Методические рекомендации по составлению дифференцированных заданий сор и соч по учебным



Pdf көрінісі
бет3/257
Дата10.02.2022
өлшемі9,31 Mb.
#25207
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   257

ИНКЛЮЗИЯ 
ЖАҒДАЙЫНДА 
БАСТАУЫШ 
СЫНЫП 
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ОҚУ 
ЖЕТІСТІКТЕРІН 
БАҒАЛАУ 
ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ 
 
«Барлығына  арналған  білім»  парадигмасының  құрамдас  бөлігі  болып 
табылатын  инклюзивті  білім  беру  барлық  балалардың  жалпы  білім  беретін 
мектепке  баруына  және  олардың  зияткерлік  немесе  физикалық  қабілетіне, 
мәдени,  әлеуметтік,  этникалық,  нәсілдік,  діни  қатыстылығына  қарамастан 
құрдастарымен  бірге  оқытуға  мүмкіндік  теңдігін  көздейтін  тұғыр  болып 
табылады. 
Демек,  инклюзивті  білім  беру  барлық  оқушылардың  білім  алуының 
әртүрлі қажеттіліктерін адекватты түрде қанағаттандырудан тұратын білім беру 
ұйымының миссиясын кеңейтуді көздейді. 
Инклюзивті білім беру ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға 
қатысты 
кемсітушіліктің 
алдын 
алуға 
көмектеседі, 
олардың 
өз 
қоғамдастықтары  мен  жалпы  қоғамның  тең  құқылы  мүшесі  болу  құқығын 
қолдайды. 
Инклюзивті  білім  беру  барлық  балаларға  бағытталған  және  барлық  
балалар  –  оқытуда  түрлі  қажеттіліктері  бар  индивидуумдар  екенін 
мойындайтын  әдістеме  арқылы  жүзеге  асырылады.  Инклюзивті  білім  беру 
әртүрлі 
білім 
беру 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға 
бағытталған 
педагогикалық  жүйені  неғұрлым  икемді  етуге  мүмкіндік  беретін  оқыту 
нысандары мен әдістерін іске асыруды көздейді. 
Инклюзивті  білім  беру  барлық  балалардың  әртүрлі  қажеттіліктеріне 
бейімделуі  тұрғысынан  білімге  қолжетімділігін  білдіреді.  Қазіргі  кезеңде 
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың құқықтарын жүзеге асыруда 
балалар  тәрбиеленетін  және  оқитын  білім  беру  ұйымдарының  ата-аналарына 
(заңды  өкілдеріне)  таңдау  құқығын  беру  ғана  емес,  білім  беру  жүйесінің 
осындай  білім  алушыларды  қабылдауға  дайындығы  тұрғысынан  объективті 
мәселелер  мен  артықшылықтарды  түсіндіру  және  жеке  мүмкіндіктерге  сәйкес 
олардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау болып табылады. 
Инклюзия  гетерогенді  топ  үшін  бірыңғай  білім  беру  кеңістігінің 
идеяларына  негізделеді.  Баланың  жеке  білім  алу  қажеттіліктерінің  ескерілуі, 
балаға  бағытталған  жалпы  педагогика  мен  психология  ұстанымынан 
туындайды. 
Инклюзивті  тұғыр  –  ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  білім 
алушылардың  жалпы  білім  беретін  мектепте  білім  берудегі  қиындықтарға 
бейімделуі емес, бүкіл мектепті реформалау және осындай білім алушылардың 
ерекше  білім  беру  қажеттіліктерін  ескеру  үшін  оқытудың  өзге  де 
педагогикалық тұғырларын іздеу болып табылады [3]. 
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі маңызды компонент – мұғалім, өйткені 
оның  жауапкершілігінде  ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  білім 
алушының  белгіленген  білім  траекториясын  қадағалауы  болады.  Бұл 
траекторияны  мұғалім  оқу  процесінде  білім  алушыда  пайда  болатын 



 
табыстардан  немесе  қиындықтардан  түзете  алады.  Ерекше  білім  берілуіне 
қажеттілігі  бар  баланы  оқыту  процесін  іске  асыру  үшін  оқушы  мен  педагог 
арасындағы қарым-қатынас жақсы, көңіл күй жағымды және сенім болуы тиіс. 
Бұл сондай-ақ мұғалім рөлінің маңыздылығын анықтайды. 
Инклюзия  әрбір  адамға  білім  алуға,  оның  дәстүрлі  мектеп  жүйесінің 
өлшемдеріне  сәйкестігі  дәрежесіне  қарамастан  құқық  береді.  Олардың 
әрқайсысының  даралығын  құрметтеу  және  қабылдау  арқылы  жеке  тұлға 
қалыптасады.  Сонымен  қатар  балалар  ұжымда  болып,  бір-бірімен  өзара  
қарым-қатынас  жасауға,  мұғаліммен  бірге  білім  беру  мәселелерін 
шығармашылықпен шешуге үйренеді. 
Бастауыш  мектеп  бала  өміріндегі  психологиялық  дамудың  барлық 
логикасының  қайта  құрылуымен,  жетекші  қызметтің  ойыннан  оқуға 
ауысуымен,  жаңа  әлеуметтік  рөл  –  білім  алушы  статусын  иеленумен 
байланысты  маңызды  кезең  болып  табылады.  Кіші  мектеп  жасының  өз 
ерекшеліктері  бар.  Дж.  Брунердің  пікірінше,  мектепте  оқу  басталғаннан  кейін 
бала  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  тән  әрекеттерді  ғана  жасамайды, 
нақты операциялар сатысына түседі. Операция – бұл ерекше түрдегі іс-әрекет, 
ол сыртқы әлем заттарын манипуляциялау арқылы немесе біздің санамыздағы 
заттар  мен  олардың  арасындағы  қарым-қатынасты  білдіретін  символдармен 
операциялар есебінен жанама түрде орындалады. Басқаша айтқанда, операция – 
бұл нақты әлем туралы деректер санаға енгізіліп, онда осы міндетті шешу үшін 
қолайлы формаға айналатын тәсіл. Операция қарапайым әрекеттен екі белгімен 
ерекшеленеді: ол интериоризацияланған (бала сынамалар мен қателер жолымен 
емес, тапсырманы ойша шеше алады) және қайтымды (операция әрекеті кейбір 
кері операцияны қолданумен жоққа шығарылуы мүмкін) [4, 195 б.]. 
Бірінші  сынып  білім  алушылары  арасында  маңызды  жеке-психологиялық 
ерекшеліктердің  болуын  атап  өту  қажет.  Ю.3.  Гильбухтың  мәліметтері 
бойынша,  бірінші  сынып  білім  алушыларының  оқу  қабілеттеріндегі  жеке 
айырмашылықтардың  орташа  диапазоны  (зейінділік,  есте  сақтау,  ойлау,  қиял, 
сөйлеу)  1:15  арақатынасымен  сипаттауға  болады.  Бұл  дегеніміз,  егер 
сыныптағы ең әлсіз білім алушының бір бірлікті қабылдау қабілеті болса, онда 
ең  мықтылардың  қабілеті  15  бірлікті  құрайды,  ол  15  есе  жоғары  болады.  Бұл 
жағдайда қабілеттер көрсеткіштері әртүрлі болуы мүмкін: оның мазмұнын есте 
сақтау үшін қажет қысқа мәтінді қайта қабылдау саны; математикалық есепті өз 
бетінше шешу кезінде жұмсалған уақыт саны және т.б. 
Бала  мектепке  келіп  түскен  сәттен  бастап  оқыту  ол  үшін  
жетекші  іс-әрекетке  айналады,  біріншіден,  оқу  қызметі  арқылы  баланың 
қоғаммен  негізгі  қарым-қатынасы  жүзеге  асырылады,  екіншіден,  оқу 
қызметінде  мектеп  жасындағы  баланың  өзіне  тән  негізгі  қасиеттерін,  
сондай-ақ  жекелеген  психикалық  процестерді  қалыптастыру  жүзеге 
асырылады.  Оқу  қызметі  мақсатты  және  жүйелі  түрде  сыртқы  талаптармен 
реттеледі  және  регламенттеледі,  оны  осы  қызметтің  жетекшісі  болып 
табылатын мұғалім ұйымдастырады. Көптеген ғалымдардың айтуынша, оқу іс-



 
әрекеті – білім, білік және дағдыны игеретін қызмет ғана емес, сонымен қатар 
білім алушыларға тәрбиелік және дамытушылық әсер ететін қызмет [4, 196 б.]. 
Л.С.  Выготскийге  сүйенетін  болсақ,  баланың  психикалық  дамуы  тарихи 
қалыптасқан  қызмет  түрлері  мен  тәсілдерін  иемдену  арқылы  жүзеге 
асырылады. Психикалық дамудың қозғаушы күші – оқыту. Бұл жерде даму мен 
оқытудың  екі  түрлі  процесс  екендігі  белгіленеді.  Даму  процесі  өзіндік 
қозғалыстың ішкі заңдылықтарына ие. Оқыту баланың даму процесінде қажетті 
кезең  болып  табылады.  Оқыту  дамытумен  теңбе-тең  емес:  ол  жақын  даму 
аймағын  құрады,  яғни  баланы  өмірге  шақырады,  алдымен  бала  үшін 
ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас құруда ғана мүмкін болатын 
дамудың ішкі процестерін оятады және қозғалысқа келтіреді.  
«Жақын  даму  аймағы»  –  жоғары  психикалық  функциялардың  қалыптасу 
заңдылығының  логикалық  салдары.  Психикалық  процесс  бірлескен  қызметте 
қалыптасқанда,  ол  жақын  даму  аймағында  болады;  қалыптасқаннан  кейін  ол 
субъектінің өзекті дамуының нысанына айналады [4, 159 б.]. 
Жақын  даму  аймағы  ұғымы  шешуші  теориялық  мәнге  ие  және  жоғары 
психикалық  процестердің  пайда  болуы  мен  дамуы,  психикалық  дамудың 
қозғаушы  күштері  мен  тетіктері  секілді  балалар  психологиясы  мен 
педагогикалық  психологияның  іргелі  проблемаларымен  байланысты.  Бұл 
ұғымның  оқытудың  оңтайлы  мерзімдері  туралы  мәселені  шешу  үшін  үлкен 
практикалық маңызы бар, бұл әсіресе балалар үшін де, әрбір жеке бала үшін де 
маңызды.  Жақын  даму  аймағы  –  ақыл-ой  дамуын  диагностикалаудағы 
критерий. Әлі толық жетілмеген, бірақ жетіліп келе жатқан процестердің аясын 
көрсете  отырып,  ол  баланың  ішкі  жағдайы,  әлеуетті  мүмкіндіктері  туралы 
түсінік  береді  және  осы  негізде  ғылыми  негізделген  болжам  жасауға  және 
практикалық ұсыныстар беруге мүмкіндік береді. 
«Оқыту  және  дамыту»  мәселесі  Л.С.  Выготский  мен  оның  ізбасарлары 
үшін  көп  жылдар  бойы  басты  зерттеу  объектісі  болды.  Л.С.  Выготскийдің 
негізгі  идеясы  –  оқыту  мен  дамыту  бірлікте  екендігіне  негізделеді,  мұндайда 
оқыту дамудан озып, оны ынталандырады және сонымен бірге өзі өзекті дамуға 
сүйенеді. 
Демек,  оқыту  «бала  дамуының  кешегі  күніне  емес,  ертеңгі  күніне 
бағдарланады».  Бұл  ереже  барлық  оқытуды  ұйымдастыру  үшін,  тұтастай 
педагогика үшін міндетті болып табылады [4, 160 с.] 
Сондай-ақ  Л.С.  Выготский  баланың  дамуы  ішкі  сипатқа  ие  екендігін,  ол 
жетілу  мен  оқыту  ықпалы  бірігетін  бірыңғай  процесс  екенін  атап  өтті.  
Л.С. Выготскийдің, сондай-ақ Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың зерттеулері 
баланы  әлемге  белсенді  араласуының  барлық  төрт  негізін  бейнелейтін 
дамытушы оқытудың тұтас тұжырымдамасының психологиялық негізін құрды: 
табиғат  әлеміне,  жалпыадамзаттық  мәдениет  әлеміне,  басқа  да  маңыздылар 
әлеміне ену, сондай-ақ баланың өзіндік санасының дамуы. 
Дамыта  оқыту  практикасының  әдіснамалық  негіздері  Л.С.  Выготский 
ұсынған келесі іргелі ережелер болып табылады: 
- психикалық дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік; 



 
-  «жақын  даму  аймағы»  және  «жас  ерекшелігіне  байланысты  жаңа 
туындылар»; 
-  дамудың  дағдарыстық  кезеңдері  мен  даму  барысының  біркелкі  еместігі 
туралы ереже; 
- интериоризация механизмі ұғымы
- дамудың әлеуметтік жағдайы туралы ереже
- оқу-жаттығудың іс-әрекеттік сипаты туралы түсінік; 
- психика дамуының жанамалылығы концепциясы;  
-  сананың  жүйелі-мағыналық  құрылымы  және  дамуы  туралы  ереже. 
Адамның  психикалық дамуының қозғаушы  күші  деп авторлар  оның білімінің, 
дағдыларының,  қабілеттерінің,  мотивтер  жүйесі  мен  оның  қоршаған  ортамен 
байланыс  типтері  дамуының  қол  жеткізілген  деңгейі  арасындағы  қарама-
қайшылықты атайды. 
Жақын даму аймағы ұғымы оқыту процесінде тұлғаның даму тәсілін және 
мәдениеттің  қалыптасатын  әсерлеріне  сезімтал  баланың  ішкі  өмір  сүру 
кеңістігін  бейнелейді.  Бұл  ретте  психикалық  дамудың  өзі  тұлғаның 
прогрессивті  сапалы  өзгеруі  ретінде  түсіндіріледі,  оның  барысында  әртүрлі 
динамикамен жаңа ерекшеліктер қалыптасады. 
Даму  баяу,  бірқалыпты  немесе  қарқынды  жүзеге  асуы  мүмкін.  
Л.С.  Выготскийдің  анықтауы  бойынша,  ол  революциялық,  кейде  апатты 
сипатқа ие болуы мүмкін. Күрт өзгерістер, қайшылықтардың өршуі, дамудағы 
бетбұрыстар  өткір  дағдарыс  формасын  иеленуі  мүмкін.  Баланың  мәдениет 
тәжірибесін  иемдену  тәсілі  Л.С.  Выготский  бойынша  интериоризация 
механизмі негізінде көрінеді.  
Л.С.  Выготский  оқу  процесіне  дамудың  әлеуметтік  жағдайы  секілді 
маңызды түсінік енгізді. Ол бала қарым-қатынасының және әлеуметтік ортаның 
кейбір  жүйесін  білдіреді,  ол  негізгі  жаңа  түзілімдерге  байланысты  оның 
орталық  сызығының  мазмұнын,  даму  процесінің  бағытын  және  қалыптасуын 
анықтайды.  Бұл  жүйенің  өзгеруі  жас  динамикасының  негізгі  заңын  көрсетеді. 
Бұл ретте Л.С. Выготский психикалық даму – бұл бүкіл тұлғаның тұтас дамуы 
екенін үнемі атап көрсетеді. 
Л.В.  Занков  әзірлеген  дамыта  оқытудың  эксперименталды  жүйесі  келесі 
қағидаттарда құрылған: 
- жоғары деңгейдегі оқыту принципі. Оны іске асыру қиындық шараларын 
сақтауды, кедергілерді еңсеруді, өзара байланысты түсінуді және зерделенетін 
құбылыстарды  жүйелендіруді  көздейді  (бұл  принциптің  мазмұны  оқытудағы 
проблемалармен байланысты болуы мүмкін); 
-  теориялық  білімнің  жетекші  рөлінің  принципі,  оған  сәйкес  ұғымдарды, 
қарым-қатынастарды,  оқу  пәнінің  ішіндегі  және  пәндер  арасындағы 
байланыстарды  пысықтау  дағдыларды  пысықтаудан  кем  маңызды  емес 
(бұл  принцип  мазмұнының  іс-әрекеттің  жалпы  қағидатын  түсінудің 
маңыздылығымен арақатынасы белгіленуі мүмкін); 
-  оқушылардың  өздерінің  білім  алуын  сезіну  принципі.  Ол  рефлексия 
дамуына,  өзін  оқу  субъектісі  ретінде  сезінуге  бағытталған  (бұл  принциптің 



 
мазмұны  тұлғалық  рефлексия,  өзін-өзі  реттеу  дамуымен  байланысты  болуы 
мүмкін); 
-  барлық  оқушыларды  дамыту  бойынша  жұмыс  принципі.  Оған  сәйкес, 
жеке ерекшеліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын дамытуы тиіс, өйткені 
«даму  –  оқытудың  нәтижесі,  салдары»  (бұл  қағидаттың  мазмұны  білім  беру 
процесін гуманизациялаумен байланысты болуы мүмкін) [4, 162 б.]. 
Л.В. Занковтың пікірінше, жоғары деңгейдегі оқыту принципі оқу «орташа 
нормадан»  артық  екендігін  білдірмейді,  ол  баланың  рухани  күшін  таныта 
түседі,  оларға  кеңістік  және  бағыт  береді.  Педагог  оқылатын  құбылыстардың 
мәнін,  олардың  арасындағы  тәуелділікті  танып  білуге,  білім  алушыларды 
ғылым  мен  мәдениеттің  шынайы  құндылықтарына  баулуға  байланысты 
қиындықтарға  тоқталды.  Бұл  жерде  түсіну  қажет  маңызды  нәрсе  –  белгілі  бір 
білімдерді игеру білім алушының жетістігі және сонымен қатар оның дамудың 
жоғары сатысына көтерілуін қамтамасыз ететін құрал. 
Қиындықтарды  жоғары  деңгейде  оқыту  салыстырмалы  сипатқа  ие 
қиындық шараларын сақтауды көздейді. Жоғары деңгейде оқыту принципімен 
басқа  принцип  тығыз  байланысты:  бағдарламалық  материалды  игеру  кезінде 
өткенді  бірізді  қайталаудан  бас  тарта  отырып,  жылдам  қарқынмен  алға  жүру 
қажет.  Ең  маңыздысы  –  білім  алушыларды  жаңа  біліммен  үздіксіз  байыту. 
Сонымен қатар оқытудың жылдам қарқынын оқу жұмысындағы асығыстықпен 
шатастыруға  болмайды.  Сондай-ақ  авторлар  мектеп  оқушылары  орындайтын 
тапсырмалардың санын ұлғайтуға тырыспау қажеттігін ескертеді.  
Одан  гөрі,  ғалымдардың  пікірінше,  білім  алушының  ақылын  жан-жақты 
пәндік мазмұнмен байыту және алынған ақпаратты терең ұғыну үшін қолайлы 
жағдай  жасау  маңыздырақ  деп  санайды.  Күшті  және  әлсіз  білім  алушыларға 
жылдам 
қарқынмен 
жүруге 
мүмкіндік 
беретін 
пәрменді  
құрал  –  дифференцияланған  әдістемені  қолдану,  оның  ерекшелігі 
бағдарламаның бір ғана мәселесінің әртүрлі тереңдікте зерделену мүмкіндігіне 
ие болуында [4, 163 б.]. 
Инклюзивті  білім  беру  процесінде  оқушының  назарын  және  оның  жеке 
ерекшеліктерін,  қажеттіліктерін,  мүдделерін,  күшті  және  әлсіз  жақтарын 
орталыққа  қою  маңызды  кезең  болып  табылатынын  тағы  да  атап  өткен  жөн. 
Инклюзивті білім беру жүйесінің табысты  тәжірибесінде оқушы білім берудің 
субъектісі  болып  табылады,  дәлелді  түрде  ол  не  істейді,  не  үшін  және  қалай 
істейді, нені істей алмайды және неге істей алмайды, сонымен қатар не оқиды 
және  оқыту  нәтижесі  қандай  болады  деп  есеп  береді.  Сонымен  бірге  ерекше 
білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  оқушы  өз  іс-әрекетінің  рефлекциясын  жүзеге 
асырады. 
Қазіргі  заманғы  шетелдік  және  отандық  педагогикадағы  жекелендіріп 
оқыту  процесінің  ұйымдастырылуы  оқыту  тәсілдемелері  мен  тәсілдерін 
таңдаумен,  оқушылардың  оқуға  қабілеттерінің  даму  деңгейін  ескеруімен, 
барлық оқушыларда бірдей емес екенділігімен түсіндіріледі. 
«Әлсіз»  білім  алушылар  бұрын  алған  білімдеріндегі,  іскерліктері  мен 
дағдыларындағы кемшіліктерге, қарым-қатынастың нашар дамыған тәсілдеріне 


10 
 
және абстрагтауға байланысты оқу материалын меңгеруде үлкен қиындықтарға 
тап болады және мұғалімнің ерекше көмегін қажет етеді. 
«Күшті»  оқушылар,  егер  мұғалім  «орташа»  оқушыға  бағдар  беріп  жұмыс 
істесе,  онда  олардың  ақыл-ой  дамуы  тежеледі,  танымдық  белсенділігі 
төмендейді. Пән бойынша жақсы үлгеретін оқушылар үшін толық жұмыс істей 
алатын жағдай жасау қажет. Осылайша, өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде 
сынып  оқушылары  толық  нұсқаудың  орнына  «әлсіз»  оқушылар  үшін 
жасалғандай,  негізгі  тапсырманы  орындағаннан  кейін  танымдық  тапсырманы 
орындаудың  мақсаты,  тәртібі  мен  тәсілдері  туралы  жалпы  нұсқаулармен  ғана 
шектелуі керек. Жалпы тапсырмадан басқа қосымша тапсырмаларды да ұсыну 
қажет: мысалы, математикадан тапсырманы басқа тәсілдермен шешу, шешудің 
ең тиімді тәсілін табу және дәлелдеу [5]. 
Жекелік  тәсілдеме  балаға  мектепке  келгенге  дейін  басталады:  болашақ 
бірінші  сынып  оқушысын  зерттеу,  оның  ата-аналарымен  әңгімелесу.  Бірінші 
сыныпқа  келген  балалардың  оқуға  дайындығын  зерттеу  негізінде  мұғалімдер 
оларды келесідей топтарға бөледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет