Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями



Pdf көрінісі
бет4/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Дифференциалдық тұғыр. 

Баланың  даму  деңгейімен  оқыту  және  тәрбиелеу  –  белгіленген  және 

бірнеше рет тексерілген факт. 

Әр  түрлі  балалар  білімді,  іскерлікті  және  дағдыларды  түрлі  меңгереді. 

Бұл  айырмашылықтар  әрбір  баланың  өзіне  тән  сыртқы,  ішкі  де  даму 

жағдайларына байланысты жеке ерекшеліктеріне ие болуына байланысты. 

Балалардың  психофизиологиялық  ерекшеліктері,  олардың  ақыл-ой 

қабілеттерінің  әртүрлі  деңгейлері  әр  баланың  немесе  балалар  тобының 

оқытудың  түрлі  жағдайларын  тиімді  оқытуды  қамтамасыз  ету  үшін  заңды 

түрде  талап  етеді.  Мектеп  жағдайында  оқытуды  дараландыру  және  саралау 

кезінде жүзеге асуы мүмкін. 

«Дифференциация» ұғымының заманауи анықтамасы – жеке оқыту үшін 

қандай  да  бір  ерекшеліктер  негізінде  балалар  топтасқан  формадағы 

балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу. 

Дифференциалдық  тәсілдеменің  мәні  жас  ерекшеліктерін  есепке  ала 

отырып,  оқу  процесін  ұйымдастыруын,  барлық  балалардың  тиімді  іс-

әрекетіне  оңтайлы  жағдай  жасауын,  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін 

барынша  ескеретін  оқытудың  мазмұнын,  әдістерін,  формаларын  қайта 

құрудан  тұрады.  Мұндай  тәсілдеме  балаларды  кіші  топтарға  бөлуге 

мүмкіндік береді, онда білім беру мазмұны мен оқыту әдістері, ұйымдастыру 




17 

 

формалары  әр  түрлі  болады,  қойылған  оқу  міндеттеріне  байланысты  кіші 



топтардың құрамы өзгеруі мүмкін [17]. 

Оқытудың  дәстүрлі  жүйесіндегі  дифференциалды  тәсілдеме  жеке, 

топтық 

және 


фронталды 

жұмыстармен 

ұштастыра 

отырып 


ұйымдастырылады  [18].  Бұл  тәсілдемені  оқытудың  барлық  кезеңдерінде 

қажет етеді. 

Ерекше  қажеттіліктері  бар  балалармен  жүргізілетін  сабақтардың 

ажырамас  бөлігі  –  білім  беру  іс-әрекетінің  шарттарын  оңтайландыру.  ЕБҚ 

бар  балалармен  оқу  сабақтарын  өткізу  кезінде  келесі  ережелерді  ұстану 

қажет: 


- сабақтарда балалардың әрқайсысына жеке тәсілдемені жүзеге асыру; 

-  әртүрлі  құралдарды  (зияткерлік  және  практикалық  (ойын)  іс-

әрекеттерді  кезектестіру,  материалды  шағын  мөлшермен  жеткізу, 

сәйкестелген  көмек  көрсету,  қызықты  дидактикалық  материал  және  т.б. 

қолдану арқылы шаршаудың алдын алу); 

-  оқыту  барысында  балалардың  танымдық  іс-әрекетін  барынша 

жандандыруға,  олардың  тілін  дамытуға  және  қажетті  оқу  дағдыларын 

қалыптастыруға болатын әдістерді қолдану қажет; 

- оқу процесінде балаларды оқу бағдарламаларының әр түрлі бөлімдерін 

меңгеруге,  сондай-ақ  олардың  қоршаған  орта  туралы  білімдерін  байытуға 

дайындауды қамтамасыз ететін сабақтар өткізуді қарастыру қажет; 

- ЕБҚ бар балалармен жұмыс кезінде педагог ерекше такт көрсетуі тиіс. 

Тұрақты  балалардың  жеткен  жетістіктеріне  аңғарғыштық  білдіру  және 

ынталандыру,  әрбір  баланы  дамытуда  уақыттылық  және  сыпайы  көмектесу, 

оған  деген  өз  күші  мен  мүмкіндіктері  бар  екендігін  сезіндіру  өте  маңызды 

болып саналады. 

Осылайша,  қоғамның  кепілдіктерді  анықтау  және  барлық  балалардың 

қабілетін  барынша  дамыту  үшін  оңтайлы  жағдай  жасауға  қызығушылығы 

оқытуды дифференциалдық қажеттігіне алып келеді [18]. 

Интеграциялық тұғыр. 

Л.С.  Выготский  алғашқылардың  бірі  болып  интеграциялық  оқыту 

идеясын  негіздеді.  Кейіннен  оның  идеясы  Батыс  Еуропа  мен  АҚШ 

мектептерінің  жұмыс  тәжірибесінде  жүзеге  асырылды,  тек  соңғы  жылдары 

ТМД, Қазақстан аумағында белсенді түрде іске асырыла бастады. 

Интеграциялық  тәсілдеме  ХХ  ғасырдың  70-ші  жылдарында  АҚШ  пен 

Канада  қабылданған  тұжырымдамасын  айтуға  болады,  онда  адамдардың 

қоғамда  қабылданған  мәдени  нормалар  рухы  тәрбиеленуіне  баса  назар 

аударады.  Ол  бұрын  қоғамнан  шығарылған  адамдардың,  соның  ішінде 

мүгедектігі бар адамдардың азаматтық құқықтары үшін қозғалыстың бастауы 

болды.  Еуропа,  АҚШ,  Жапонияның  дамыған  елдерінің  экономикалық, 

технологиялық  және  ақпараттық  мүмкіндіктері  бар  арнайы  білім  беру 

жүйесімен қатар, жалпы білім беретін білім беру жүйесінде параллель білім 



18 

 

беру  ортасын  құруға  мүмкіндік  берді.  Сонымен  қатар,  қалалық 



инфрақұрылым  ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктері  бар  адамдар  үшін 

барынша  қолжетімді  болды,  халықтың  осы  санатының  әлеуметтік  өмірге 

қатысу мүмкіндігін шектейтін ақпараттық және басқа да кедергілер алынып 

тасталды  [19].  «Қалыптандыру»  ұғымының  негізінде  келесі  ережелерді 

жатқызды: 

– ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала – әр түрлі қызмет түрлерін 

меңгеруге қабілетті, дамып келе жатқан адам; 

–  қоғам  мұны  мойындап,  қалыпты  жағдайға барынша жақын  өмір  сүру 

жағдайын қамтамасыз етуі тиіс. 

Интеграция  адамның  жүйе  ретінде  қалыпты  өмір  сүруін  қамтамасыз 

етуге және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың әлеуметтік өзара 

байланыс  жүйесіне  кіруіне,  рөлдік  жүйеге  қосылуына,  топтық  және 

әлеуметтік 

керек-жарақтар 

сезіміне 

ие 


болуына 

бағытталған. 

Интреграциялық 

тәсілдеме 

принципін 

жүзеге 


асыруда 

дамуында 

проблемалары бар балаларға қалыпты балалармен бірге жалпы білім беретін 

мектепте оқыту мүмкіндігін беруде көрініс тапты. Бұл ретте оларға оқытуды 

жеңілдететін  арнайы  көмек  пен  қолдаудың  қосымша  жағдайлары  жасалады 

[20]. 


Интеграциялық  тәсілдемеде  баланы  мектеп  пен  қоғамның  қабылдауы 

үшін  дайын  болуын  болжайды.  Алайда,  қоғам  тез  өзгере  алмайды  және 

мұндай  жағдайларда  интеграцияның  физикалық  құрамдас  бөлігі  (жеке 

интеграция)  және  әлеуметтік  интеграцияның  жоқтығы  туралы  ғана  айтуға 

болады.  Көбінесе  баланың  дамуында  шектеулері  бар  өмірі  –  бұл  өз  ауруын 

қабылдау  және  оны  басқа  адамдардың  бұрмалап  қабылдауында  көрінетін 

әлеуметтік «кедергілерді» үнемі еңсеру. Бірақ бұл баланың толыққанды өмір 

сүруге,  өз  ниеттерін  іске  асыруға,  жоспарлар  құруға,  достарымен  қарым-

қатынас  жасауға  құқығы  жоқ  дегенді  білдірмейді.  Сондықтан  біртіндеп 

қалыпқа  келтіру  тұжырымдамасы  әбден  жетілдірілмеген,  интеграцияны 

«позитивті кемсітушілік» деп анықтай бастады [21]. 

Аталған  мағынада  интеграциялық  тұғырды  әзірлеу  үлкен  маңызға  ие 

болды, 

онда 


балаларды 

«когнитивті» 

бөлуден 

дамуындағы 

бұзушылықтардың  түрлері  бойынша  санаттарға,  ерекше  білім  берілуіне 

қажеттілігі  бар  балаға  қоршаған  социум  қоятын  талаптардың  сипатына  өтуі 

маңызды.  Бұл  осы  тәсілдеменің  шеңберінде  бала  өзінің  ерекшеліктеріне 

байланысты  емес,  орта  мен  ерекше  қажеттіліктеріне  байланысты  –  басқа 

балалар секілді арнаулы білім алуға мұқтаж ретінде қарастырылады. 

Сондықтан  мұндай  баланы  интеграциялау  негізінде  тең  құқықты  өзара 

іс-әрекетті, қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасты орнатуға, сондай-ақ 

ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  жеке  баланың  өмірлік  әлемінің  бір 

бөлігіне айналуы тиіс тұтас өзара байланысты қалпына келтіруге бағытталған 

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету болып табылады. 




19 

 

Интеграциялық  тәсілдеме  арнайы  білім  беру  элементтерін  жалпы  білім 



беру жүйесіне көшіру жолымен қол жеткізіледі [22]. Бұл ретте жалпы білім 

беру бағдарламаларын білім алушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу 

кезінде  таңдау  және  икемділік  сақтау,  әрбір  баланың  жеке  мүмкіндіктерін 

есепке алу қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет