Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет94/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   317
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
97 
үлкен  қиыншылықтарға  кезігеді;  егер  оқу  ісінде  жүйелілік  және  бірізділік 
сақталмаса, оқушылардың даму процесі бәсеңдейді [18].  
Жүйелілік және бірізділік принципі: 
-  
оқушылардың  білімдер  жүйесін  қалыпты  игеруін  қамтамасыз  ету  үшін 
сызбанұсқаларды,  жоспарларды,  кестелерді,  кескіндерді,  үлгілерді  орынды 
пайдалану. Бұлар «Көркем еңбек» пәнінде орындалатын аппликация, оригами, 
ашық  хат,  коллаж  техникаларын  орындауда  қолданылады.  Аталған  жұмыс 
түрлерін  орындауда  оқу  материалын  логикалық  бітімге  келген  бөліктерге 
ажырату  арқылы,  балаларды  бір-бірімен  байланысты  бірізді  оқу  әрекеттерін 
жасауға үйрету;  
-  
пәнаралық  байланыстарды  пайдалану.  Мазмұндық  тұрғыдан,  сондай-ақ 
оқу  әдістемелерінде  сыныптар  арасындағы  сабақтастықты  қамтамасыз  ету. 
Жаңартылған білім мазмұны аясында әзірленген кіріктірілген «Көркем еңбек» 
пәнінің  бағдарламасында  бұл  принцип  айқын  көрініс  табады.  Мысалы 
«Шығармашылық  идеяларды  зерттеу  және  дамыту»  бөлімінің  «Қоршаған 
ортаны білу және түсіну» бөлімшесін оқу барысына қойылатын мақсат: 
1-
сыныпта  –  Қоршаған  ортаның  кейбір  ерекшеліктерін,  таныс  бейнелер 
мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.). Бұл мақсат келесі сыныпта 
тереңдетіледі. 
2-
сыныпта – Таныс бейнелер мен пішіндерді зерттеу барысында қоршаған 
ортаның кейбір ерекшеліктерін сипаттау (түс, фактура, пішін және т.б.). 
3-
сыныпта  –  Бейнелер  мен  пішіндерді  зерттеу  барысында  олардың 
айырмашылығы  мен  ұқсастықтарын  меңгере  отырып,  қоршаған  ортаның 
ерекшеліктерін түсіндіру (түс, фактура, пішін және т.б.). 
4-
сыныпта – Қоршаған ортаның ерекшеліктерін, аса күрделі бейнелері мен 
пішіндерін  зерттеу  барысында  олардың,  айырмашылығын,  ұқсастығын  және 
өзара  байланыс  себептерін  түсіну  және  түсіндіру  (түс,  фактура,  пішін  және 
т.б.).  Аталған  мақсаттарға  жету  арқылы  оқушылардың  бір  тақырып  бойынша 
білімдері 
тереңдетілуімен 
қатар 
«Дүниетану», 
«Жаратылыстану», 
«Математика» және тіл пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.  
Оқытудағы  ғылымилық  принцип  оқушыға  берілетін  білімнің  мазмұны 
ғылымның  қазіргі  даму  дәрежесіне  сәйкес  деректерді,  теорияны,  заңдарды 
қамтуын  талап  етеді.  Бұл  принцип  оқу  бағдарламасында,  оқулықтарда  және 
оқылатын  басқа  материалдарда  да  көрініс  табатын  болса,  оқыту  барысында 
оларға  ғылыми  әдістеме  мен  ғылыми  зерттеудің  қарапайым  жолдарын  да 
білгізуге  жағдай  жасары  сөзсіз.  Ғылымилық  принципі  табиғаттың 
заңдылықтарын  ашуға,  қоршаған  ортаның  алуан  түрлілігін  және  әсемдігін 
көруге мүмкіндік береді [18]. 
Ғылымилық  принципі  көркем  өнер  сабақтарында  заманауи  құрал-
жабдықтардың,  өлшеуіш  құралдардың,  түрлі  суреттердің  қолданылуын  талап 
етеді.  Оқушылар  жаңа  материалдармен  танысып,  олардың  қасиеттерімен, 
күнделікті өмірде, шаруашылықта қолданылуымен танысулары қажет.  
Оқу суретінің ғылыми негіздері сәуле мен көлеңкенің, анатомия және т.б. 
заңдарын  оқып  білетін  перспектива,  түсті  оқу,  көлеңкелер  теориясы  сияқты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет