Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет130/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   317
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
131 
мұғалім,  мектеп  әкімшілігі,  ата-аналар  тарапынан  болатын  бақылауды 
шеткерілетпей, керісінше оқушының өздігінен бақылау және өзін-өзі бағалауын 
күшейтер еді.  
Жоғарыда  айтылғандардың  негізінде  бастауыш  сыныптардың  мұғалімі 
«Көркем  еңбек»  пәнінен  оқушылардың  көркем  шығармашылық  жетістіктерін 
бағалау жүйесін алдын ала анықтаулары тиіс. Заманауи білім беру жағдайында 
бағалау жүйесі келесі құрылымнан шығуы тиіс: 
-  
нені бағалау керек (нақты нені бағалау керек); 
-  
қалай  бағалау  керек  (бағаланатын  нәтиже  қандай  құралдармен  және 
қандай критерийлер бойынша бағалануы тиіс); 
-  
қандай  жағдайда  бағалау  керек  (бағалау  дегеніміз  не  және  қандай 
кезеңдерден тұрады).  
Сабақта  оқушының  көркем  еңбекке  қатысты  арнайы  қабілеттерін  ғана 
бағалап  қоймай,  оның  шығармашылығын  да  бағалау  қажет.  Әсіресе  өнердің 
өмірмен  байланысын  есепке  алатын  болсақ,  онда  оқушының  мектептен  тыс 
танымдық  әрекетін  де  бағалауды  назардан  тыс  қалдырмау  керек.  Оқушы  үй 
тапсырмасын  орындау  барысында  іздеу-зерттеушілік  қызметпен  айналысуы 
мүмкін немесе шығармашылық жұмыстың өз үлгісін көрсетуі де мүмкін. 
Оқушылардың  көркем  шығармашылығын  бағалаумен  қатар,  олардың 
шығармашылық  интеллектуалдық  бастамаларын:  оқушының  қойған 
сұрақтарының  бірегейлігі,  қосымша  материалды  өз  бетінше  іздеуі,  оқушы 
тарапынан айтылған қызықты көзқарастар және т.б. бағалау өте маңызды 
Бағалаудың  бұл  жүйесі  бойынша  жұмыс  істеу  барысында,  мұғалімнің 
оқушылармен  бірлесе  отырып  шығармашылық  жұмыстың  орындалу 
критерийлерін  талқылауы  маңызды  болып  табылады.  Танымдық-
шығармашылық  жетістіктерді  ағымдық  бағалау  жоғарыда  айтылған,  яғни 
оқушының  өзін-өзі  бағалауына,  оның  өздігінен  дамуына  ерекше  назар 
аударылатын әдіспен жүзеге асырылады. 
Оқушының  сабақтағы  барлық  танымдық  және  жасампаз  қызметін  төрт 
критерий бойынша бағалау ұсынылады:   

мұғаліммен серіктестікке дайындығы; 

балалардың  көркем  шығармашылықта  көрінетін  (оның  ішінде  өзін-өзі 
текксеруде) қарым-қатынасы, қызығушылығы, қабілеті; 

балалар  еңбегінің  сапасын  есепке  алумен  шеберлігі(шығармашылық 
әрекет тәсілдері); 

нәтиженің  мәнін  оқушыларды  және  айналадағыларды  дамыту  ретінде 
қарастыратын  оқушылардың  көркем  еңбек  нәтижесінің  қоғамдық-пайдалы 
мәні.  
Мұғаліммен  серіктестікке  дайындық  критерийі  қажетті  көркем 
материалдардың,  орындалған  үй  тапсырмасының  көпдеңгейлі  көлемінің, 
ізденушілік-зерттеушілік қабілетінің  бар болуын айқындайды. 
Екінші  критерий  –  қарым-қатынас,  қызығушылық  –  оқушылардың 
деңгейлерді  анықтау  арқылы  жұмыстағы  қабылданған  және  бейнеленген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет