Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет25/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   317
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
25 
сабақтарда  кестелер,  диаграммалар,  сауалнамалар  толтыру,  эссе  жазу  сияқты 
рефлексті жұмыс түрлерімен айналыса алады.  
Оқушыларды  рефлексия  жасауға  үйретуде  мәселенің  психологиялық 
жағына  мән  беру  тиімді.  Мұғалімнің  басты  міндеті:  оқушының  өткізген  күні 
немесе  істеген  жұмысы  жайлы  айтқысы,  ойымен  бөліскісі  келетіндей 
психологиялық  ахуал  жасау.  Әсіресе  баланың  өзі  жасаған  әрекеттеріне 
байланысты  басынан  өткен  сезімдерін  қайта  оралта  алуы,  ол  жайлы  қағазға 
түсіруі  немесе  басқаша  суреттеуі  ерекше  жағдайды  талап  етеді.  Сонымен 
рефлексия – көп қырлы кіріктіріліп жасалған әрекет. Алдағы жұмыстарда ондай 
кемшілікті  жібермеуге  тырысамыз.  Рефлексияның  тиімділігін  атап  көрсетер 
болсақ, оқушы үшін: 
-  
рефлексия – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 
-  
рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз; 
-  
рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады
-  
рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады; 
-  
рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады; 

өз-өзіне баға бере алады; 

 
білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды. 
Мұғалім үшін: 

ақпаратпен күнделікті жұмыс; 

шығармашылыққа деген ынта-жігері;  

әрбір оқушының пікіріне құлақ түру; 

пәндік білім сапасының артуы

өзіндік сынның қалыптасуы

сыни ойлауға жетелеу. 
Мұғалімнің  кәсіби  даму  бағдарламасына  іздеу,зерттеу  қызметінің 
мүмкіндіктері  жатады.  Педагогикалық  қызметті  талдау  барысында  теориялық 
білім  алудың,  диагностика  мен  өзіндік  диагностиканы  игерудің  қажеттілігі 
туады. 
Оқушылар  өзі  жасаған  әрекеттеріне  ауызша  баға  беру,  суреттер  салу 
түрінде,  кестелер,  диаграммалар,  сауалнамалар  толтыру,  эссе  жазу  сияқты 
жұмыс  түрлерімен  айналыса  алады.  Онда  оқушылар  алған  білімдеріне, 
тапсырмаларына  қорытынды  жасап,  пікір  айтуға  дағдыланады,  ойын  ортаға 
салады.  Нәтижесінде  оқушылар  өз-өздерін  реттейді.  Жүйелі  сөйлеуге,  ойын 
ашық  жеткізе  білуге,  талдау  жасауға  үйренеді.  Сабақтың  жақсы  не  жаман, 
мағыналы  не  мағынасыз,  көңілді  не  көңілсіз  өтуіне  байланысты  оқушылар 
эмоцияларын  білдіріп  отырды.  Осыдан  мұғалім  өзіне  қорытынды  жасауына, 
өзіне баға беруіне болады. 
Рефлексияны  әртүрлі  жүзеге  асыруға  болады,  сабақтың  соңында  әр 
тақырыптың соңында, сабақ кезеңдері арасында, тарау соңында. Ол ақырындап 
оқушының  ішкі  рефлексиясына  ұласуы  керек.  Рефлексияның  төмендегідей 
түрлері бар:  

оқу материалы мазмұнының рефлексиясы; 

көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет