Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
130
-
баласының мектепте және сыныпта өзін жайлы сезінетіне сенімді
болуына мүмкіндік береді.
Оқу мақсаттарына жеткендікті бағалау үшін бағалаудың формативтік және
ішкі суммативтік түрлері қолданылады.
Формативтік бағалау – ағымдағы бағалау, оны оқу бағдарламалары мен
оқу жоспарларының мақсаттарына сәйкес мұғалім жүргізеді және бағалаудың
бұл түрі оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Формативті бағалауды жүргізу алдында оқушыларды оқу мақсаттарымен
және жетістік критерийлерімен таныстырып отыру өте маңызды. Мысалы, егер
«
Әр түрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу,
қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру» мақсатын қолданатын
болса, онда бұл мақсатқа жету жетістік критерийлері келесідей болуы мүмкін:
-
табиғи материалдарды анықтай, іріктей, топтастыра алу, қолданылу
аясын білу,
-
олардың қасиеттерін білу т.б.
Бастауыш сынып оқушыларына түсінікті болу үшін мұғалім жетістік
критерийлерін және жұмыс істеу барысында нелерге аса көңіл аудару
қажеттігін түсіндіруі тиіс.
«Көркем еңбек» пәнінің бағдарламасы оқушылардың түсінуін, өз
қобалжуларының мәнін түсінулерін дамытуды басты мақсат ретінде
қарастырады. Аталған бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер
балалардың суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын бағалау барысында
баланың туа біткен тұлғалық қасиетін көрсететін қоршаған ортамен
байланысын көрсететін шығармашылығы ретінде қарайды. Бір мұғалімдер
баланың жұмысын бағалауда бейнелеу сауаттылығы негізіне қараса, басқалары
–
баланың қоршаған әлемге қатынасы бойынша авторлық негізіне көңіл
аударады.
Оқушылардың
сабақтағы
көркем-шығармашылық
іс-әрекеттерін
бағалаудың проблемалы маңызды аспектілерінің бірі қолданыста жүрген
бағалау жүйесі. Қолданыстағы бағалау жүйесінде оқушылардың сабақтағы
танымдық әрекеттері есепке алынбайды, тек соңғы нәтиже ретінде дайын сурет
немесе бұйым бағаланады.
Сондықтан да оқушылардың көркем шығармашылық жетістіктерін бағалау
жүйесін қайта қарау мәселесі туындап отыр. Баланың шығармашылық
мүмкіндіктерінің дамуы, сондай-ақ оның өз бетінше еңбек ету белсенділігін
арттыру (өз бетінше бақылау-бағалау іс-әрекеттері элементтерінің қалыптасуы
және дамуы) туралы мәселелер туындайды, бұл оның есеюінің негізгі белгісі
болып табылады. Бұл қолданыстағы «Технология және өнер» білім саласының
міндеттерін түбегейлі өзгертуге әкеледі. Жалпы сауаттылық пен түзетуді
қалыптастыру және оқушылардың табиғи қасиеттерінің дамуы мәселелерінің
арасында, соңғысы басым болып табылады. Әрине бұл мұғалімнің бақылау-
бағалау әрекетіндегі рөліне жаңаша көзқарас тудырады.
Көркем еңбек сабақтарында осындай бағалау жүйесін қолдану, қажеттілігі
туындайды, ол өзінің бойында бақылау мен диагностиканы үйлестіреді, яғни