Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
125 мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу
материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты
функционалды байланыстырушы. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспе,
сөйлесу және қорытынды бөлімінен тұрады.
Модульдік оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға,
шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті шеберліктері мен дағдыларын
қалыптастыратын технология.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
-
қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;
-
оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-
қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
-
барлық тақырыптар бойынша сынақ жүргізу [21].
Мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламаларында негізінен
оқушылардың ойлау қабілетін, ізденушілік, өзбетінше талдау жасау, өз
көзқарасын дәлелдеу, өзіне-өзі баға беру қабілеттерін дамытатын жобалау-
зерттеушілік технологиясына басым көңіл аударылады.
Жобалау әдісі – бұл оқу үдерісін тұлғаландыруды мүмкін қылатын, білім
алушының өз бетінше жоспар құруына, өз іс-әрекетін ұйымдастыруына және
бақылауына жағдай жасайтын кешенді оқыту әдісі. Оқушылар жобалық
практикалық тапсырмаларды жоспарлау және орындау барысында өз
беттерінше білім алады. Жобалық әдістің басты мақсаты – білім алушының
практикалық міндеттерді немесе проблемаларды шешуі барысында түрлі білім
салаларынан алған білімдерін кіріктіру арқылы, өз бетінше білімін
толықтыруына жағдай жасау.
Жобалық оқыту технологиясы – бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге
бағытталған оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Ол тұлғаның
шығармашылық дербестігіне, қызығушылықтарына, өзін қызықтыратын
мәселенің шешімін табу жолындағы іс-әрекет үстінде оның интеллектуалдық
және дене мүмкіндіктерінің, еріктік қасиеттері мен шығармашылық
қабілеттерінің дамуына бағытталған.
Заманауи педагогикада жобалық оқыту жүйелі пәндік оқытудың орнына
емес, сонымен қатар білім беру жүйелерінің компоненті ретінде қолданылады.
Жобалық оқыту технологиясы оқу жобасын орындау барысында
оқушының қиыншылықтарды жеңу үшін нақты жағдаяттарды басынан
кешіруді, құбылыстың, үдерістің түбіне жетуді қатыстыруды көздейді.
Оқу жобасына қойылатын талаптар:
1.
Әлеуметтік маңызы бар зерттеушілік, ақпараттық, тәжірибелік
міндеттің (мәселенің) бар болуы қажет.
2.
Жобаны орындау мәселені шешу бойынша іс-әрекетті жоспарлаудан,
басқаша айтқанда – жобаны жобалаудан, атап айтқанда – өнімнің түрі мен
презентацияның түрін анықтаудан басталады.
3.
Әр жоба, міндетті түрде, оқушылардың зерттеушілік жұмысын талап
етеді.