Методические рекомендации сроп қазақстан республикасының денсаулық сақтау минитрлігі


бап. Компенсационные выплаты в связи с потерей работы



бет19/24
Дата27.11.2023
өлшемі0,81 Mb.
#129358
түріМетодические рекомендации
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
СОӨЖ кешені Функционалды мүмкіндіктерді жақсарту

131 бап. Компенсационные выплаты в связи с потерей работы

1. Жұмыс беруші жұмысынан айрылуына байланысты бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде мынадай жағдайларда өтемақы төлемдерін жүргізеді:


1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;
2) жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;
3) жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда, жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде тоқтатылады.
2. Жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмысынан айрылуына байланысты жұмыс беруші екі айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдерін жүргізеді.
3. Еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.


132 бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі мен шарттары

1. Далалық жабдықталым геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық, іздестіру ұйымдарының қызметкерлеріне далалық жағдайларда жұмыстарды орындау кезінде төленеді:


1) тұрақты тұрғылықты жеріне күн сайын қайтып келмей, тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде;
2) тұрақты тұратын жері болып табылмайтын далалық ұйым орналасқан жерге күн сайын қайтып келгенімен, тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде де жүргізіледі;
3) Еңбекті вахталық әдіспен ұйымдастыру арқылы тұрақты тұратын жерінен тысқары жерлерде жүргізіледі.
2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу тәртібі, шарттары мен мөлшері, далалық жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тәртібі келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында белгіленеді және жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.


133 бап. Жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу

1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.


2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақтар еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.
3. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап еңбекке қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.
4. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төленбейді:
1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екені анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған өндірістік жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге;
2)соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық аурулардан басқа) уақыт үшін;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін тоқтатыла тұрады;
4) жұмыскер алкогольді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалануы салдарынан туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде;
5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына келетін еңбекке уақытша қабілетсіздік күндері үшін;
6) жалақысы сақталмайтын демалысқа келетін еңбекке уақытша қабілетсіздік күндері үшін;
7) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа келетін еңбекке уақытша қабілетсіздік күндері үшін төленеді.
5. Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін - Қазақстан Республикасының Үкіметі, тағайындау және төлеу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Жұмыс берушілер жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет