Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет45/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   139
Еңбекке баулу

Үшбұрыштарды  қиып,  бір-бірімен  беттестіріп,  екі-екіден 
түстері бойынша ақ картонға жапсыру. 
АКТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Түсті  бояулар 
альбом, 
қайшы, 
түсті қағаз, 
желім 


111 
Соңы 

Құрақ – қазақ халқының үй тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа 
ұласқан ұлттық тәсілдегі өнер екендігіне көз жеткіздік. 

Құрақ  қырау  өнерінің  шығуы  тікелей  үй  жиһаздарының  сәнділігі,  мата 
түрлерін  пайдаланудағы  үнемділігі  адам  баласы  күнделікті  тұтынатын 
төсеніш екенін меңгердік 
Қорытынды сұрақтар: 

Ұлттық үйлесім бойынша қанша түсті білесіңдер? 

Сегіз  қанат  құрағының  үлгісінің  бөлшектері  қандай  геометриялық 
фигурадан тұрады ? 

Қауіпсіздік сақтау ережелерінің қолдануын ата. 

Ұлттық қолөнер құрақ құрағынан шығатын бұйымдарды ата. 
Рефлексия 
Сабақтың  мақсаттары  мен  міндеттері 
орындалды ма? 
Бүгін оқушылар не үйренді? 
Сабақ қалай өтті? 
Жоспарлау мен саралау іске жақсы асты ма? 
Мен  жоспарыма  қандай  өзгерістер  енгізер 
едім? Неліктен? 

иә, мақсаттарымен міндеттері орындалды 
 
 
Айтылым  және  тыңдалым  бойынша  тапсырма 
үлгілері: 

шығармашылық  жұмыс  орындау  үшін  түрлі 
идеяларды талқылау 
 
 
Қарлығаш Дулатқызы Сулейменова 
І санатты бастауыш сынып мұғалімі 
№ 9 орта мектебі Степногорск қаласы  
Ақмола облысы 
Еңбекке баулу және бейнелеу өнерінен кіріктірілген сабақ жоспары 
2-
сынып 
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек туралы түсінік. 
Сабақтың мақсаты: 
білімдік: қазақ ұлтының ою-өрнегі туралы түсінік беру; 
дамытушылық:  өрнектердің  орналастыру  ерекшеліктерімен  таныстыру, 
графикалық білімдер мен дағдыларды дамыту; 
тәрбиелік: туған мәдениетке қызығушылық туғызу және оны құрметтеуге 
баулу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақта қолданатын технология түрі: АКТ, СТО 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сурет салу, жапсыру 
Көрнекі құралдар: ою-өрнек түрлері, суреттер, слайдтар. 
Сабақтың барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Психологиялық дайындық. 
Күннен шуақ аламыз.  
Биікке қанат қағамыз,  
Болашаққа талпынып  
Оттай лаулап жанамыз  
Сабақты жақсы оқып,  
Кілең бестік аламыз. 
 
ІІ. Өткен сабаққа шолу жасап, техника қауіпсіздігі ережесін еске түсіру. 


112 
Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан. 
Қайшыны тек өз жұмыс орныңда ғана пайдалан. 
Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама. 
Қайшыны ашық күйінде қалдырма. 
Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын. 
Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама. 
Қайшының алмасына зер салып қи. 
Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой. 
Желімнің қақпағын абайлап аш. 
Қағазға ұқыпты, керегінше жақ. 
Артығын сүрткішпен алып таста. 
Қолыңды сүрткішпен сүрт. 
Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой. 
Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста. 
Қылқаламды ешкімге нұсқама. 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 
«Ою-өрнек»  сөзі  –  латынның  «орнамент»  деген  сөзінің  баламасы. 
«Орнамент»  сөзі  –  «сәндеу»  немесе  «әсемдеу»  деген  ұғымды  білдіреді.  «Ою» 
сөзі,  біріншіден,  ағаш  немесе  темір  материалдарын  ойып,  затты  көркемдеу 
дегенді білдірсе, екіншіден, материалды ою немесе ою үлгісін дайындау деген 
ұғымды  білдіреді.  Ал  «өрнек»  сөзі  –  бірнеше  көркемдеп  сызылған  сызықтар 
жиынтығынан  құралған  әсемдік  сызба.  Ою-өрнек  –  бұл  сызба.  Халық  ерте 
заманнан  ою-өрнекті  дамытып  келеді.  Ою-рнек  түрлері  көп.  Ол  –  көркем 
қолөнердің  бір  саласы.  Халық  шеберлері  ою-өрнекті  өсімдік,  құс,  жануарлар, 
ғарыштық денелер бейнесіне ұқсатып құрастыра білген. Ою-өрнекті тұрмыстық 
мүліктер мен бұйымдарды безендіруге қолданған. 
Ою-өрнек түрлері 
 
ІV. Практикалық жұмыс. 
Сурет  дәптеріне  қошқармүйіз  өрнегін  салып  және  оны  қағаздан  қию, 
жапсыру жұмыстарын ұйымдастыру. 
«Қошқармүйіз» оюын қию 


113 
Төрт  бөліктен  құралған  «қошқармүйіз»  оюын  қиып  үйрену  үшін  өлшемі 
10х10 см шаршы пішінді қағаз қиып аламыз, өлшемін өз қалауыңша алуға да 
болады.  
Жұмыстың орындалу реті: 
-  
қағазды төрт қабаттап бүктейміз. 
-  
төртке бүктелген қазақдың бетіне үлгінің көмегімен оюды сыз. 
-  
сызылған оюды сызық боймен қиып ал.  
-  
оюыңды жазып, тегісте. 
Төрт  бөліктен  тұратын  «қошқармүйіз»  оюы  дайын.  Оюды  басқа  түсті 
қағазға жапсырамыз. 
 
 
V. Сабақты қорытындылау. 
Жұмыстың орындалу барысына талдау жасау. 
VI. Сабақты бекіту сұрақтары: 
1. Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер? 
2. Ою-өрнекті қайда қолданады? 
Сабақ  соңында  оқушылардың  сабақ  барысында  көрсеткен  белсенділік 
ынталарына қорытынды жасай отырып, жұмыстарын сапасына қарай бағау. 
VII. Үйге тапсырма беру. 
 
Солтанбекова Алтын Алпысбаевна 
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі 
№72 мектеп-лицейі  
Астана қаласы  
«Бейнелеу  өнері»  пәніндегі  «Еске  түсіру  арқылы  көбелектің  суретін 
саламыз»  тақырыбы  мен  «Еңбекке  баулу»  пәніндегі  «Көбелек  және  гүл» 
композициясы тақырыптарын кіріктіру 
Сабақ тақырыбы: «Көбелек» 
Мақсаты: Табиғатқа деген өзінің құнтты қарым-қатынасын көрсете білуге 
үйрету; күрделі пішіндегі затты бейнелеу және көлемді заттың композициясын 
жапсырмалау әдісіне баулу. Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау. Шығарма 
мазмұны  бойынша  түйінді  ой  қорытады,  басқалардың  пікірі  мен  көзқарасына 
баға береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет