Методические указания к семинарским занятиям и срсп для студентов всех специальностей дневного отделения Өскемен Усть-Каменогорск


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)



бет15/18
Дата14.10.2023
өлшемі94,29 Kb.
#114379
түріМетодические указания
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Методические указания к семинарским занятиям и срсп для студенто-emirsaba.org

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)
Тақырып : Қазақ зиялыларының негізгі идеялары.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов
Сұрақтары:
1.Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениетінің тағдыры.
2.Кеңес дәуіріндегі өнердің, білімнің ғылымның Қазақстанда дамуы.
3.Қазақ Республикасының мәдениеті, мәселері мен болашағы.
Әдістемелік нұсқау: Пікір талас түрінде. 6-7 студенттер аудитория ортасына отырып мәселені талқылайды. Ал қалған студенттер оқытушымен бірге олардың айналасына отырып, олардың жауаптарын бағалайды. Пікір талас 20 минутты қамтуы тиіс. Пікір талас арнайы жоспарға байланысты жүргізіледі. Сабақ соңында студент- бақылаушылар өз ойларын білдіріп, әр қатысушының пікіріне баға береді.
Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)
ХХғ. Қазақстанның музыка мәдениетіндегі халықтық дәстүрлер.реферат


2.11 Тарихи өлшемдегі қазақ мәдениеті
1 Қазақстандағы тарихи- мәдени ескерткіштерге сипаттама
2 Археологиялық ескерткіштер
3.Қазақстанның ежелгі қалалары


Бақылау сұрақтары
1.Қазақстандағы маңызды ескерткіштерді атаңыз.
2.Қожа Ахмет Иасауиге арнап кесене тұрғызуды қолға алған кім?
3.Айша бибі кесенесі қайда орналасқан?
Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)
Тақырып : ХХ ғасырдың кеңестік қазақ мәдениет қайраткерлері
Жоспар:
1.Кеңес одағы кезеңіндегіқазақстандағы музыка өнері
2.Театр өнері
Нұсқау : Қазақстанның музыкалық мәдениеті – көп қырлы құбылыс. Қазақстан халқы өзінің музыкалық мәдениетінің ерекшелігін ғасырлар бойы алып келеді. Тек, Кеңес өкіметі жылдарында ғана орыс мәдениетінің игілікті ықпалының арқасында, бұл әдет-ғұрыптар кәсіби өнердің жаңа, мықты сабақтарын алды.
Кеңес өкіметі кезінде қазақ музыкасын ғылыми зерттеудің басында республиканың музыка өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, «Қазақ халқының 1000 өлеңі» (1979), «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» (1931) атты жинақтарды шығарған белгілі А.В. Затаевич болды. Бұл жинақтар жұртшылықтың алдында қазақ халқының музыкалық өнерінің сарқылмайтын байлығы бар екенін ашып көрсетті.
Шығармашылық стилі, халық композиторларының мектебі, әншілер және аспапшылардың ерекшеліктеріне, олардың жеке орындаушылық шеберліктерінің көркемдігіне, ұлттық музыканы тереңнен зерделеудің ірі жетістіктеріне «Мыңжылдық ішек» (1958 ж.) және «Мыңжылдық бұлбұлы» (1967 ж.) монографиялық зерттеулер арналды. Олардың авторы А.К. Жұбанов – Қазақстан музыка өнерінің белгілі қайраткері, ғалым және композитор, профессор, ҚазКСР ҒА академигі.
Бақылау сұрақтары :

  1. Қазақтың музыкалық аспаптарының жасалу жолы.


  2. Қай ғасыр қазақ ән өнерінің алтын ғасыры болып саналады?


  3. Төкпе күйдің майталман шебері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет