Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому


Көру қабілеті бұзылған балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері



бет8/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Көру қабілеті бұзылған балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Көормейтін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері

Бұл санаттағы балалардың көру өткірлігі көзілдірікпен түзете отырып жақсы көретін көзде 0 (0%) мен 0,04 (4%) аралығында болады. Сондай-ақ, көру өткірлігі жоғары (1-ге дейін, яғни 100%) бірақ көру аумағы 10-15 градусқа дейін немесе көру нүктесіне дейін шектеулі балалар жатады. Бұндай балалар көруді танымдық және бағдарлық әрекетте шектеулі қолдана алатындықтан олар көрмейтіндер қатарына жатқызылады. Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды [11].

Көру қабілетінің бұзылысы сезіну, қабылдау, елестету және т.с.с. бірқатар психикалық процестердің дамуына кері әсер ететін екінші қызметтік ауытқуларды тудырады (көру аумағын тарылту, көру өткірлігін төмендету және т.б.).

Қалыпты көретін баланың іс-әрекеті айналадағылардың әрекетіне еліктеуге сүйенеді. Ал көрмейтін бала арнайы ұйымдастырылған оқытусыз өздігінен бағытталған әрекетті қоршаған заттар мен олардың әрекетін мүлдем немесетолық елестете алмау, бұрмалап елестету салдарынан меңгеруге қабілетті емес.

Көру қабілетінің бұзылысы тұлғаның жеке құрылымдық компоненттеріне әсер ететіні сөзсіз. Олардың орнын толтыру психиканы қайта құру және жаңа өмірлік жағдайларға бейімделу процесі ретінде қарастырылады.

Көрмейтін және нашар көретін балалардың ойын, танымдық және басқа әрекет түрлерінде түзету мен орнын толтыру педагогикалық және психологиялық ықпал етудің әдістері мен тәсілдері, формаларының жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды білу тек жеке мамандарға қажетті шарт емес, сондай-ақ бұл санаттағы балалармен жұмыс істейтін барлық адамдардың білгені дұрыс. Сезімдік тәжірибедегі кемшіліктердің орнын толтыру тек сақталған сезім мүшелерін белсенді іске қосқан жағда ғана мүмкін.

Көру сезімі мен қабылдауының толық немесе жартылай түсіп қалуына байланысты сыртқы әсерлердің қысқаруы зейіннің дамуына кедергі жасайды, қабылдауда тікелей қызығушылықты туғызатын объектілер аумағының қысқарады. Бұл зейіннің көлемін, тұрақтылығын және басқа қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, есту қоздырғыштарының бірсарындылығы көрмейтін балаларды шаршатады және алаңғасарлыққа әкеледі. Зейін белгілі бір психикалық процесспен, қандай да бір талдағыштың қызметімен байланысты емес және іс-әрекетте қалыптастырылады.

Көрмейтіндер үшін қолжетімді сезімдік ақпаратпен сүйемелденген сөз арқылы түсіндіру негізінде олар көптеген заттар мен құбылыстар туралы түсінік қалыптастыра алады.

Сөйлеудің компенсаторлық қызметі көрмейтіндердің барлық психикалық әрекетінде көрінеді: қабылдау процесінде (сөз оны бағдарлап нақтылайды), бейнелер мен түсініктерді қалыптастыруда, түсініктерді меңгеруде және т.с.с. көрмейтін баланың тұлғасын қалыптастыруда сөйлеу тілі өте маңызды орын алады. Сөйлеу тілі арқылы көрмейтін балалар қоршаған адамдармен әрекеттеседі, қоғамда бағдарланады [11].

Көрмейтіндердің сөйлеу тілін ата-аналар, педагогтер мен мамандар тарапынан дұрыс қалыптастыруға әсер болса, қалыпты деңгейге дейін дамып, әртүрлі әрекет түрлеріне қатсу мүмкіндіктерін кеңейтетін орын толтырушы күшті құрал бола алады. Сөздік қорды дамыту қолданылатын және түсінетін сөздер қатарын арттыру және сөздікті мағыналық дамыту арқылы, яғни, атауын білдіретін сөздер мен заттар сәйкестігі, нақты зат пен сөздің мағынасын жалпылау процесі жүргізіледі.

Көрмейтін және нашар көретін балалармен уақытында және тұрақты түзету жұмысы жүргізілсе, оларға қоршаған ортада қажетті бағдарлауды қамтамасыз ететін қажетті түсініктер қоры қалыптасады.

Әлеуметтік қарым-қатынастардың бұзылуы көрмейтін бала тұлғасының қалыптасуында ауытқуларға алып келеді және жағымсыз мінез-құлық ерекшеліктерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру қиындығымен байланысты олардағы өзгерістер динамикасы, сезімдік көріністің шектелуіне байланысты қызығушылықтар қатарының азаюы, көру арқылы қадағалауды талап ететін әрекет түрлеріне қабілетінің төмендеуі, ішкі жағдайлардың сыртқы көрінісінің болмауы немесе бірден шектелуі жатады.

Әрине, көру қабілетінің бұзылысы тұлғаның негізгі қасиеттерінің дамуына қосалқы әсер етеді, ал негізгі рөл әлеуметтік факторларға (әрекеттің шектелуі, қалыпты көретіндермен сөйлесудің жағымсыз тәжірибесі және т.с.с.) тиесілі.

Арнайы білім беру жағдайларын жасау архитектуралық орта (оқудан тыс және оқу кеңістігі) мен арнайы құрал-жабдықтардан тұратын материалды-техникалық базаны құрудан басталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет