлық команда мүшелерінің тең дәрежеде қатысуы, 
өзінің және ортақ жұмыстың нәтижесіне жауапкешілік болып табылады.
Тәжірибеде үйде оқыту бойынша оқу-тәрбие жұмысын үйлестіру үшін 
білім беру ұйымымен жергілікті актілер, мысалы, «Үйде жеке тегін оқытуды 
ұйымдастыру туралы Ереже» (бұдан әрі - Ереже) әзірленеді. Ереже үйде оқыту 
процесін ұйымдастыру тәртібін, процесс қатысушыларының қызметтері мен 
міндеттерін және оқыту үшін басқа да жағдайларды анықтайды.
Үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру процесіне 
мектептің психологиялық-педагогикалық консилиумның, балаларды үйде 
оқытатын мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің қатысуын қарастырады.
Мұғалім тұлғасы, оның адамгершілік қасиеттері және оқушыға қарым-
қатынасы баланың табысты бейімделуі мен оқуының негізгі факторы болып 
табылатыны белгілі.
Мұғалім 
оқушы үшін жақын адам мәртебесіне ие болады. Себебі, кейде 
ата-ана мен туыстарға қарағанда артық көретін тұлға болып табылады. 
«Оқушы-мұғалім» жүйесі бала өмірінде басымдыққа ие болады. Тұлғаны 
дамытудағы оның мәні мұғалім өз әрекетінде қоғамның талаптарын іске 
асыратындықтан балаларды «бала - қоғам» қарым-қатынасын шынайы түрде 
қосады. Сабақ өткізу кезінде жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру өте 
маңызды. Ол үшін баланың қуаныштары мен өкініштеріне ортақтасып, сеніміне 
ие болу керек.


25 
Мұғалім әрекетінің негізгі нәтижесі, ең алдымен, табысты жағдайды 
жасау және оны бекіту, оқушыда жағымды өзін өзі бағалауын қалыптастыру. 
Себебі, тіпті бір рет қана сезілген қуаныш, жетістікке жету сезімі бала өмірінің 
ырғағы мен салтын өзгертіп, оны мән-мағынаға толтыруы мүмкін.
Үйде жеке оқыту мұғалімі өз оқушысын мектептегі іс-шараларға 
қатыстырып, мерекелерге алып барады. Балалар қалауы бойынша және ата-
анасының келісімімен қызығушылығына байланысты қосымша сабақтарға
арнайы емдік-сауықтыру сабақтарына, мектеп оқушылары шығармашылық 
жұмыстарының көрмелері мен сайыстарына қатыса алады.
Баланы бірінші рет үйде оқыта бастаған мұғалім-педагогтар ұзақ уақыт 
бойы көзге көрінерлік нәтиже ала алмағандықтан еңсесі түседі. Алайда бұндай 
балаға ерекше мұқият қарап, төзімді болған жөн. Баланың оқуға деген аз болса 
да ынтасын мадақтап, мақтау үшін кез келген болмашы себептерді жібермей, 
оқуға деген қызығушылығымен қоса, бұдан да жақсы жасауға ұмтылысын 
ынталандыру қажет. Тапсырмаға жағымды қарым-қатынастың бір түйірін де 
көзден таса қылмай, баланың аз, елеусіз болса да жетістіктерін атап, жағымды 
бағалаған дұрыс [7].
Тәжірибе көрсеткендей, шешімі баланы үйде оқытатын мұғалім-
педагогтан тәрбиелеу мен оқытудың ерекше әдістерін, оның ішінде мүмкіндігі 
шектеулі балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық білімдері, 
іскерліктер мен дағдыларын меңгеру және белгілі бір дайындық деңгейін талап 
ететін міндеттер туындайды.
Жалпы білім беру бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқытатын 
мұғалімдерді оқу жоспарына кіретін пәндерден сағат сандары да 
толғандыратын мәселе. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үйде 
оқытылатын бала колледж, тіпті ЖОО-ға түсу керек болса, бірақ ата-анасының 
репетитор жалдауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оған білім алуды 
жалғастыру бойынша жоспарларын жүзеге асыру қиын болады. Мұғалімдер 
ҮОЖ-да пәндер бойынша бөлінген сағаттар кәсіптік оқу мекемелеріне түсуге 
дайындық үшін жеткіліксіз болады деп есептейді [8].
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары 
қызметкерлерінің үлгі штаттары» барлық орта білім беру ұйымдарында 
педагог-психолог лауазымын қарастырады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы п


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет