Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет2/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Кіріспе  
 
Білім – елдің зияткерлік капиталын қалыптастырушы стратегиялық ресурс. 
Осыған  байланысты  білім  Қазақстанның  барлық  даму  стратегияларында  аса 
маңызды 
басымдықтардың 
бірі 
ретінде 
айқындалған. 
Елбасы  
Н.Ә.  Назарбаев  2014  жылғы  17  қаңтардағы  «Қазақстан  жолы:  бір  мақсат,  бір 
мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемдегі ең дамыған 
30  елдің  қатарына  кіруде  білім  беру  маңызды  рөл    атқаратынын  айта  келіп, 
басым бағыттарын белгілеп берді [1].  
Осы  бағытта  білім  сапасын  арттыру  ісіне  ерекше  мән  беру  қажеттілігі 
артады. Сапалы білім беру педагогтердің шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. 
Ал  педагогикалық  шеберлік  пен  іскерлікті  дамытуда  жаңа  технологияны 
қолданудың  маңызы  зор.  Оқытудың  жаңа  технологиясы  –  оқытудың  тиімді 
әдіс-тәсілдерін  қолдануды,  оқытудың  әртүрлі  әдістері  мен  формаларын 
біріктіруді,  оқу  материалын  тиімді  пайдалануды,  оқудың  сапасына  білім  мен 
біліктілікті  жүйелеуді  жүзеге  асырады.  Оқытудың  жаңа  педагогикалық 
технологиясы  –  оқытуды  ізгілендіру,  өзін-өзі  дамытып,  тәрбиелей  білетін, 
заман  ағымына  ілесе  алатын  кәсіби,  білікті,  жан-жақты  жеке  тұлға 
қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен 
бірге  өз  қабілетіне  қарап,  өзін-өзі  дамыта  отырып,  өзіне  сын  көзбен  қарауға 
мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін 
дамытады.  
2015-2016 
оқу  жылынан  бастап,  республикамыздың  30  пилоттық 
мектебіндеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 
6  қарашадағы  №455  бұйрығына  сәйкес  Бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  стандарты  бойынша  білім  мазмұнын  жаңарту  жұмысы 
басталды.Жаңартылған  білім  мазмұны  «мектепте  не  үшін  оқу  керек?»  деген 
сұрақ  аясында  болып,  білім  мазмұны  күтілетін  нәтижеге  және  баланың 
бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. 
Осыған  орай,  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  базасында  сынақтан 
өткізілген  жаңартылған  білім  мазмұнының  кіріктірілген  оқу  бағдарламалары 
болашақта  жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқу-тәрбие  процесіне  жаппай 
енгізу жоспарланып отыр.  
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасында  қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің 
оқытылуы  да  өзгеше.  Бағдарлама  оқушының  білім,  білік  және  төрт  тілдік 
дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. 
Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және 
бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Яғни,  жыл  бойына  бірнеше  рет  қайталанып 
отырады және сынып өскен сайын тілдік оқу мақсат та күрделене түседі. 
Жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналған 
кіріктірілген «Көркем еңбек» пәні оқушыларды ұрпақтардың рухани тәжірибесі 
ретінде  өнерге  тартуға,  көркем  өнер  әрекеттерінің  тәсілдерін  меңгеруге, 
баланың  шығармашылық,  дарындылық,  тұлғалық  қабілеттерін  дамытуға 
бағытталған.  



«Көркем еңбек» пәні деп «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» пәндерін 
біріктіріп,  тұтас  бір  пән  ретінде  ұсынып  отырмыз.  Себебі  «Еңбекке  баулу» 
пәнінде оқылатын кез келген бір тақырыпты қарастыратын болсақ, ең алдымен, 
сол тақырыптың бейнесін көз алдымызға елестетеміз немесе саламыз. Мысалы, 
ермексаздан қандай да бір жануарды немесе құсты мүсіндеу керек болса, оның 
суретін  қарастырамыз,  мүсіннің  дайын  бейнесін  көз  алдымызға  елестетеміз, 
содан  соң  тапсырманы  орындауға  кірісеміз.  Кіріктірілген  пәннің  «Көркем 
еңбек» деп аталуына осы себеп болды. 
«Көркем  еңбек»  пәні  баланың  қоршаған  әлемге  көзқарасын  өзінің 
шығармашылық  жұмыстарында  көрсете  білу  қабілетін  дамыту,  әртүрлі 
материалдармен жұмыс істеу техникасын игеруі, бастауыш сынып оқушылары 
қолдарының моторикасы және қолдың буындары үшін, иілгіштігін, икемділігін 
және көзбен шамалау дәлдігін жақсартуы үшін өте маңызды.  
«Көркем  еңбек»  пәнiн  оқыту  барысында  бастауыш  сыныптардағы  тілдік 
пәндерде  еңбек  және  оған  қатысты  ұғымдарды  түсіну  мен  дұрыс  қолдану, 
сұрақтарға толық жауап беру, орындалған жұмыстың нәтижесімен таныстыруда 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады.  
Бұйымдар  дайындауда  әртүрлі  өлшем  бiрлiктерiн  қолдану,  аппликация 
жасауда, ашық хат әзірлеу және безендіруде, коллаж, оригами техникаларында 
нақты  математикалық  логика  және  симметрияны  пайдалануы,  заттың  пішінін 
анықтауы арқылы «Математика» пәнінен алған білімдерін пайдаланады. 
«Дүниетану»  пәнімен  байланыс  бөлме  өсімдіктерін  өсіру  дағдыларынан, 
өсімдіктер және жануарлар әлемі туралы білімін пайдаланудан көрініс табады. 
Оқушының  эмоционалдық  мәдениетін  қалыптастыру  үшiн  музыкалық 
шығармаларды пайдалану «Музыка» пәнімен пәнаралық байланысты орнатуға 
көмектеседі.  
Бүгінгі  күні  барлық  алдыңғы  қатарлы  елдер  жоғары  сапалы  білім 
жүйесімен жұмыс істеуде. Осыған орай біздің елімізде де жоғары сапалы білім 
жүйесіне  көшуге  бағытталған  білім  мазмұнын  жаңарту  шаралары  іске 
асырылуда.  Өйткені,  бүгінгі  таңда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның 
азаматтарының  парасаттылығымен  анықталады,  сондықтан  білім  беру  жүйесі 
болашақтың  талабына  сәйкес  дамуы  тиіс.  Оқушыларды  заманауи  әдіс-
тәсілдермен  оқытып,  ой  –  өрісі  кең,  саналы,  еркін  азамат  етіп  тәрбиелеу 
қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін 
қарқынды дамытқан бұл процестің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле 
бастауы көңілді қуантады.  
Курстың  ерекшелігі  –  алға  қойған  мақсаты  айқын,  бағдары  жүйелі.  Бұл 
бағдарлама  оқытуды  ізгілендіру,  өзін-өзі  дамытып,  тәрбиелей  білетін,  заман 
ағымына  ілесе  алатын  кәсіби,  білікті,  жан-жақты  жеке  тұлға  қалыптастыруды 
мақсат  етеді.  Оқушылардың  кәсіби  білім  сапасын  арттырумен  бірге  өз 
қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет