Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет112/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   317
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
113 
ІІ. Өткен сабаққа шолу жасап, техника қауіпсіздігі ережесін еске түсіру. 
Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан. 
Қайшыны тек өз жұмыс орныңда ғана пайдалан. 
Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама. 
Қайшыны ашық күйінде қалдырма. 
Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын. 
Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама. 
Қайшының алмасына зер салып қи. 
Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой. 
Желімнің қақпағын абайлап аш. 
Қағазға ұқыпты, керегінше жақ. 
Артығын сүрткішпен алып таста. 
Қолыңды сүрткішпен сүрт. 
Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой. 
Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста. 
Қылқаламды ешкімге нұсқама. 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 
«Ою-өрнек»  сөзі  –  латынның  «орнамент»  деген  сөзінің  баламасы. 
«Орнамент»  сөзі  –  «сәндеу»  немесе  «әсемдеу»  деген  ұғымды  білдіреді.  «Ою» 
сөзі,  біріншіден,  ағаш  немесе  темір  материалдарын  ойып,  затты  көркемдеу 
дегенді білдірсе, екіншіден, материалды ою немесе ою үлгісін дайындау деген 
ұғымды  білдіреді.  Ал  «өрнек»  сөзі  –  бірнеше  көркемдеп  сызылған  сызықтар 
жиынтығынан  құралған  әсемдік  сызба.  Ою-өрнек  –  бұл  сызба.  Халық  ерте 
заманнан  ою-өрнекті  дамытып  келеді.  Ою-рнек  түрлері  көп.  Ол  –  көркем 
қолөнердің  бір  саласы.  Халық  шеберлері  ою-өрнекті  өсімдік,  құс,  жануарлар, 
ғарыштық денелер бейнесіне ұқсатып құрастыра білген. Ою-өрнекті тұрмыстық 
мүліктер мен бұйымдарды безендіруге қолданған. 
Ою-өрнек түрлері 
 
ІV. Практикалық жұмыс. 
Сурет  дәптеріне  қошқармүйіз  өрнегін  салып  және  оны  қағаздан  қию, 
жапсыру жұмыстарын ұйымдастыру. 
«Қошқармүйіз» оюын қию 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет