Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата22.12.2016
өлшемі4,21 Mb.
#112
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
10
 
өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйренеді; 
-
 
 
қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, 
қызығушылығын арттырады [3]. 
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқыту бағдарламасы «қалай 
білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, 
жауапты,  ой-өрісі  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған 
қағиданы  ұстанады.  Мұғалімдер  оқушылардың  бойында  бұл  қасиеттерді 
қалыптастырып,  дамытуда  оқытудың  түрлі  стратегияларын  қолданады.  Атап 
айтқанда:  
-
 
 
оқушылардың  жеке  пікірін  тыңдай  білу,  олардың  бұған  дейін  алған 
білімдері  мен  қалыптасқан  түсініктерін  одан  әрі  дамыту  үшін  оларды 
қолданудың маңыздылығын құптау; 
-
 
 
мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы 
оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 
-
 
 
мәселелерді  шешу  әдіс-тәсілдерін  оқушыларға  түсінікті  жолмен  құру 
және көрсету; 
-
 
 
оқушылардың  білім  алуына  «Оқыту  үшін  бағалау»    арқылы  қолдау 
көрсету; 
-
 
 
оқушылардың  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуіне  және  зерттеу  әдіс–
тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуға бейімдеу;  
-
 
 
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; 
-
 
 
оқушылардың  жеке,  топтық  және  тұтас  сыныптық  жұмыс  түрлерін 
ұйымдастыру [4]. 
«
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәнінің  кіріктіріліп  оқытудақолданылатын 
принциптер: 
-
 
 
оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту. 
Оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру; 
-
 
 
оқушыларға  дебат  тақырыбын  таңдауға,  зерттеуге  және  «жақтаушы, 
даттаушы»  топтарын  құруға  мүмкіндік  беру  –  аргументтерді  қолдана  білу 
дағдыларын  қалыптастырады,  өз  ойын  жеткізуге,  таңдауға  және  келісімге 
келуге, шығармашылыққа мүмкіндік береді; 
-
 
 
тапсырмалар  (белсенді  іс-әрекеттер)  арқылы  оқу  материалын  өмірмен 
байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру; 
-
 
 
оқу процесінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болғанына назар 
аударылады,  мұғалім  оқу  материалын  дайын  күйінде  бермейді,  ашық  сұрақ 
қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға 
бағыттайды; 
-
 
 
оқылым  және  жазылымға  негізделген  сабақтарды  тиімді  құру  сын 
тұрғысынан  ойлауға  мүмкіндік  береді,  яғни  ол  қызығушылықты  ояту, 
мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады. Әр кезеңде белгілі бір 
оқыту  мақсатын  қоя  отырып,  мұғалім  оқушыларға  мақсатқа  жетуге,  мәселені 
анықтауға, талқылауға, жауаптарды іздеуге, қорытынды жасай отырып, өз ойын 
білдіруге және ашық қоғамның азаматы болуға үйретеді; 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
11 
-
 
 
интерактивті  оқыту  әдіс-тәсілі  арқылы  оқушы  интелектісіне  әсер  ету, 
яғни  ақпарат  мұғалімнен  оқушыға,  оқушыдан  мұғалімге  беріліп  отыруына 
мүмкіндік  береді.  Белсенді  оқытуда  оқушылар  өз  пікірін  айта  білуді  және 
өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді; 
-
 
 
ұжымдық  оқыту  технологиясы  жаңа  идеяларды  ұсынуға  және  жаңа 
мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттап отырады [4]. 
«
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәнінің  кіріктіріліп  оқытуда  қолданылатын 
педагогикалық тәсілдер. 
Республикамыздың жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, 
т.б.)  «білім  алу  жолдарын  білетін»,  өз  бетімен  білім  алуғаұмтылатын,  шешім 
қабылдауға  қабілетті,  ынталы,  қызығушылығы  мен  жауапкершілігі  жоғары, 
өзіне  сенімді,  өзінің  және  өзгенің  іс-әрекетіне  талдау  жасай  алатын  жеке 
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. 
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі 
педагогикалық  тәсілдер  мен  технологиялар  қолдана  алады.  Атап  айтқанда, 
олар: 
-
 
 
оқытудың коммуникативтік (қарым - қатынастық) тәсілдері (тыңдалым,  
айтылым, оқылым, жазылым); 
-
 
 
зерттеушілік  тәсіл  (оқушылар  «не  білемін?,  нені  білгім  келеді?,  нені 
үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді); 
-
 
Жүйелі-әрекеттік тәсіл; 
-
 
дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, 
өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);  
-
 
 
саралап  оқыту  технологиясы  (оқушыларды  қабілеті,  мүмкіндігі, 
ерекшелігіне қарай оқыту); 
-
 
 
мұғалім мен оқушының «субъект - субъектілік» дидактикалық қатынаста 
білім іздеу процесіне бірдей енуі; 
-
 
 
оқу  проблемаларын  шешу  барысында  мұғалім  мен  оқушының 
ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын 
шешудің  әдіс-тәсілдерін  оқушыларға  дамыта  оқыту  ұстанымына  сай  жолмен 
құру және көрсету; 
-
 
 
оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен 
қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту; 
-
 
ойын әдісі; 
-
 
«оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау; 
-
 
 
сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;  
-
 
 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  тиімді  қолдану  арқылы 
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру; 
-
 
 
тәжірибелік,  шығармашылық  оқу  әрекеттеріне  (түрлі  шығармашылық 
жұмыстар жасау) ынталандыру; 
-
 
оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу; 
-
 
оқушыларды  зерттеушілік  әрекетке  және  зерттеушілікке  негізделген 
белсенді оқуға ынталандыру;  

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
12
 
-
 
 
оқушыларға  алдын  ала  берілетін  түрлі  стильдегі  жазба  мәтіндердің 
үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді); 
-
 
 
оқушылардың  оқу  әрекетін  жеке,  топтық  және  ұжымдық  формада 
ұйымдастыру  (оқушылар  бірін-бірі  өзара  оқытуға,  бірін-бірі  бағалауға,  пікір 
алмасуға, т.б. үйренеді); 
-
 
 
оқыту  барысында  «не  білемін?  не  білгім  келеді?  нені  үйрендім?»  
түріндегі кері байланысты жүзеге асыру [4]. 
Басты  назар  білім  мен  сол  білімді  қолдану  процесіне  аударылады. 
Оқушылардың  білім  алу  барысындағы  табыстылығы  мен  алдағы  қадамдарын 
анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен жетістік критерийлерін алдын 
ала белгілеу керек. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды(АКТ)қолдану 
құзыреттілігі  оқушылардың  жұмыста,  бос  уақытында  және  қарым-қатынаста 
технологияларды  біліктілікпен  және  шығармашылықпен  пайдалануын 
қамтиды.  Бұл  АКТ-ны  пайдаланудың  бастапқы  дағдылары  арқылы 
қалыптасады. 
Оқушылар  кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасындағы  барлық  пәндерді 
оқу  барысында  ақпаратты  табу,  құрастыру  және  басқару,  мәліметтер  және 
идеялармен  бөлісу,  бірлесіп  әрекет  ету,  түрлі  жабдықтар  мен  қосымшаларды 
пайдалану арқылы білім, білік дағдыларын арттырады, өз жұмысын бағалауды 
жетілдіре отырып, АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады. 
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген оқу бағдарламасында төмендегідей 
көрініс табады:  
-
 
онлайн  сабақтар  арқылы  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық 
технологияларды қолданады; 
-
 
 
АКТ  арқылы  презентация  жасайды,  салыстырады,  бағалайды, 
жетілдіреді, зерттейді және бірлесе отырып пікірлерін дәлелдейді; 
-
 
 
АКТ арқылы қажетті ақпаратты таңдай алады [2]; 
-
 
 
сабақтарда  оқытудың  сапасын  арттыру  үшін  жаңашыл  әдістер  мен 
ақпараттық технологияларды пайдалану
-
 
 
интернет  ресурстарымен  жұмыс  жасайды  (мысалы,  веб-сайттағы 
ақпаратты  оқу,  керекті  материалды  іріктеу,  жеке  құжат  немесе  файл  ретінде 
көшіру және сақтау); 
-
 
 
мәтін  және  слайдтармен  жұмыс  істеу  үшін  қарапайым  бағдарламадан 
күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point);  
-
 
 
ақпаратты  өңдеп,  электронды  түрде  жеке  құжат  ретінде  сақтау  үшін 
жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану; 
-
 
электронды оқулықтарды пайдалану; 
-
 
тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану; 
-
 
ақпаратты саралап, зерттей алу [2]. 
 
 
 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
13 
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  кіріктірілген  сабақтарында  АКТ  пайдалану 
жолдары. 
Интерактивті тақтаны қолдану. 
Оқыту  процесін  компьютерлендіру  мақсатында  интерактивті  тақтамен 
жұмыс  жасау  тиімді.  Қазіргі  уақытта  Қазақстанның  жалпы  орта  білім  беретін 
мектептерінің  барлығы  интерактивті  тақтамен  қамтамасыз  етілген. 
Интерактивті  әдіс  –  диалогтік  әдіс  нәтижесінде  сабаққа  қатысушылар  бір-
бірімен  байланыса  отырып,  мәселелерді  шешеді.  Қарапайым  тақта  және 
компьютер  проекторына  қарағанда,  интерактивтік  тақта  сабақ  мазмұнын 
кеңінен  ашуына  мүмкіншілігі  өте  зор.  Интерактивтік  тақтаны  пайдалану 
кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, 
керекті материалдарды дайындау керек. 
Сабақта  мұғалім  интерактивтік  тақтаны  бір  емес  бірнеше  рет  пайдалана 
алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақтаны пайдалану ыңғайлы, 
әрі уақыт үнемдейді.  
Интерактивті 
тақта 
оқытудың 
басқа 
тәсілдеріне 
қарағанда 
(салыстырғанда),  көптеген  жетістіктері  бар.  Бұл  жетістіктер  туралы  өз 
сабағында  интерактивтік  тақтаны  пайдаланатын  мұғалімдер  ғана  айта  алады. 
Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге 
қол  жеткізуге  болады,  бұл  тек  қана  міндеттерді  бөліп  беру  мен  уақытты 
үнемдеу  ғана  емес,  сонымен  қатар  берілген  материалдардың  сапасын  да 
арттырады. 
Мұғалімдердің  пайымдауынша  интерактивтік  бағдарлама  олардың 
жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік 
тақтада  орындау  арқылы  файлдағы  белгілермен  өзгерістерді  сақтап  қалуға 
болады,  бұны  сабақта  болмай  қалған  оқушыларға  қайта  түсіндіруге  немесе 
келесі жолы тағы да қолдануға болады. 
Мұғалім  оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологияларын  меңгеріп,  оны 
пайдалану  арқылы  өзінің  материалдық  базасын  толықтырып,  әрі  уақытты 
үнемдейді. 
Компьютерлік  графикалық  материал  презентациялық  слайд  көмегімен 
көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде 
презентациялар  мен  слайдтар  жасап  көрсету,  оқушылардың  қызықты  және 
дәлелді  (мағыналы)  болады,  танымдық  ойлауы  мен  есте  сақтауын 
қалыптастырады. 
Интерактивті технологияның ерекшеліктері: 
1)  Бормен  тақтаға  жазған  кескінді  экрандағы  түрлі-түсті,  айқын,  ұқыпты 
кескінмен  салыстыруға  болмайды.  Тақта  мен  бордың  көмегімен  әртүрлі 
қосымшалары  бар  жұмысты  түсіндіру  қиын,  әрі  мүмкін    емес.  Слайдтарда 
кемшіліктер  мен  қателер  жіберілсе,  тез  арада  түзетуге  болады.  Сабақтың 
тиімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды. 
2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
14
 
3)  Оқу  материалын  беру  логикасына  көп  көңіл  аударады,  бұл 
оқушылардың  білім  деңгейіне  оң  әсерін  тигізеді.  Компьютерге  деген  қарым-
қатынас өзгереді. 
Activstudio-
да қалам, өшіргіш, түс, себет деген нәрселерді игеру, сонымен 
қатар,  кітапхананың  ішінде  не  бар,  оны  пайдалана  білу  керек.  Ал  флипчарт 
мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады.  
Сонымен, сабақ процесінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін 
қолдану  арқылы  оқушылардың  қызығушылығын,  интеллектуалдық  танымын, 
білім  сапасын  арттыруға  болатыны  анық.  Сабақта  интерактивті  тақтаның 
элементтерін  пайдалану,  оқушылардың  дайындалған  арнайы  тапсырмаларды 
тыңдап  қана  қоймай,  көздерімен  көріп,  оны  жетік  түсінуге  дағдыландырады. 
Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр 
тарауды  аяқтаған  кезде  немесе  жаңа  сабақты  бекіткен  уақытта  тестілеу  әдісін 
қолдануға  болады.  Бұл  әдіс  оқушылардан  бір  уақытта  жауап  алуға  мүмкіндік 
береді  және  тестілеген  кезде  мұғалім  оқушылардың  білім  деңгейін  анықтай 
алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта 
бағалауға  болады.  Ал  жауап  нәтижелерін  бақылап,  оқушылардың  материалды 
түсіну  деңгейін  анықтауға  болады.  Оқушыға  тест  сұрақтарына  жауап  беруі 
үшін  уақыт  беріледі.  Бұл  жүйе  тұйық  оқушылардың  ойын  білдіріп,  жалқау 
оқушылардың  қызығушылығын  арттырады.  Оқушылар  жауаптарын  құпия 
түрде  бере  алады.  Жаңа  ақпараттық  технологияларда  электрондық  тесттерді 
қолдану  оқудың  тиімділігін  көтереді,  сонымен  қатар  оқушының  бірден-бір 
өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады. Тестік формадағы тапсырмалар 
қысқа  сұрақтардан  тұруы  тиіс.  Техникалық  құралдар  арқылы  тестті  тез  әрі 
нақты  және  үнемді  орындауға  болады.  Электрондық  тесттерді  оқу  процесінің 
кез  келген  кезеңінде  қолдануға  болады.  Электрондық  тесттерді  «Aktivstudio 
Professional  Edition  V3“  бағдарламасындағы  «Оценка  тест»  бағдарламасымен 
құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген 
уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады 
және  оқушы  электрондық  тесттер  арқылы  өзін-өзі  тексере  алады.  Мысалы, 
сабақта оқушыларға тесттік тапсырмалар беруге болады. 
Интерактивті  тақтада  слайд  арқылы  мұғалімнің  дайын  ақпаратты  мәтін, 
фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады. Оқушылар алдына 
қойылған  мәселе  тақтада  қайталанып  еске  түсіріп  отыруға  өте  жақсы  жағдай 
туғызады.  Осылайша  оқушыларменқазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  СТО 
технологиясы  бойынша  берілген  әдістер  бойынша  тапсырмалар  берілгенде 
оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады.  
Көмекке  берілген  ережелер,  т.б  құралдар  экранда  флипчарт  арқылы 
жабылып  тұруы  мүмкін.  Оқушылар  талдау  барысында  жауаптары  тақтада 
жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденеді. 
Айнымалыларды  құрастыруға  тапсырма  беруге  болады,  оны  орындау 
барысында  оқушының  заттардың  химиялық  қасиеттерін  біледі,  өзінің  іс-
әрекетін  анықтайды,  сыныптастарының  жауаптарын  талдауға  үйренеді. 
Интерактивті тақтада сәйкестендіру есептерді тиімді талдауға өте ұтымды. 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
15 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кіріктірілген  сабақтарындамаңызды  жұмыстарда 
кестелерді,  графиктерді  қолдану  тиімді.  Ал  интерактивті  тақтадағы  кесте, 
графиктерде  қажетті  ақпаратты  маркер  –  қаламмен  сызып  бөлуге  болады, 
назарды  аударуға  болады.  Тақта  басқа  пәндермен  байланыста  болуға  өте 
маңызды.  Мысалы,  географиядан  карталарды,  табиғи  объектілердің 
фотографияларын т.б байланыстыра жазамыз.  
Интерактивті  тақта  сабақтың  ұйымдастырушылық,  қайталау,  жаңа 
тақырыпты игеру, бекіту, қорытындылау, талдау кезеңдерінде, білім бақылауда 
кеңінен  оқушының  қызығушылығын,  оқуға  танымдық  қасиетін  оятуға  тиімді. 
Объективті бағалауға, оқушының еркін сезінуге ақпараттық-коммуникациялық 
мәдениетінің  деңгейі  өсуіне  жағдай  жасалып,  келешекте  терең  білім  алуға 
көмегі зор.  
 
Интернетпен жұмыс. 
Қазіргі ақпарат ғасырында өмірімізді әртүрлі ақпарат көздерінсіз елестету 
мүмкін емес. Теледидар мен радио желісінен бүкіләлемдік интернет кеңістігіне 
көшіп  бара  жатқан  заманда,  келешек  ұрпақты  осы  заманауи  процестердің 
залалды әсерлерінен сақтап, пайдалы тұстарын өз жұмысымызда пайдаға асыру 
үшін  интернет  желісін  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  кеңінен 
пайдалануға тырысуымыз қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті кіріктірілген пәнінде 
ғаламтор желісін пайдалану формалары мынадай: 
-
 
 
онлайн режимде сабақтар өткізу; 
-
 
 
онлайн режимдегі тапсырмаларды орындау (тесттер, есептер); 
-
 
 
әртүрлі деңгейдегі онлайн олимпиадалар мен байқауларға қатынасу; 
-
 
 
мәліметтер қоры ретінде пайдалану. 
Тәжірибе  алмасу  ретінде  онлайн  сабақтарға  қатынасу  әсіресе  жас 
мамандар  жұмысына  методикалық  үлкен  көмек  берері  сөзсіз.  Сонымен  қатар 
оқушылар сабақта бейнематериалдар пайдаланады. Рефераттар жазу барысында 
оқушылар  өз  беттерімен  Интернет  кеңістігінің  материалдарын,  электрондық 
оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады. Қазақ тілі мен әдебиеті 
кіріктірілген  пәнінен  оқушыларды  сынақ  пен  емтиханға  дайындау  барысында 
интернетпен жұмыс үлкен рөл атқарады. Ол тек әртүрлі тесттер мен мәліметтер 
алатын  ақпарат  көзі  ғана  емес,  даярлық  жұмыстарында  онлайн  режиміндегі 
тесттерді орындау арқылы оқушыны тестпен жұмыс істеу дағдысына, уақытты 
үнемдеуге  және  қорытындысын  талдау  арқылы  сол  бойда  қатемен  жұмыс 
істеуге  көп  көмегін  тигізеді.  Оқушылар  бір  тестілеуден  жақсы  нәтижеге 
жеткенше  бірнеше  қайтара  өтеді.  Бұл  тестілердің  барлығы  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті кіріктірілген пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына 
сәйкес  келеді.  Ол  оқушылардың    интеллектін,  логикалық  ойлауын  және 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал  жасайды. Қазақ тілі мен әдебиеті 
кіріктірілген  пәнінде  дарынды  оқушылармен  жұмысты  да  интернет  көмегімен 
тиімді  ұйымдастыруға  болады.  Осы  бағытта  соңғы  уақытта  жиі-жиі 
ұйымдастырылып  жүрген  республикалық,  облыстық  олимпиадалар  мен 
байқауларға  қатыстыру  арқылы  оқушылардың  көптеген  жетістіктеріне  қол 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
16
 
жеткізуге болады. Сабақты қызықты формада ұйымдастыруға, кейбір өндірістік 
процестерді  бейнелейтін  дидактикалық  материалдардың  шексіз  көзі  болып 
табылатындықтан  ғаламтормен  жұмыс  әрбір  мұғалімнің  шығармашылық 
ізденісіне көп көмегін тигізері сөзсіз. 
Электрондық оқу құралдары. 
Дәстүрлі  сабақтағы  ең  қажетті  басшылыққа  алынатын  сабақ  элементі 
болып  табылатын  оқулық  құралы  секілді  қазіргі  жаңа  технологиялы 
сабақтардың  барлығында  дерлік  электронды  оқу  құралдары  пайдаланылады. 
Электронды  оқу  құралдары  –  жаңа  сабақты  түсіндіру,  тірек-сызбалары, 
тақырыптық  тапсырмалар,  тақырыптық  тест  жұмыстары,  логикалық 
тапсырмалар,  жаттығу  тапсырмалары  секілді  бірнеше  сабақ  элементтерін 
қамтитын  кешенді  электронды  жинақ.  Оқушылар  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
сабақтарында  арнайы  компьютерлік    бағдарламалар  мен  электрондық 
оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді.  Бұл 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға,  олардың  ой-танымын 
кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен,  ізденімпаздықпен жұмыс жасауына 
көп  көмегін  тигізеді.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  бойынша  компьютерлік 
тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Қазақ 
тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  электронды  оқу  құралдарын  пайдалану  сабақ 
барысында  оқушылардың  жеке  жұмыстануына  мүмкіндік  туғызады.  Яғни 
деңгейі төмен оқушы аз да болса өз бетімен орындағанына риза болатын болса, 
қабілеті  жоғары  оқушылар  басқа  оқушылар  деңгейімен  шектеліп  қалмай  одан 
әрі  күрделі  деңгей  тапсырмаларын  орындап,  өз  жетістіктерін  көрсету 
мүмкіндігіне ие болады. Еліміздің мектептер мен колледждерінде қазақ тілі мен 
әдебиеті  кабинеттерін  жаңа  электрондық  құралдармен  жабдықтау  жүргізіліп 
жатыр. Бұлардың қатарына көптеген электронды өлшеу құралдары бар «Хайпер 
Хим»,  «СПАРК»,  «ПАСКО»  т.б.  кешендерді  жатқызуға  болады.  Осының 
ішіндегі  «Хайпер  Хим»  бағдарламасы  тек  электронды  өлшеу  құралдары  ғана 
емес,  сонымен  қатар  «электронды  периодтық  жүйе»  т.б.  көптеген  электронды 
шапшаң есептегіш-көрсеткіш бағдарламалармен қамтылған. Бұл бағдарламалар 
бұрынғы  әртүрлі  кестелер  мен  анықтама  кітаптарына  бөлінетін  уақытты 
үнемдеп, оқушылардың сабақ барысында тақырыпқа сай мәліметпен неғұрлым 
көп  қамтылуына  жағдай  жасайды.  Соңғы  жылдары  ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялар  саласында  ауқымды  ілгерілеу  жұмыстары 
байқалып  отыр.  Барлық  пәндер  бойынша  электронды  оқулықтар  жасалып, 
кеңінен  таралуда.  Оқу-тәрбие  процесіне  электрондық  оқыту  ресурстарын 
енгізу,  электрондық  оқулықтарды  пайдалану,  әр  пәнді  оқытуда  мультимедиа 
мүмкіншіліктерін  қолдану,  демонстрациялау  әдісін  компьютер  негізінде 
жабдықтау,  оқу  және  жобалау  бағдарламаларын  енгізу  қажеттілігі  туындады. 
Осылардың  негізінде  оқу-тәрбие  процесін  ақпараттандырудың  жұмыстары 
басталды.  Ақпараттық  технология  және  жүйелік  бірігу  түрлі  мүмкіндіктерге 
жол ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет