Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет54/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   139
Мұғаліммен  серіктестікке  дайындық  критерийі  қажетті  көркем 
материалдардың,  орындалған  үй  тапсырмасының  көпдеңгейлі  көлемінің, 
ізденушілік-зерттеушілік қабілетінің  бар болуын айқындайды. 
Екінші  критерий  –  қарым-қатынас,  қызығушылық  –  оқушылардың 
деңгейлерді  анықтау  арқылы  жұмыстағы  қабылданған  және  бейнеленген 
құбылыстарға  өздерінің  көзқарастарын  білдіруге  әуесқойлығы,  шабыттануы 
мен ынталылық деңгейін бейнелейді:  


131 

қабылданған  және  бейнеленген  құбылыстарға  (әрекет  мотиві,  олардың 
өзгерісі,  егер  балалардың  жұмыстары  сүйсінуге  және  өз  нәтижелеріне 
қанағаттануға мүмкіндік беретін болса) эмоциялық қарым-қатынасы; 

шығармашылық ойларын (жаңа шығарма шешімін іздеудегі табандылығы 
мен  қайсарлылығы)  тәжірибеде  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ететін  тұлғаның 
еркітілік қасиеті; 
Үшінші  критерий  –  шеберлік  (шығармашылық  әрекет  тәсілдері)  – 
оқушылардың  сызықтар  мен  шектерден  тұратын  форманы  беру  арқылы 
бейнелік  сауаттылыққа  қатысты  көркемдік  қабілеті  мен  суреттің  және  осы 
форманы берудегі кескіннің бейнелік құралын қолдану мен қажетті дағдыларды  
меңгеру деңгейін анықтауға арналған. 
Төртінші критерий – оқушылардың көркем еңбек нәтижесінің  қоғамдық 
пайдалы мәні – төмендегілерді құрайды: 

балалар  жұмысының  тақырыпқа,  белгілі  бір  идеяға  (егер  тақырып  пен 
идея  берілген  болса)  сәйкестігі,  танымдық  және  жасампаздық  қызметте 
(оқушылар  бағаланады)  қолданылған  көркем-шығармашылық  жетістіктерге 
талдау; 

оқушылардың  өзін-өзі  бағалауын  мұғалімнің  бағалауымен  салыстыру 
(осы құрамдас бөлік мұғаліммен бағаланады). 
Осы  критерий  бойынша  бағалау  оқушының  тұлғалық  жетістігі,  оның 
көркем-шығармашылық  дамуы,  орындалған  жұмысының  әртүрлі  деңгейдегі 
көрмелерге  қатысу  мүмкіндігі  арқылы  жүргізіледі.  Ол  қорытынды  болып 
табылады,  балалар  жұмысының  (оның  құндылығы)  мәні  туралы,  олардың  сол 
немесе  басқа  да  көрмелерге  қатысу  мүмкіндігі  жөнінде  толық  түсінік  береді, 
онсыз шығармашылық қызмет толық емес, яғни аяқталмаған деп саналады. 
Сонымен  қатар,  балалардың  көрмелерге  қатысуы  балалар  ұжымының 
(студиялар,  үйірмелер,  көркемөнер  мектептері)  шығармашылық  қызметін 
бағалау  критерийлерінің    міндетті  шарты  болып  табылады.  Оның  бейнелеу 
әрекеті  (сурет  салуға,  телехабар  көруге,  мұражайға  және  т.б.  баруға  кететін 
уақыт  көлемі)  саласындағы  әуестігі  көрсетілетін  «оқушылардың  жеке 
жетістіктерінің  портфелін»  енгізу.  «Портфель»  жеке  жұмыстар  жиынтығын 
көрсетеді.  
Сонымен,  осы  критерийлерді  қолдану  жиынтығы  оқушының  танымдық 
және  жасампаздық  әрекетін  бағалауға  мүмкіндік  беретін  болады,  яғни 
орындаушының өзі емес, орындаған жұмысы бағаланады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет