Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет126/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
127 
Көркем 
еңбек 
туындыларын 
жасауда 
сандық 
компьютерлік 
технологияларды  қолданудың  негізінде,  Д.Дьюидің  оқу  іс-әрекетін 
ұйымдастыру  бойынша  күнделікті  өмірден  алынған  практикалық  мәселелерді 
шешу  идеялары  жатыр.  Д.Дьюи  білім  мазмұнын  стандарттаудың  қажеттілігін 
теріске  шығарады  және  оқытуды  балалардың  қызығушылығына  бағытталуы 
тиіс деген көзқарас айтады. 
Жоба  –  бұл  ой,  жоспар;  бір  құрылыстың,  механизмнің  алдын  ала 
әзірленген планы; кезкелген бір құжаттың алдын ала әзірленген мәтіні. 
Жобаның түрлері: пәнаралық, көппәндік болады.  
Жобалық  технологияның  мәні:  оқушылардың  нақты  мәселелерді  шешуге 
деген қызығушылығын арттыру. Мәселенің шешімін табу үшін оқушының сол 
саладан  жинақтаған  білімі  болуы  және  ол  мәселені  шешу  үшін  білім  мен 
тәжірибелік  іс-әрекеттерді  сабақтастыра  отырып  нәтижесін  практикалық 
жолмен көрсете білуі тиіс. 
Сонымен  жобалық  оқыту  технологиясы  өнім  ала  отырып  оқыту  идеясын 
жүзеге асырудың тәжірибелік нұсқасының бірі болып табылады. Өнімді оқыту 
дегеніміз  –  оқыту  үдерісі  барысында  орындалған  іс-әрекеттің  жеке  нәтижесін 
көрсету арқылы түсіндіріледі.  
Ойын технологиясы. 
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы 
сабақ.  Сабақ  барысында  бастауыш  сынып  оқушылардың  білімі,  біліктілігі, 
іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Кез келген сабақтың басты мақсаты – 
оқушы  білімінің  сапасын  арттыру,  яғни  түпкі  нәтижені  көре  білу,  сабақ 
барысында  берген  білімнің  қайтарымын  көру.  Ол  үшін  сабаққа  сыныптағы 
оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Әр оқушының жас 
және  даму  ерекшелігіне  байланысты  сабаққа  қызығушылығы,  дүниетанымы, 
даму  ерекшеліктері  әртүрлі  болады.  Сондықтан  оқушылардың  осы  топтарына 
әртүрлі  деңгейде  талап  қоюға  тура  келеді.  Ал  ойын  элементтері  кез-келген 
оқушының  қызығушылығын  тудырады.  Бастауыш  сынып  оқушылары  ойын 
арқылы  берілген  тапсырмаларды  асқан  қызығушылықпен,  белсенділікпен 
орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі – 
дидактикалық ойындар. 
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген 
қызығушылығын,  зейінін  арттырады.  Атап  айтқанда,  мұғалім  ойын 
жағдаяттарын  туғыза  отырып,  әртүрлі  заттарды  қолдану  арқылы  сұрақтар 
қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Бастауыш сынып 
оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім 
оларды  жалықтырмай  әртүрлі  ойындарды  қолдану  арқылы  сабақты  қызықты 
өткізуге тырысуы қажет. Бастауыш сыныптардың барлық пәндерінде, сонымен 
қатар  «Көркем  еңбек»  сабақтарында  да  дидактикалық  ойындарды  жаңа 
тақырыпты  түсіндіру  барысында,  қайталау,  пысықтау,  сурет  салу,  құрастыру, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет