Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями



Pdf көрінісі
бет29/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150
Деңгейлік  саралау  технологиясы.  Педагогикалық  технология  процесс 

ретінде  жоспарланған  нәтижелері  бар  басқарылатын  жүйе  болып  табылады. 

Оқытудың технологиялық процесінің құрылымын ақпарат қозғалысының үш 

негізгі арнасымен ұсынуға болады.  

1.  Негізгі  арна  –  мазмұн  қозғалысы,  ақпаратты  негізден  (мұғалімнен) 

қабылдаушыға  (оқушыға)  беру  (оны  оқушыларға  ұсыну,  оқу-танымдық 

қызметті басқару, оқушылардың білімін қабылдау, меңгеру, бекіту рәсімі). 

Қосымша  басқарылатын  ақпарат  көздерінің  –  кітаптардың,  ОТҚ 

(оқытудың  техникалық  құралдары),  компьютердің  және  оны  оқушының  өз 

бетінше  қабылдауының  (өзін-өзі  басқару  процесі)  болуы  маңызды  жағдай 

болып табылады. 

2. Оқыту ақпаратының негізгі технологиялық қозғалысын жоспарлаудан 

(стратегиялық және тактикалық) және түзетуден тұратын басқарылатын әсер 

арнасы.  

3. Процесс нәтижелері туралы оқушыдан мұғалімге ақпарат беру арнасы 

(кері байланыс, бақылау, бағалау және қосымша ақпарат арнасы). 

Технологиялық  процестің  құрылымын  қарастыру  оның  тиімділігін 

арттыруды төмендегілердің есебінен алуға болатынын көрсетеді:  

- оқушыға ұсынылатын оқу ақпараты мазмұнының оңтайлы құрылымы

- балалардың танымдық қызметін тиімді басқару және ұйымдастыру

-  оқушының  ақпаратты  меңгерудің  жеке  өзін-өзі  басқару  процестерінің 

мүмкіндіктерін пайдалану; 

- ақпаратты игеруді тиімді бақылауды ұйымдастыру (кері байланыс)  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет