Методические рекомендации по составлению дифференцированных заданий сор и соч по учебным


Бағалау  қызметінде  психологиялық  және  педагогикалық  қолдау



Pdf көрінісі
бет5/257
Дата10.02.2022
өлшемі9,31 Mb.
#25207
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   257
Бағалау  қызметінде  психологиялық  және  педагогикалық  қолдау 
көрсетудің екі бағытын ескеру қажет: 
-  өзектілік  –  балада  осыған  дейін  пайда  болған  қиындықтарды  шешуге 
бағытталған;  
- келешектік – оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға 
бағытталған. 
Екі  бағыт  та  педагогикалық  процесте  қолдау  қызметінің  барлық 
мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін [8].  
Оқушылардың  бұл  санатын  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың 
нысаны  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  үдерісі  болып  табылады. 
Ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау 
түрлі  мамандардың  (пән  мұғалімінің,  психологтың,  логопедтің,  арнайы 
педагогтің,  әлеуметтік  педагогтің),  мектеп  дәрігерінің,  басқа  мұғалімдер  мен 
ата-аналардың өзара тығыз әрекеттестігін білдіреді. 
Ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері  бар  білім  алушылардың  оқу 
жетістіктерін  критериалды  бағалауда  психологиялық-педагогикалық  қолдау 
төмендегілерге бағытталуы тиіс: 
-  баланың  денсаулығын  және  дене  күшін  қолдау:  бала  өмірінің  
денсаулық-сақтау 
режимін 
ұйымдастыру, 
оларды 
жеке 
таңдалған  
қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру
-  балалардың  зерде  дамуын  қолдау:  әрбір  баланың  танымдық  ерекшелігін 
анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай тудыру; 
-  баланы  қарым-қатынас  саласында  қолдау:  балаларға  гуманистік  өзара 
әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке 
қабілеттерін  байқатуларын  қолдау,  тәртіп  түрін  саналы  түрде  таңдауына 
көмектесу; 


14 
 
-  баланың  жанұясын  қолдау:  жанұялық  қатынасты  зерттеу,  олардың 
үйлесімді болуына көмек көрсету. 
Оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың психологиялық-педагогикалық 
жүйесі проблеманы шешудің келесі маңызды тәсілдерінен тұрады: 
-  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  әртүрлі  деңгейлі  сараланған  шкаласын 
қолдану  арқылы  әр  оқушының  жеке  басының  әлеуетті  мүмкіндіктерін  есепке 
алу мен дамытуды қамтитын жеке тұлғаға бағытталған тәсіл
-  оқушының  өзіндік  іс-әрекетін  ұйымдастыру  жағдайында  адамның 
мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін  неғұрлым  толық  анықтауға  бағытталған  іс-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет