Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 70 с



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата06.03.2017
өлшемі1,63 Mb.
#7853
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

12 
 
2  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісінің  негізінде  Қазақстан  Республикасы 
білім ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру 
 
2.1  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  оқу  және  пән  бойынша 
сыныптан тыс іс-әрекеттің өзектілігін арттыру 
 
Патриотизмге  тәрбиелеу  –  ұлттық  қауіпсіздік  жүйесімен  шектесетін  ең 
өзекті  мәселелердің  бірі.  Еліміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев біздің  еліміздің 
ұзақ  мерзімді  даму  әлеуеті  шеңберінде  абзал  міндеттерінің  бірі  ретінде  
қазақстандық  патриотизмді  қалыптастырудың  міндеттерін  айқындап  берді.  
Елбасы  жыл  сайынғы  өзінің  жолдауында  жастардың  патриоттық  тәрбиесіне 
баса  назар  аударады.  Елбасының  тапсырмасымен  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық 
актісі  әзірленді.  Бұл  құжаттың  мемлекеттік  маңыздылығы  Қазақстан  білім 
ұйымдарының  басшыларын,  мұғалім-практиктерді  патриоттық  тәрбиенің  жеті 
қағидаты  формасындағы  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  түсіндіру 
жұмыстарын  жүргізуге  белсенді  кірісуге  міндеттейді.  Тәрбие  іс-әрекетінде, 
сыныптан  тыс  оқытуда,  аталған  бағыттар  бойынша  жұмысты  күшейтудің 
қажеттігі  оны  жандандырады.  (Жандандыру  [лат.  aсtualis  -  әрекетшіл]- 
тұрмысты  өзгертеді  ұғымын  білдіреді:  тұрмыстың  мүмкіндік  жағдайынан  
шындығына  қарай  ауысу.  Жалпы  түсінік  бойынша  жандандыруды    өмірде 
жүзеге асыру болып есептеледі.  Философиялық сөздік). 
Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  Назарбаев  зияткерлік 
мектептерінің  тәжірибесін  республика  мектептеріне  тарату,  «Мәңгілік  Ел» 
идеясының  маңыздылығын  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  білім  беру 
саласындағы  оқу пәндерінің үлгілік оқу жоспарларын кіріктіру арқылы ашып 
көрсету  қажет:  
бастауыш мектеп (4) 
- «Тіл және Әдебиет», 
- «Математика және Дүниетану», 
- «Өнер және Технология»,  
- «Өзін-өзі тану және Дене тәрбиесі»;  
негізгі мектеп (3) 
- «Тіл және Әдебиет. Адам және қоғам»,  
- «Математика және информатика. Жаратылыстану»,  
- «Өнер және Дене тәрбиесі»; 
Орта мектеп (6) 
- «Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті», 
- «Орыс тілі және орыс әдебиеті», 
- «Тарих және География», 
- «Физика және Математика»,  
- «Химия және  Биология»,  
- «Технология және Дене тәрбиесі». 

13 
 
 «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясының  құндылығын  пән  салалары 
бойынша  қалай  меңгеруге  болады?  Оның  бір  нұсқасы  жылдық  тақырыптық- 
күнтізбелік  жоспарды  әзірлеу  барысында  пән  бойынша  оқылатын 
материалдарды  сәйкестендіру.  Егер,  материалдың  көлемі  мен  қайталанып 
келуін  ескерсек,  пән  бойынша  оқушыны  жүктеу  олардың  сапалы  меңгеруіне 
мүмкіндік  бермейді,  ал  кіріктіріп  оқыту  және  пәнаралық  байланысты  орнату 
оқу  мүмкіндіктерін  кеңейтеді.  Мысалы,  1-сыныптағы  «Математика  және 
Дүниетану».  
 
1-кесте  -  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  іске  асыруда  1-сыныпта 
тақырыптық- күнтізбелік жоспарлауды әзірлеу  
 
«Мәңгілік Ел» 
құндылықтары 
Математика 
 
Дүниетану 
 
1- «Мәңгілік Ел - 
бұл- Тәуелсіздік 
және Астана». 
 
Тақырыбы:  «Кеңістік  және 
уақыт туралы түсінік». 
Мақсаты:  Кеңістік  және 
уақыт  туралы    түсінігін 
қалыптастыру 
Міндеттері:  
-бір-біріне 
қарағанда 
денелердің 
жазықтықта 
және 
кеңістікте 
орналасуын 
анықтауды 
меңгерту; 
-  оқиғаларды  рет-ретімен 
қою дағдыларын дамыту; 
-  шығармашылық  ойлауын 
дамыту, назары, қиялы. 
Туған  Астана қаласына 
деген 
сүйіспеншілікке 
тәрбиелеу . 
Тақырып: «Күз табиғаты» 
Мақсаты:  Күз  сипатының 
белгілері  туралы  түсінігін 
қалыптастыру; 
тірі 
табиғаттағы 
уақыт 
өзгеруінің 
байланысын 
көру (жаз-күз салыстыру); 
Сабақтың міндеттері:  
1.  Күздегі  жануарлар  мен 
өсімдік 
тіршілігіндегі 
өзгерістерге түсінік беру. 
2.  Осы  өзгерісті  өлі 
табиғатпен 
байланыстырып көрсету. 
3. 
Өзінің 
өмірлік 
тәжірибесін, алған білімін 
қолданып, 
логикалық 
қорытындылар 
құрады 
және жинақтайды.   
4.  Астана  қаласының 
табиғатына 
ұқыпты 
қарауға тәрбиелейді.  
Түсінік беру. 
Патриоттық  сезім  табиғатында  сан  қырлы,  ол  жеке  тұлғаның  барлық 
қырларын  біріктіреді:  адамгершілік,  еңбек,  ойлау,  эстетикалық,  сонымен 
қатар,  физикалық  дамуын  және  бірыңғай  нәтиже  алу  үшін  әрбір  қырынан 
әсер  етуді  ұсынады.  «Мәңгілік  Ел  -  бұл  -  Тәуелсіздік  және  Астана» 
құндылықтарға  баулудың  негізгі  нәтижесі  сабақ  арқылы  балалардың 
туған  қаласына,  оның  әдемі  көшелеріне,  даңғылдарына,  қаланың  сәулеті  
көрікті  жерлеріне  деген  мақтаныш  сезімі  болуы  қажет.  Экскурсия 

14 
 
барысында  олар  қаланың  өзеннің  үстінде  және  оның  бір  бөлігі  оң 
жағалауда, бір бөлігі сол жағалауда орналасқанын біледі. Айнала қоршаған 
күзгі  тірі  табиғатты  –  саябақты,  бақты  ,  гүлзарларларды  бақылау  арқылы 
олардың  өзгергенін  байқайды.  Төменгі  сынып  оқушылары  біздің  елімізде 
басты қала – Астана  болып табылатынын білуі қажет. Бұл қала олар үшін 
басты қала себебі, онда олардың үйі, мектебі, достары бар.  
Сабақ түрі: сабақ – экскурсия 
Технологиялар: дидактикалық ойындар, сыни ойлау, зерттеу тәсілі  
 
Технологияларды  таңдауда  кіріктірілген  сабақтарға  тоқталамыз. 
Материалдарды 
осылайша 
беру 
арқылы 
оқушылардың 
біліктілігін 
қалыптастыруда ойын технологиялары қамтамасыз етіледі:  
• дидактикалық ойындар ; 
• ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;  
• рөлдік ойындар; 
• зияткерлік сайыс ойындар; 
• дамыту технологиясы (шығармашылық) ойын және т.б.  
Аталған 
технологияларды 
ғалымдар 
және 
педагог-практиктер 
инновациялық факторлардың қатарына жатқызады. 
Білім  берудегі  инновациялық  технологиялар  –  бұл  білім  беру  процесін 
ұйымдастыру,  сапалы  қағидаттарға,  құралдарға,  әдістерге,  құрылған 
технологияларға  және  білім  беру  нәтижесіне  жетуге  мүмкіндік  береді.  Олар 
төмендегіше сипатталады: 
- ауқымды білім көлемін меңгеру; 
- ауқымды шығармашылық белсенділік; 
- кең көлемдегі практикалық дағдылар мен біліктердің шоғыры. 
Инновациялық ойындар технологияларының бастауыш мектептің әртүрлі 
жалпы білім беретін оқу пәндерінің үлгілік білім беру бағдарламаларына еркін 
еніп  кетуі,  ақпараттық-түсіндіре  оқытудан  ақпараттық-іс  –  әрекетке  ауысуы, 
жеке тұлғаның дамуына бағытталған  үлкен жетістік болып табылады.   
Осылайша,  оқыту  –  «қоғамдық-тарихи  тәжірибеден  берілетін  мақсатты 
процесс;  білім,  білік  және  дағдыны  қалыптастыруды  ұйымдастыру» 
(Психологиялық  сөздік,  М.:1990),  дидактикалық  ойын  –  білім,  білік  және 
дағдыны  қалыптастыруға  бағытталған  жеке  тұлғаның  қызықты  шартты  іс-
әрекеті. 
Бастауыш мектептегі  ойын  технологиялары: 
- балалар еңбегінің қызықты және өнімді болуы; 
- дидактикалық (ой-өрісін кеңейту, еңбек дағдыларын дамыту); 
- тәрбиелеуші (ұжымдық, ынтымақтастық); 
- дамыту (ес, назар); 
-  әлеуметтендіру  (қоғамдық  құндылықтар  талаптарымен  танысу)  болып 
табылады. 

15 
 
Патриоттық  тәрбие  берудің  ең  күшті  құралының  бірі  өлкетану  болып 
табылады  –  табиғатты  тану,  туған  өлкенің  шаруашылығы  мен  тұрғындары, 
жергілікті қауымдастықтың өмірін жақсарту мақсатындағы олардың өткені мен 
қазіргісі.  Бұл  бағыт  өзінің  бейнесін  білім  берудің  өңірлік  қағидаттарынан, 
оқушылардың туған өлке туралы толық, терең мазмұнды білімі мен туған өлке 
табиғаты  мен  туған  жерге  деген  махаббат  сезімінен,  өз  халқының  салт-
дәстүріне арналған  құрметінен табады.  
Ұлттық-өңірлік  компонентте    таңдалған  педагогикалық,  географиялық 
материалдар:  
-  тұрғылықты  мекеннің  тарихи,  мәдени,  ұлттық,  географиялық  табиғи-
экологиялық, өзіндік ерекшелігін; 
- аймақтық даму ерекшелігін ашумен түсіндіріледі;  
Өңірлік-өлкетану  компонентін  іске  асырудың  рөлі  «Мәңгілік  Ел»  
құндылықтары «Тарих және  География» саласындағы кіріктірілген сыныптан 
тыс іс-әрекет бойынша өсе түседі. .  
«Туған  өлке»  ұғымы  пәнаралық  болып  саналады,  мұнда  биология, 
экология бойынша білім қажет. 
Бұл  іс-әрекеттің  құрамына  география,  тарих,  биология  пәнінің 
мұғалімдері, мектеп оқушылары, ата-аналар  кіретін шығармашылық топтағы 
зерттеу  жобаларының  түрі  ерекше  қызықты  және  өнімді.  Мектеп  базасында 
«Менің  Отаным-Қазақстан»  атты  ізденушілік-зерттеу  тобы  құрылуы  мүмкін, 
оның қатысушылары 11-16 жастағы балалар. 
 «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқып-үйрену объектісі үшін – туған өлке 
табиғаты мен оның қазба байлықтары, еліміздің табиғи байлықтарын: 
- жергілікті рельеф;  
-ауа райының ерекшелігі;  
- жер үсті сулары; 
- су ресурстары; 
- өсімдіктер дүниесі және жануарлар дүниесін ұқыппен қолданып жүрген 
еңбек адамдары алынады. 
 
2-кесте– «Мәңгілік Ел» құндылықтарын өңірлік компонентте жүзеге асыру 
 
«Мәңгілік Ел» 
құндылықтары 
Сабақтан тыс жұмыстың мазмұны 
Тарих ( өлкетану тарихы) 
География 
(географиялық 
өлкетану) 
4- «Мәңгілік Ел –
инновация 
негізіндегі 
тұрақты 
экономикалық 
даму 
Зерттеу  жобасы  «  Экспо-
2017 
Астана 
бағдарламасын  іске  асыру 
аспектісіндегі 
тарихи 
және 
әлеуметтік-
экономикалық 
өңірлік 
Шығармашылық  жоба  –  
табиғи 
кешендерді 
зерттеу 
арқылы 
фотосуреттерді  сипаттай 
отырып,  «Менің  өңірімнің  
ерекшелігі»  атты  альбом 

16 
 
дамудың 
талдамасы» 
«Болашақ  энергиясы»  жол 
сілтемесінің  әзірлемесінің 
дайындалуын 
қарастырады.  
Жол  сілтемесінің  әр  бетіне 
тарихи  анықтама  тіркеледі 
және 
нәтижелелері 
көрсетіледі  және  энергия 
көзін қолдану саласындағы 
өңірдің 
перспективалары 
мен 
 
экологиялық 
тазалықтары, 
пайдаланудың 
төмен 
бағасы  мен    қоршаған 
ортаға 
зиянсыздық  
артықшылықтары.  
жасап, 
келешекте 
география  сабақтарында 
қолдану. 
«Экономика  саласындағы 
инновациялардың 
талдамасы:  ғалымдардың 
үлесі» сұхбат, кездесулер, 
ғалымдардың қатысуымен 
мектепшілік  Одиссеяны 
ұйымдастыру 
және 
жобаның 
қорытындысы 
бойынша 
зерттеу 
жұмыстарының  жинағын 
шығару.  
Түсініктеме.  
 «Мәңгілік  Ел  -    бұл  инновация  негізіндегі  тұрақты  экономикалық  өсім» 
құндылығына баулу арқылы күтілетін нәтиже: 
-  зерттеу  қызметінің  әдістеме  негізін  меңгеру.    Оқу  жылының  басы  мен 
аяғында  шығармашылық  ойлауға  тест  өткізу  арқылы  зерттеу  қызметінің 
беріктігі тексеріледі. 
- тұрғындардың мәдениеті, дәстүрлері, тарихи тұрмысының ерекшелігі мен 
өңірдің  экономикалық  дамуының  байланысын  терең  ұғыну.    Байланысты 
сезіну  деңгейі  сұхбаттасу,  тестілеу,  ролдік  ойын,  тарихи  және 
географиялық өлкетану саласындағы  зерттеу қызметі бойынша талдаудың 
қорытындысын жасау негізінде бағаланады. 
-  шығармашылқ  ойлаудың  дамуы.  Жұмыс  болжамын  ұсыну  мен  дәлелдеу 
негізінде шығармашылық белсенділікті арттыру арқылы зерттеу барысында 
қойылған  міндеттерді  шешу  үшін  стандартты  емес  тәсілдерді  қолдану 
сапалы  көрсеткіштің  белгісі  болып  табылады.  Шығармашылық  ойлаудың 
дамуы  педагогикалық  бақылау  негізінде  бағаланады,  тәрбиеленушінің 
зерттеу  қызметі  кезіндегі  жаңа  зерттеу  тақырыптарын  ұсыну  негізгі 
көрсеткіш болып саналады. 
-  туған  өлкені  сүю,  табиғатты  аялау.  Аталған  нәтиже  сұхбаттасу, 
табиғаттағы  оқушының  тәртібін  педагогикалық  бақылау  арқылы 
бағаланады.  Өзінің  өңірінде  қоршаған  ортану  жақсарту  негізінде 
тәрбиеленушілердің    табиғатты  қорғау  әрекетіне  дайын  болуы  маңызды 
көрсеткіш болып табылады. 
-  Үйренушілердің  мінезінің  жағымды  қаситтерін  арттыру  (  өз  халқының 
тарихи  тамырына  құрметпен  қарау,  жақындары  мен  өзіне  назар  аудару, 
табиғи тәртіп). 
 

17 
 
Өлкетану модулі сабақ барысында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ашуда 
негізгі рөл атқарады. 
Мысалы,  6-сыныптағы  физикалық  география  курсында  өзінің  өлкесін 
табиғи  зертхана  ретінде  танып  білу  үшін  өлкетану  модуліне  енгізіледі  және 
кейбір  сабақтарда  оқытылады.  Оқушылар  бақылауды,  бақылау  күнделігін 
жүргізуді  және  ландшафтқа  сипаттама  беруді  үйренеді,  осы  түсініктермен 
қолдау  оқушыларда  географиялық  жергілікті,  өңірлік  және  жаһандану 
деңгейінде  білім  негізін,  сонымен  қатар,  кеңістікте  дұрыс  бағыт  алуын 
қалыптастырады. 
 
3-кесте - «Мәңгілік Ел» құндылықтарын өлкетану модулінде жүзеге асыру 
 
№р/н  Бөлімнің атауы 
Өлкетану модулі 

Кіріспе  
1) Географиялық өлкетану нені зерттейді (өңірлік 
табиғатты қолдану бойынша географтардың 
алдында  тұрған міндеттер). 

Жер 
– 
Күн 
жүйесінің 
планетасы 
1) Табиғатқа экскурсия. Өңірді күз кезінде бақылау. 

Жоспар 
және  
карта 
 
1)  Сіздің  өңіріңіз  Қазақстанның  географиялық 
картасында 
(практикум-сабақтарда 
«Глобус, 
карталарда    географиялық  координат  нүктелерін 
анықтау») 
2) Тұратын жергілікті орынды сипаттау.  
3) Жергілікті жерге бағдар алу. 
4) Азимут бойынша жүру. 
5) Төңіректің жоспарын құру. 

Литосфера 
 
1)  Өлкенің  таулы  жынысы    («Жер  қабатын 
құрайтын тау жынысы» тақырыбы құрамында). 
2)  Төңіректің  рельефін  сипаттау  («Таулар.  Биіктігі 
бойынша 
таулардың 
түрі», 
«Жазықтар. 
Жазықтардың өзгеруі мен пайда болуы»). 

Атмосфера 
 
1) Ауа райын бақылауды ұйымдастыру (практикум 
сабақ). 
2) 
Ауа  райының  күнтізбесімен  жұмыс  (үй 
тапсырмасы – ауа райының күнтізбелігін жүргізу). 
3)  Тәулік  бойы  қысымдықтың,  ылғалдықтың, 
температураның  өзгеру  себептері  мен  теңіз 
деңгейінен жоғары биіктіктің өзгеруі. 
4) Бұлт пен бұлттылықты бақылау («Тұман мен 
бұлт» тақырыбы құрамында). 
5) Төңіректің  климатын сипаттау ( «Жердің 
климаттық белдеуі » тақырыбы құрамында). 

18 
 
6) Ауа райының өзгеру себептері. 
7)  Атмосфераны  қорғау  («Климат»  тақырыбын 
өткенде). 

Гидросфера 
1) Гидросфера саласының бірегей объектілері. 
(тәжірибелік жұмыс) 
2)  Облыстың  ішкі  суларының  маңызы.  Оларды 
сақтау шаралары. 

Биосфера 
 
 
 
1)  Облыстың  өсімдік  және  жануарлар  әлемі. 
(тәжірибелік жұмыс,  кестелер құру).  
2) 
Төңіректің  жер  қыртысын  оқу    («Тірі 
организмдердің  Жер  қыртысына  әсері»  тақырыбы 
құрамында). 

Географикиялық 
қабық 
1)  Өлкетанудың  табиғи  кешенінің  сипаттамасын 
құру (Тәжірибелік жұмыс). 
2)  Табиғаттың  бөлшектері  арасында  байланыс 
орнату. 
3) Практикум сабақ  «Табиғатта болу ережесі». 
4) 
Адамның  шаруашылық  қызметі  («Табиғи 
кешендерді қорғау» тақырыбы құрамында). 
 
 
 
 

19 
 
2.2 «Мәңгілік Ел» құндылық жүйесіндегі тәрбие кеңістіктігін модельдеу 
 
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін іске асыру бойынша  
негізгі шаралар 
 
«Педагогтер» блогы 
1. Жалпы ұйымдастыру- басқарушылық ісшаралар: 
-    «Мәңгілік  Ел»  Патриоттық  актісінің    жаңа  нормативтік  құжаттарын 
зерделеу бойынша әдістемелік семинарды дайындау және ұйымдастыру; 
-  Жаңа  оқу  жылында  тәрбиелік  жоспарларды  және  бағдарламаларды 
сынып  деңгейінде  жаңа  талаптарға  сәйкес  әзірлеу  және  түсіндіру,  сынып 
жетекшілеріне  көмек  беру  үшін  бастамашыл  шығармашылық  топтарды 
анықтау; 
-  тәрбие  жұмысының  мектепішілік  жоспарын    алқада    талқылау, 
жоспарлауды аяқтау және өзгерістер енгізу.  
2. «Сынып жетекшісі» атты үнемі  өткізілетін семинар. 
 
Іскерлік ойын мен тәжірибелік сабақтардың бағдарламасы. 
 
№ 
Сыныптар 
концентрі 
Тәжірибелік жұмыстардың атауы 

1-4 
Іскерлік ойын«Мәңгілік Ел»  құндылықтары» (дебат 
түрінде). 

5-9 
Қазақстан білім беру ұйымдарындағы тәрбие бойынша 
тұжырымдамалық мәселелер  негізіндегі  пікірталастар  

9-11 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асырудың 
инновациялық тәрбиелік технологияларының  
талдамасы» тәжірибелік сабақ. 

1-4 
«Тәрбие мәселесі бойынша бағдарламалық 
құжаттардың талдамасы»тәжірибелік сабақ. 

9-11 
«Құндылық – мағына тәсілі негізінде тәрбиелік 
кеңістікті жобалау» практикумы. 

5-9 
«Мәңгілік Ел» құндылығы» презентация, іскерлік 
ойын. 

9-11 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идеясы негізінде тәрбие 
жұмысын жоспарлау техникасы мен әдістемесі» 
практикумы 

9-11 
«Мәңгілік Ел» құндылықтары арқылы мектепішілік 
өзін-өзі басқаруды дамыту» зертханалық-тәжірибелік 
сабақ. 

5-9 
«Диагностика негізінде педагогикалық ұжымның 
әлеуметтік-психологиялық портретін құру» іскерлік 
ойын 
10 
1-4 
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актіні енгізу арқылы тәрбие 

20 
 
процесінің тиімді өлшемшарттарын әзірлеу және 
тәрбие процесінің тиімділігін зерделейтін әдістемені 
талдау» атты тәжірибелік сабақ  
 
«Ата-аналар» блогы 
Тәрбиеленушілердің  ата-анасымен  (құқықты  өкілдері)  әрекеттесудің  үш 
деңгейлі моделі. 
1-деңгей – ақпараттық - аналитикалық. 
Осы  деңгей  ата-аналар  қоғамының  «Мәңгілік  Ел»  Патриоттық  акт» 
құжаты  туралы  білуімен  ғана  сипатталмайды,  сонымен  қатар,  оның  түсінуі 
бойынша  диагностикалық  жұмыстарына  жаңа  құндылықтарға  негізделген 
жалпы мектепішілік-отбасылық кеңістік  жұмысын ұйымдастыруды көздейді. 
2-деңгей  – ұйымдастырушылық 
Осы  деңгей  ата-аналар  қоғамының    «Мәңгілік  Ел»  құндылық  жүйесі 
негізінде  жұмысты    жоспарлауға  ата-аналардың  қатысуын  талап  етеді  және 
тәрбие жұмысының жоспары шеңберінде әртүрлі шаралар өткізуді  ұйғарады.  
Нәтиже  –  міндеттерді  шешу  үшін  ата-аналар  қоғамын  және  мектеп 
ресурстарын біріктіру. 
3-деңгей – басқарушылық. 
Бұл  деңгей  «Мәңгілік  Ел»  құндылық  жүйесінде  тәрбие  кеңістігін 
модельдеу,  мектепке  арналған  стратегиялық  шешімдерді  қабылдау  үшін 
тәрбиеленушілердің  және  олардың  ата-аналарының  (құқықтық  өкілдер) 
қатысуын  көздейді. 
«Патриотиорттық акт «Мәңгілік Ел». 
Бірінші,  екінші  кезеңнің  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісі  бойынша  ата-
аналар  көзқарасының  кәсіптік-қоғамдық  пікір  мониторингісі  бойынша 
сауалнама. 
№1 Сауалнама 
Құрметті ата-аналар!  
Сіздерден  «Мәңгілік  Ел»  тәрбиелеудің  жаңа  құндылықтары  туралы 
кәсіби-қоғамдық  пікірге  қатысты  мониторингтің  бірінші  кезеңіне  қатысып, 
келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз: 
1.
 
«Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісін  енгізу  мен  жүзеге  асыруда  сіз 
үшін  ақпараттың  негізгі  көздері  болып  табылады  (үштен  кем  емес  жауап  
нұсқаларын таңдаңыз): 
а) сынып жетекшісі және (немесе) мектеп әкімшілігі; 
б) сіздің балаларыңыз; 
в) баспа бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал және т.б.); 
г) электронды бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио және т.б.); 
д) мектептің интернет-сайты; 
е) басқа (көрсетіңіз)  
2.  Сіз  жалпыұлттық  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  мен  патриоттық  тәрбиенің 
дәстүрлі    құндылықтарының  негізгі  айырмашылықтарын  тұжырымдай  аласыз 

21 
 
ба?  Ол  сіздің  балаңыздың  дамуы  мен  білім  алу  қабілеттінің  нәтижесіне  қалай 
әсер етеді? 
а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын. 
3.  Сіздің  балаңыздың  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  игеру  кезінде  сіз 
өзіңіздің рөліңізді сезінесіз бе?  
а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын. 
4.  Сіз  балаңыздың  жеке  басы  дамуында  қай  саланы  патриоттық  деп 
есептейсіз: (бірнеше жауап таңдауыңызға болады)  
а) спорттық-сауықтыру;  
б) рухани-адамгершілік; 
в) әлеуметтік; 
г) жалпызияткерлік; 
д) жалпымәдениеттілік; 
е) жауап беруге қиналамын. 
Ынтымақтастығыңызға рахмет! 
 
№2 Сауалнама 
Құрметті ата-аналар!  
Сіздерден «Мәңгілік Ел» тәрбиелеудіңжаңа құндылықтарытуралы кәсіби-
қоғамдық  пікірге  қатысты  мониторингінің  бірінші  кезеңіне  қатысып  келесі 
сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз: 
1.
 
«Мәңгілік  Ел»патриоттық  актісін  енгізу  мен  жүзеге  асыруда  сіз  үшін 
ақпараттың негізгі көздері болып табылады (үштен кем емес жауап  нұсқаларын 
таңдаңыз): 
а) сынып жетекшісі және (немесе) мектеп әкімшілігі; 
б) сіздің балаларыңыз; 
в) баспа бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал және т.б.); 
г) электронды бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио және т.б.); 
д) мектептің интернет-сайты; 
е) басқа (көрсетіңіз)  
2.  Сіз  жалпыұлттық  «Мәңгілік  Ел»    идеясы  мен    патриоттық  тәрбиенің 
дәстүрлі  құндылықтарының негізгі  айырмашылықтарын тұжырымдай аласыз 
ба?  Ол  сіздің  балаңыздың  дамуы  мен  білім  алу  қабілеттінің  нәтижесіне  қалай 
әсер етеді? 
а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын. 
3.  Сіздің  балаңыздың  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  игеру  кезінде  сіз 
өзіңіздің рөліңізді сезінесіз бе?  
а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын. 
4.  Сіз  балаңыздың  жеке  басы  дамуында  қай  саланы  патриоттық  деп 
есептейсіз: (бірнеше жауап таңдауыңызға болады)  
а) спорттық-сауықтыру;  
б) рухани-адамгершілік; 
в) әлеуметтік; 
г) жалпызияткерлік; 

22 
 
д) жалпымәдениеттілік; 
е) жауап беруге қиналамын. 
Ынтымақтастығыңызға рахмет! 
5.  Мектепте  және  негізгі  мектептің  білім  беру  бағдарламаларын  жалпы 
жобалау кезінде немесе сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруда (үйірме, секция, 
клубтар,  қоғамдық пайдалы  тәжірибе,  экскурсиялар  және т.  б.)  сіздің  пікіріңіз 
ескерілді ме? 
а) иә; б) жоқ.  
6.  Мектептің  негізгі  білім  беру  бағдарламаларында  немесе  сабақтан  тыс  
қызметті  жүзеге  асыруға  сіз  қаншалықты  атсалыстыңыз    (бір  жауап  нұсқасын 
таңдау мүмкіндігі бар) 
а ) іс-шараларға қатыстым; 
б) іс-шараларды, үйірмелерді,секцияларды ұйымдастыруға және т.б. 
қатыстым; 
в) «Мәңгілік Ел» құндылықтар жүйесінде жаңа тәрбие кеңістігін 
модельдеуді қамтамасыз етуге қатыстым; 
г) қатыспадым; 
д) басқа (көрсету ) 
7.  Сіз  өзіңізді  мектепте  қалай  сезінесіз?  «Мектеп  –  ата-аналар» 
қатынастар жүйесіндегі өзіндік жағдайыңыз? Сіз сипаттама бере аласыз ба? (бір 
ғана жауап нұсқасын таңдауыңыз керек): 
а) біз ортақ мәселелерді біріге отырып шешеміз; 
б) маған ештеңе байланысты емес; 
в)  мектеп  «бәсекеге  қабілетті  білім  беру  сапасымен  қамтамасыз  етуге 
міндетті, ал менің міндетім- оны бақылау». 
«Мәңгілік  Ел»жалпыұлттық  идеясын  жүзеге  асырудағы  тәрбие 
жағдайындағы міндеттері: 
-
 
«Мәңгілік Ел»  жеке тұлғаны бағдарлаудың негізгі құндылығы; 
-
 
ұлттық  сана-сезімін,  азаматтық,  патриотизм,  заңдылық  пен  құқық 
тәртібін  құрметтеу,  ішкі  еркіндік  және  өз  қадір-қасиеті  сезімдерін 
қалыптастыру; 
-
 
жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениет құндылықтарын меңгеруге, 
эстетикалық  құндылықтар  мен  талғамын  қалыптастыру,  рухани  мәдениет 
құндылықтарын  құруға  және  көбейтуге  ұмтылу,  қоғамның  мәдени  өміріне 
қатысуға жастардың қажеттілік тәрбиесі;  
-
 
жастарды  жалпыадамзаттық  мораль  нормаларына,  ұлттық  салт-
дәстүрлерге, кәсіби ар-намыс кодексі және адамгершілік құндылықтарға, өзін-
өзі ұстау, өз қызметінің нәтижелерін бағалауға тарту;  
-
 
бірінші өмірлік қажеттілік секілді еңбекке қажеттілікке тәрбиелеу, ең 
жоғарғы өмірлік құндылықтар және өмірлік жетістіктерге жетудің басты тәсілі, 
тыныс-тіршілігінің  барлық  салаларында  мақсаттылық  пен  іскерлік,  бәсекеге 
қабілеттілікке баулу; 
-
 
дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына ұмтылыс қажеттілігіне 
тәрбиелеу, отбасын құру, ұрпақ жалғастыру, отбасын материалдық қамтамасыз 

23 
 
ету  мен  тәрбие,  жас  ұрпақты  гуманизм  мен  демократияға  баулу  болып 
табылады. 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтары негізінде тәрбиелік 
орта құру: 
-
 
білім  алушылардың  басқа  мәдениет  пен  діндерді  кері  қабылдауын 
өзгерту; 
-
 
қоғамдағы  мәдениетаралық,  конфессияаралық  және  этникааралық 
көптүрлілік контекстіндегі оқиғаларды бағалауға салмақты қарауға үйрету; 
-
 
олардың тарихтағы Қазақстан халықтары мен шет елдердің  орны мен 
рөлін объективті қабылдауына мүмкіндік беру; 
-
 
өз  қатарластарының,  отбасы  мен  әлеуметтік  ортаның  арасындағы 
толеранттық қатынасты қалыптастыруда оқушылардың рөлін арттыру; 
-
 
жастар ортасындағы қақтығыстардың алдын алуға мүмкіндік беру.  
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтары негізінде білім беру 
ұйымдарында көпмәдениеттілік ортаны құру: 
бастауыш мектепте: 
-
 
білім алушылардың ой-өрісін кеңейту; 
-
 
мәдениет  сабақтастығы  өзара  байланысты  көру  қабілетінің  өнімділігі, 
әртүрлі  халықтардың  тарихи,  ғылыми,  мәдени  дамуындағы  ортақтығы  мен 
айырмашылықтарын анықтау; этномәдениеттің өзіндік құндылықтарын түсіну;  
-
 
жеке  тұлғаны  бейбітшілік  рухында  түрлі  этноәлеумет  өкілдері 
арасындағы өзара түсіністік пен өзара сыйластыққа  тәрбиелеу; 
негізгі мектепте:  
-
 
әлеуметтік  процестер  мен  құбылыстарды  талдай  және  салыстыра  білу 
көзқарастарын қалыптастыру; 
-
 
өзара іс-қимыл және қарым-қатынастың сындарлы дағдыларын дамыту; 
-
 
жеке  тұлға  құрылымында  рухани-адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастыру.  
орта мектепте:  
-
 
ұлттық 
салт-дәстүр, 
қазақстандық 
және 
әлемдік 
мәдениет 
құндылықтары  негізінде  этномәдени  және  азаматтық  өзін-өзі  анықтау    және 
шығармашылық  өзін-өзі  дамытуға  қабілетті  үйлесімді  дамыған  тұлғаны 
қалыптастыру; 
-
 
Қазақстанның  әлеуметтік-саяси  көптүрлілігі,  көпұлтты  Қазақстан 
халқының  көпмәдениеттілігі  мен  полилингвалдығы  жағдайында    дамыған 
тұлғаның қазақстандық азаматтық бірегейлігін қалыптастыру; 
-
 
 қазіргі өркениет жағдайында мектеп түлектерінің  әлеуметтік өсу, өмір 
сүру сапасын арттыруда өмірге тиімді дайындау, өзін-өзі жүзеге асыру 
мүмкіндіктерін кеңейту.   
Тәрбиелік жұмыстар деңгейінде: 
-
 
сынып сағаттары, сыныптың тәрбие істері, білім алушыларды тестілеу, 
үйірмелерге, 
клубтарға, 
секцияларға 
қатысуы 
арқылы 
азаматтық 
жауапкершілігін, құқықтық дербестігін, руханиятын қалыптастыру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет