Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями



Pdf көрінісі
бет2/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Кіріспе 

 

Инклюзивті  білім беруді дамыту  –  инклюзивті  қоғамға  алғашқы  қадам. 



Бүгінгі таңда адам іс-әрекетінің барлық салаларында инклюзияны енгізу мен 

дамытудың қоғамдық әл-ауқаты байқалып келеді. Білім беру ұйымдары мен 

мемлекеттік органдардың негізгі зерттеу нысандары болған инклюзивті білім 

беру  мәселелері  қазіргі  уақытта  көптеген  әлеуметтік  институттардың  басты 

назарын аударды. 

Ерекше  қажеттілігі  бар  балаларды  сапалы  білім  беру  қызметтерімен 

қамтамасыз  ету  үшін  ең  қажетті  үлгісі  балаларды  жалпы  білім  беретін 

мектептің  білім  беру  процесіне  енгізу  арқылы  инклюзивті  білім  беруді 

дамыту болып табылады. 

Біздің  елімізде  ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  оқушыларды 

оқыту және қолдауды дараландыру ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабында: 

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілер: ...білім беру ұйымы кеңесінің шешімі 

бойынша  жеке  оқу  жоспарлары,  қысқартылған  білім  беретін  оқу 

бағдарламалары  бойынша  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты шеңберінде оқуға құқығы бар»,-деп көрсетіледі [1]. Сондай-ақ, 19 

бабында:  «орта  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларында 

«психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңес  берудің  қорытындысы 

мен  ұсынымдары  бойынша  инклюзивті  сыныптарда  оқитын  ерекше  білім 

берілуіне  қажеттілігі  бар  балалар  жалпы  білім  беретін  оқу  немесе  жеке 

бағдарлама бойынша оқи алады»,-деп беріледі [2]. 

Жалпы білім беретін мектептің штатында психологиялық-педагогикалық 

қолдау  мамандары  жүргізеді,  олар  тиімді  жұмыс  істеу  үшін  командалық 

тәсілдемесін  және  ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері  бар  білім 

алушыларды  қолдауды  барынша  дараландыру  технологияларын  меңгеруі 

қажет.  Бұл  ретте  оқушыны  қолдау  және  оқыту  процесін  дараландыруда 

мұғалім негізгі рөл атқарады. 

Инклюзивті білім беру тиімділігінің негізгі өлшемі – әлеуметтендірудің 

табыстылығы,  мәдениетке  кіріспе,  академиялық  білімді  игерумен  қатар 

ерекше қажеттілігі бар баланың әлеуметтік тәжірибесін дамыту. 

Елімізде  инклюзивті  білім  беру  жүйесін  дамыту  тек  орта  («Барлығына 

арналған  мектеп»  ретінде)  ғана  емес,  мектепке  дейінгі,  кәсіптік  және 

қосымша  білім  беру  («Барлығына  арналған  білім»  ретінде)  жүйесінде 

түбегейлі өзгерістерді қажет ететіндігін атап өту қажет. 

Ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері  бар  балаларға  инклюзивті  білім 

берудің  механизмдерін  құру  және  жетілдіру  жолында  тұрған  мәселелерді 

қозғай  отырып,  дәстүрлі  түрде  және  оқыту  принциптерінде  негізделген 

кедергілер,  олардың  бейімсіздігі  мен  икемсіздігі  туралы  ескеру  маңызды 

болып  табылады.  Басты  кедергілердің  бірі  ретінде  жалпы  білім  беретін 

мектеп  педагогтарының  ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері  бар  білім 



 

алушылардың  психофизикалық  даму  ерекшеліктері,  білім  беру  процесін 



ұйымдастырудың  әдістері  мен  технологиялары  туралы  түсініктердің 

жеткіліксіздігі екендігі белгілі. 

Инклюзивті  білім  берудің  әдіснамасы  мен  инклюзивті  білім  берудің 

барлық сатыларында психологиялық-педагогикалық қолдау технологияларын 

әзірлеу мазмұнды өзгерістерге байланысты. 

Заманауи  мектепте  білім  беру  процесін  жетілдіру  тек  оқылатын 

пәндердің  мазмұны  мен  оқыту  әдістемесінің  тәсілдемелерін  өзгертумен 

қатар,  әдістемелік  тәсілдер  арсеналын  кеңейтуі,  сабақ  барысында  білім 

алушылардың  іс-әрекетін  белсендендіруі  де  қамтылады.  Білім  алушы 

пассивті  әсер  етудің  нысаны  болмауы  керек.  Сондықтан  да  білім 

алушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыру,  ой-өрісін  кеңейту  және 

олардың  жалпы  мәдениетін  арттыру  үшін  сабақта  қолданылатын  оқытудың 

ең  оңтайлы  түрлерін,  әдістері  мен  тәсілдерін,  технологияларын  анықтау 

қажеттілі туындайды. 

Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  педагогтардың  кәсіби  дамуы 

тұлғалық  талаптарды  қалыптастыруды  және  оны  ұйымдастырудың 

әлеуметтік  маңыздылығын  көздейтін  педагогикалық  құндылықтарға 

негізделуі тиіс, бұл инклюзивті білім берумен байланысты іс-әрекетті жүзеге 

асыруға  педагогтардың  жеке-кәсіби  дамуы  мен  мотивациялық-құндылық 

дайындығының көрсеткішін көрсетеді. 

Инклюзивті білім беру – жеке ерекшеліктерді ескере отырып, оқытудың 

жеке  тұлғаға  бағытталған  әдістерін  қолдану  негізінде  білім  беру  іс-әрекетін 

ұйымдастыру арқылы сапалы оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің 

кешенді процесі. 

Әдістемелік  құралда  оқыту  процесінің  инклюзивті  ортада  бейімделуіне 

ықпал  ететін,  білім  алушылардың  іскерліктері  мен  дағдыларын  игеруді 

белсендіретін, оларды өзіндік жұмыс тәсілдеріне үйрететін, жалпы білім беру 

процесінің  өнімділігін  арттыратын  оқыту  әдістерінің  сипаттамасы  беріледі. 

Әдістемелік ұсынымдармен қатар педагогтарға еліміздің жалпы білім беретін 

және 


арнайы 

мектептері 

мұғалімдерінің 

тиімді 


педагогикалық 

технологиялары мен әдістерінің тәжірибесі ұсынылады. 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет