Методические указания Редакция 1 Страница из практикалық сабақҚА Әдістемелік нұСҚама



бет4/6
Дата06.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#80087
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6
Негізгі әдебиет:

  1. Сәлімжан Қонысбай. Инженерлік және компьютерлік графика: Оқу құралы. – Алматы: ТехноЭрудит, 2020. – 172 б.,сур.164,әдеб.17.

Қосымша әдебиет:

  1. Бәйдібеков Ә.К., Мусалимов Т.К., Ж.М. Садықова, С.Ә. Қолбатыр. Инженерлік графика. – Алматы, «Білім», 2012 – 264 б.

  2. Ыбраев А. Инженерлік графика. Техникалық жоғары оқу орындары мамандықтарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, «Білім», 2011. – 248 б

  3. Б.О.Сыздыкова, С.Т.Абдрахманов. Конструкциялық материалдар технологиясы. Оқу құралы. «Ғасыр - Ш», 2007, - 180 бет.

  4. Б.О.Сыздықова, О.Сыздықов. Материалтану және слесарлық іс. Оқу құралы.- Алматы: Нурлы әлем, 2010. – 240 бет.

  5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 296 бет. Авторлар ұжымы.


АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Ажырамайтын біріктірулер: пісіру, дәнекерлеу, желімдеу және тігісті, сызбада олардың кескіні және белгіленуі. AutoCAD жүйесінде ажырамайтын біріктірудің сызбасын орындау.
Ажырамайтын біріктірулер
Машина тораптары құрамына кіретін тетіктерді ажырамалы және ажырамайтын тәсілдермен біріктіреді. Торап құрамына енген жеке тетіктер әртүрлі себептермен қатардан шыққанда, оларды ажыратып, мүмкіндігінше жөндеп немесе жарамсыз бөліктерін алмастырып, қайта құрастыру жөндеу жұмыстарында қалыптасқан жағдай. Ал, жеке тетіктерді ажырамайтын етіп біріктіру тойтару немесе пісіру арқылы орындалады. Ондай жалғауларды ажырамайтын біріктіру деп атайды. Оларды тек қана қирату арқылы, демек ажыратылған тетіктерді жарамсыз етіп ажырату жолымен орындайды.
Пісіру - қосылатын дайындамаларды қыздыру нәтижесінде арасында атомдық-молекулалық байланыстар түзіліп, металдар мен қорытпалардан ажырамайтын біріктірулерді алу технологиялық процесі. некрледәнекерлеу
Пісіру ажырамайтын біріктірулердің ішінде көп тараған түрі. Пісірудің екі түрі бар. Олар балқыту және қысым деп аталады.
Балқытып пісірудің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: доғалы, электршлакты, газды, электргазды, электронжарықты және термитті.
Қысымды пісірудің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: электрконтактылы, газдысығу, қыздырып үйкеу және салқын.
Қолдануға байланысты; қолды пісіру, жартылай автоматты, автоматты болып келеді. Пісіру тетіктердің өзара орналасуына қарай; түйістіру – С, бұрышты – У, таврлы - Т және қапсарлы – Н әріптерімен белгіленген түрлері бар (1 – сурет).
1 -сурет

2 -сурет
Пісіру жапсарының шартты кескінделуі және белгіленуі қарастырылған МЕСТ 2.312 – 72 стандарттың ережесіне сәйкес, сызбада пісіру жапсарының кескіні шартты түрде, көрінетіні – тұтас жуан, көрінбейтін жағы үзілме сызықпен көрсетіледі. Нүктелі не үзілді жапсарларға + белгісі қойылады. Біржақты нұсқамасы бар жіңішке тұтас сызықпен шығару сызығы жүргізіліп, сөре орындалады (2 - сурет). Жапсардың шартты белгіленуі сөреде көрсетіледі. Ол белгі көрінетін жапсар болса, сөренің үстіне, көрінбейтін болса сөренің астына жазылады.
1 – Жапсар типі және конструктивті элементтердің стандарты.
2 – Жапсардың әріп – сан белгісі.
3 – Жапсарды қолдану тәсіл стандарты.
4 – Стандартқа сәйкес жапсардың катет өлшемі.
5 – Үзілді не нүктелі жапсардың өлшемдері.
6 – Көмекші белгілер.
Көмекші белгілер:
- Жапсарды монтаждау кезінде орындау (3,a cурет).
- Жапсар тұтас орындалған (3,б cурет).
- Артық жапсарды алып тастау (3,c cурет).
- Жапсарды балқыту арқылы тегістеу (3,д cурет) .
- Жапсар үзілді не нүктелі тізбекше орналасқан (3,e cурет).
- Жапсар үзілді не нүктелі шахматша орналасқан (3,г cурет).
- Жапсар тұтас емес (3,к cурет).

3 сурет

Қалған ажырамайтын біріктірулердің барлығының шартты кескінделуі және белгіленуі МЕСТ 2. 313 – 82 стандартында жинақталған.



4 сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет