Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
123 Ұжымдық қарым-қатынас (ұйымдастырылған диалог, үйлесімді диалог,
оқытудың ұжымдық тәсілі, жұптық жұмыс) технологиясын А.Г.Ривин және
оның шәкірттері В.В. Архипова, В.К.Дьяченко, А.С.Соколов және басқалардың
қатысуымен әзірленген.
Ұжымдық қарым-қатынас технологиясы үш компоненттен тұрады:
-
оқу материалын дайындау;
-
оқушыларды бағыттау;
-
сабақтың технологиялық кезеңі.
Оқу материалын дайындау оқу мәтіндерін, тақырып бойынша қосымша
және анықтамалық әдебиеттерді іріктеуден тұрады; оқу материалын меңгеру
бірліктеріне бөлу (мағыналық абзацтар); мақсатқа бағытталған тапсырмалар
(сонымен қатар үй тапсырмаларын да) әзірлеу.
Кіріктірілген «Көркем еңбек» пәніндегі ұжымдық қарым-қатынас
технологиясы, балаларды ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге,
достарын тыңдай білуге, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеуге мүмкіндік
береді. Алдыңғы технологияларда қарастырылған «Қоршаған ортаны білу және
түсіну» бөлімшесіндегі (1-сынып) – Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін,
таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.) мақсаты
бойынша тағы бір мысал келтіруге болады. Дайын көбелек бейнелерін
қолданып, оқушыларға топта «Жазғы дала» немесе «Көбелектер алаңы» атты
шығармашылық жұмыс орындауды тапсыруға болады. Бұл жұмысты орындау
барысында оқушылар өздері әзірлеген көбелектерді пайдаланады, сонымен
қатар бірлесе отырып шығармашылық жұмыс орындайды, яғни біреуі гүлдердің
суретін салады, біреуі бояйды т.с.с.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша
өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін
меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және
өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік,
қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты –
сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты
І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім
стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған
оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға
міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы.
Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға
ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай
жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды
дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне
баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен
бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол