Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет27/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
27 
Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын сабақ туралы ата-аналарына жеделхат 
жазу  ұсынылады.  2-3  минут  жеделхат  құруға  беріледі,  содан  соң  барлығы  өз 
жеделхаттарын оқып жалпы қорытынды жасалады. 
«Өзіме  хат»  жазу  дағдысын  дамытуға  септігін  тигізіп,  оқушының  өзіндік 
талдау  жасауына  ықпал  етеді.  Сабақта  не  өткені  туралы  өз-өзіне  хат  жазу 
тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды. 
«Fishbone» «Балық қаңқасы» диаграммасы. 
Басы  –  негізгі  тақырып,  жоғарғы  сүйектері  –  тақырыптың  негізгі 
ұғымдары, төменгі сүйектері – ұғымдарға түсініктеме, құйрығы – қорытынды, 
немесе сұрақтың жауабы қысқа ұғымдар арқылы жазылуы тиісті. 
«Жылан» диаграммасы. 
Сабақтағы материалды қалай түсінгенін тексеруге арналған. Басы – негізгі 
тақырып,  ортасы  –  тақырыптың  негізгі  ұғымдары,  ұғымдарға  түсініктеме, 
құйрығы  –  қорытынды,  немесе  сұрақтың  жауабы  қысқа  ұғымдар  арқылы 
жазылуы тиісті. 
«Алма ағашы» әдісі. 
Оқушыларға екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына 
ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: 
менің  көңіл-күйім  көтеріңкі.  Қызыл  түсті  алма  –  мен  тапсырманы  орындай 
алмадым, көңіл-күйім жоқ. 
«Бір сөзбен» әдісі.  
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы 
жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. 
Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, 
Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. 
«Табыс сатысы» әдісі. 
Сатының суреті. 
1-
баспалдақ: Мен............ білемін.  
2-
баспалдақ: Мен.................. түсінемін.  
3-
баспалдақ: Мен............. жасай аламын. 
«Таңдау» әдісі. 
1. Мен сабақ, қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім _____________ үйренгенім аз болды. 
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
4. Мен пікіралмасуға жиі ______________ сирек қатыстым. 
5.  Мен  сабақтағы  өз  жетістіктеріме  ризамын  ____________  риза  емеспін. 
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі 
мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін 
қою тапсырылады [5]. 
Бір  сабақта  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым  бойынша  нақты 
нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  бір  немесе  екі  оқу  мақсаты  (дағды)  ғана 
алынғаны  дұрыс.  Үш  немесе  одан  да  көп  дағдыны  алу  сабақтың  мақсатына 
жетуге,  қажетті  дағдыларды  терең  қалыптастыруға  мүмкіндік  бермей, 
оқушыларда тұрақсыз білім қалыптастыруы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет