3.
Экстремизм және терроризм – қазіргі заман мәселелері
Бүгінгі күні Қазақстан – осы жылы тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап
өтетін, өркендеуші ел. Елдің экономикалық табыстары бүкіл әлеммен танылған.
Республика қойылған мақсатқа: әлемнің дамыған елдерінің қатарына
кіруге сенімді және тұрақты қадам басуда. Қазақстан Еуразияның саяси
орталықтарының бірі болып, халықаралық аренада маңызды рөл атқаратын
болды. Бұл факті осы аймақтарға ықпал етуге үміткер елдерді алаңдатпауының
мүмкін еместігі түсінікті. Мемлекетті әлсіретудің көптеген негізі бар. Бірінші
кезекте - жаппай сана-сезімге әсер ету. Біршама уақыт бұрын біздің сөз
қорымызға «терроризм» және «экстремизм» сияқты қауіпті сөз мықтап енді.
Адамзат үнемі соғысуда. Соңғы бес мың жылда бірнеше миллиард адам
қайтыс болған 15 000 ірі және ұсақ соғыстар тіркелген. 70 жыл бұрын Ұлы отан
соғысының ұрыстары басылды. Фашистерді жеңгеннен кейін біздің әкелеріміз
бен аталарымыз ғаламшарда енді соғыс болмайды, жаппай бауырластықтың
керемет уақыты туады деп армандады және шексіз сенді. Жеңіске қол жетті,
бірақ жалпыға бірдей әлем болмады. Діни, территориялық және ұлттық
таластарға байланысты жергілікті соғыстар, әскери қақтығыстар жалғасуда.
Біздің бейбіт өмірге терроризм сияқты қатерлі құбылыс табандылықпен енуде.
Терроризм - бұл да соғыс. Және одан ешкім де сақтандырылмаған. Соның
ішінде біз де. Радикалды топтар күннен күнге белсенді бола түсуде. Біздің
Республиканың этникааралық келісіміне қауіп төндіретін және ұлттық
53
алауыздықты насихаттайтын барлық экстремистік ұйымдарға әлемдік
конфессияның ресми өкіметі және діни көшбасшылар ашық соғыс жариялады.
Экстремизм (француз тілінен Extremismt - соңғы) – бұл соңғы көзқарастар
мен әлемге шынайы берілгендік. Қабылданған әрекеттердің қоғамдық
нормаларына қайшы келетін, демократиялық емес соңғы шаралар болып
саналады. Экстремистер өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қалыптасқан
мемлекеттік және қоғамдық институттарды өзгертуге немесе жоюға, олардың
барларына зиян келтіруге ұмтыла отырып, қарсы шығады. Ол үшін ашық
ұрандар,
ұйымдастырылған
тәртіпсіздіктер,
баскөтерулер,
азаматтық
бойұсынбау, партизандық соғыс әдістері, сонымен қатар террористік актілер
және т.б. қолданылады. Экстремистер, әдеттегідей, қандай да бір мәмілелер,
келіссөздер, келісімдердің мүмкіндігін жоққа шығарады. Осы жағдайда
терроризм экстремизм түрлерінің бірі болып табылады, бірақ одан да қауіптірек
екені сөзсіз.
Экстремизм, терроризм жаңа феномен болып табыла ма? Жоқ. Б.з.д. І-
ғасырда Палестинада сикарии (сика- қанжар)- ұйымдасқан сектасы әрекет етті.
Олар жаулап алушылырға көмек танытқан күдіктілерді, римдіктер мен
отандастарын жоя отырып, Рим үстемдігімен күресті. Индияда VII ғасырда
«Тұншықтырғыштар» секциясының мүшелері адамдарды тұншықтырып өлтіру
арқылы құрбандық жораларын жасады. Қиыр шығыста ХІ ғасырда саяси
қарсыластарды өлтіруші исламистердің шииттік сектасы «Ассасина» атауын
алды. Экстремистер көзқарасы күштеп таңылған немесе сенімсіздікте, дінді
құрметтемеуді айыптау қаупі, және сол сияқты физикалық террордан да жаман
моральдік террор жағдайында мәселенің қауіптілігі өрістейді.
Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
-
Терроризм және экстремизм туралы біз не білеміз?
-
Біз осы мәселе туралы айтуға тиістіміз бе?
4.
Қазақстан Республикасының бейбіт ішкі және сыртқы саясаты
Жас, тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін елдің ұлттық мүддесін
жоғары қоя отырып, қоршаған халықаралық жүйелердің сын-тегеуріндерін өз
уақтында ұстап қалып және оларға лайықты жауап бере отырып сыртқы саясат
жүргізу ерекше маңызды.
Өткен жылдары республика халықаралық қауымдастықтың толыққанды
мүшесі болды, бастамасы әрқашан халықаралық қолдауға ие болатын және
тәжірибеде жүзеге асатын, барлық көршілерімен тұрақты айтарлықтай қарым-
қатынас орнатты. Байыпты және сенімді серіктес ретінде республиканың
халықаралық беделі қалыптасты.
Қазақстанның сыртқы саясаты саласында Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық
Одақпен, Орталық Азия елдерімен және мұсылман әлемімен тығыз байланыс
дамуда. Бүгінгі күні Орталық Азияда, әлемдік қауымдастықта Қазақстанның
ұлттық мүддесіне және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мемлекет жоқ. Күрделі
аймақтық және ғаламдық процестерге қарамастан, біздің республика өз
54
көршілерімен және алдыңғы қатарлы әлемдік державалармен тығыз серіктестік
қатынас орнатуда. Қазақстан негізгі халықаралық келісімге қосылды, өзінің
халықаралық терроризмге қарсы ғаламдық күресті қолдайтынын бірнеше рет
көрсетті, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселесі бойынша салмақты
және жауапты ұстаным орын алған.
Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты саласында қандай мемлекеттермен
тығыз байланыс дамуда?
-
Әлемдік аренада Қазақстанның қандай беделі қалыптасты?
5.3 9-11сыныптарда
Сабақтың тақырыбы: 9-11 сыныптарда «Мен өз Отанымның
патриотымын» бірыңғай білім беру сабағында алтыншы құндылық «Мәңгілік
Ел – бұл Ортақ тарих, Мәдениет және Тіл» түсіндіріледі.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
1.
Қазақстан халқының мәдени көптүрлігі.
2.
Мемлекеттік тіл – қоғамдық бірігу негізі.
3.
Үштілділік ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты жағдайы ретінде.
4.
Рефлексия.
5.
Сабақтың қорытындысы.
Технологиялар: іскерлік ойындар, дискуссия.
Сабақ материалы.
1.
Қазақстан халқының мәдени көптүрлілігі
«Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы,
парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын
ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан
үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті
арқылы ғана басқаға танылады»
Н.Ә. Назарбаев
Қазақ халқы көпғасырлық тарихы бар, әлемдік өркениет қазынасына
енетін мәдени құндылықтардың иесі болып табылады. Ескерткіштердің
көптүрлілігі мен саны бойынша Қазақстан Индия, Қытай, Жерорта теңізі және
Қиыр Шығыс мемлекеттері сияқты елдерге орын бермейді және ашық аспан
астында өзіндік мұражай болып табылады.
Қазақстанның мәдени мұрасы өзіне оның территориясында тұратын
халықтардың мәдени құндылығының көптүрлілігін сіңірген. Бұл - 25 мыңнан
аса жылжымайтын тарих, археология, сәулет және монументті өнер
ескерткіштері, экспозициядағы және 89 мемлекеттік мұражай қорындағы 2 млн.
55
56 мың мәдени құндылықтар бірлігі, 3495 мемлекеттік кітапханаларда
сақталатын 66 млн. 840 мың том кітаптар, сирек кездесетін қолжазбалар мен
басылымдар.
Қазақстанның тарихы «орталық» жағдайы – еуразиялық - планетаның ең
кең континентінде – оның көптеген белгілі өркениетті процестер мен
оқиғаларға қатысын қамтамасыз етеді. Ежелден кең байтақ қазақ жері бүкіл
еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі болды. Ертеде Қазақстан даласы бойынша
Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы өтті. Керуен жолының
бағытында көптеген мәдениеттер, салт-дәстүрлер, ислам, христиан, будда және
конфуциандық діндер болды.
Сол дәуірдің мұрасы тарих пен мәдениеттің сансыз көп ескерткіштері
болып табылады. Бұл ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнері мен
мәдениеттің нағыз қазынасы. Осындай 218 нысан Қазақстанның тарихи және
мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енді.
Бүгінгі күні осы ескерткіштердің көбі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік
маңызы бар ескерткіштері ретінде танылды. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұра
Орталығымен Дүниежүзілік Мұра ескерткіштері тізіміне Қожа Ахмет Яссауй
кесенесі және Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені енгізілді.
Қазақстанның мәдени бренді Алтын Адам ескерткіші, Қожа Ахмет Яссауй
кесенесі, Отырар, Түркістан қалалары.
Қазақстанның музыкалық мұрасы да бірегей. Халық арасында «Құдай әр
қазақтың жанына ол туылған сәттен бастап күй бөлігін салған» деген сөз бар.
Мүмкін, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың өмірі мен тұрмысын бақылаған
«сырттан»
келген
адамдардың
көзге
бірден
түсетін
халықтың
шығармашылыққа, музыкалық-ақындық суырып-салмалыққа шапшаңдығына,
сәбилерден қарттарға дейін барлық халықтың музыкалық шығармашылыққа
еліктіргіштігіне таңырқай және таңдана қарауы бекер емес. Шаруашылықтың
көшпелі және жартылай көшпелі түрі халықтық музыкалық аспаптар мен
дәстүрлердің ерекшелігін анықтады. Ең танымал және белгілі лиро-эпикалық
қазақ поэмасы «Қыз-Жібек» ЮНЕСКО желісі бойынша әлемдік мәдени мұраға
енгізілді.
Қазақстанның әдеби мұра қорында әлемдік гуманистік рухани мәдениет
қазыналары саналатын, өткеннің көрнекті ойшыл ғалымдарының: әл-Фараби,
Қорқыт-ата, Абай, Шәкәрім еңбектері, халық ауыз әдебиеті ескерткіштері бар.
Жыл сайын 21-мамыр қарым-қатынас пен даму жолындағы дүниежүзілік
мәдени әралуандылық күні ретінде атап өтіледі. Ол 2002 жылы желтоқсанда
Дүниежүзілік мәдениетті дамыту күнінің орнына БҰҰ Бас Ассамблеясымен
жарияланды.
2. Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктіру негізі.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл қазақ
тілі болып табылады, сондықтан мемлекеттік тілге және оның мәртебесіне
қойылатын талаптар, біртіндеп, дәйекті түрде қазақ тіліне жақындауы тиіс,
56
мемлекеттік тілде жұмыс істеу моделінің негізгі параметрі болуы қажет.
Барлық Мемлекеттік орган деңгейлері және олардың жетекшілері қазақ тілінің
мемлекеттік мәртебесін жүзеге асыруда негізгі жауапкершілікті атқарады.
Мемлекеттік тілді меңгеру қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі болып
табылады.
«2011-2020 жылдары Қазақстанда тілдердің дамуы мен қызмет етуі»
жобасында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтаудағы, яғни
қазақ тілінің шоғырландырушы рөлін, ұлттық біртұтастықты нығайтудың
маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең көлемді қызмет етуін
қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат атап көрсетіледі. Алдағы уақытта
қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы қажет.
Мемлекеттік тілдік саясаттың басты бағыттарының бірі барлық
азаматтардың арнайы белгілі көлемде мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай
жасау болып табылады. Осы мақсатта этникалық, демографиялық, кәсіби
ерекшеліктеріне сәйкес халық топтарын мемлекеттік тілге міндетті, тегін оқыту
бойынша орталықтар құрылды.
Мемлекеттік қаражатпен мемлекеттік тілді оқыту бойынша телевизияға,
радиоға жаппай ақпараттар, газеттерде бағдарламалар, сабақтар, бөлімдер
енгізілді.
Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес түрдегі мектепке дейінгі
мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу
орындарында қазіргі іс-жүргізуге, тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынасты
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік тілді оқыту қамтамасыз етілген.
Халықтың мемлекеттік тілді меңгеруі, оны оқу орындарында оқу әр түрлі
этникалық және әлеуметтік қолданушы топтарға бағытталған қолжетімді және
тиімді әдістерді, танымал өздігінен үйреткіштерді, тілашарларды, сөздіктерді
жаппай шығарумен бекітілуде. Өкінішке орай, орталықтардың тілді қарқынды
оқыту әдісін енгізу бойынша жұмысының жинақталған тәжірибесі әлі де
республиканың барлық оқу орындарының игілігіне айналмады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлер, сонымен қатар, ғылым,
мәдениет, білім, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету саласының
қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеруге қойылатын талаптар
орнатылған, сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік
мекемелер мен орындар қызметкерлерін материалдық ынталандыру жүйесі
қарастырылған.
Мемлекетаралық қатынас тәжірибесінде мемлекеттік тілді қолдану
міндетті нормаға айналады. Ресми тұлғалардың қатысуымен болатын барлық
шаралар қажет болған жағдайда басқа тілге синхронды аудармамен қамтамасыз
етілген, мемлекеттік тілде өткізіледі. Заңнамалық актілер, ресми тұлғалардың
баяндамалары,
қызметтік
құжаттар,
әдеттегідей
мемлекеттік
тілде
дайындалады.
Тіларалық коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік
өкімет органдарында және басқармаларда тілдік аударманың мемлекеттік
қызметі ұйымдастырылған. Барлық мемлекеттік мекемелердің штаттық
57
кестесінде мемлекеттік тілден және мемлекеттік тілге аудармашылар қызметі
қарастырылған. Осы мақсатпен жоғары оқу орындарында аудармашы
кадрларды дайындау кеңейтілді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және
әлем тілдері университеті аудармашылар даярлаудың орталығы болып
табылады.
Бірақ сонымен қатар, Қазақстан этностарының тілдері мен мәдениеті
бойынша мамандар дайындау үшін факультеттер құру өзекті болып қалуда,
әзірге өзбек тілі мен ұйғыр тілін оқыту бойынша осындай факультеттер бар.
Мемлекеттік,
кәсіпкерлік,
банктік
құрылымның,
қоғамдық
бірлестіктердің бірлескен күшімен қазақ тілін қолдаудың қайырымдылық қоры
құрылды. Орыс тілінің қызмет ету саласын сақтау Қазақстанның
интеграциялық процеске ұмтылуымен, ТМД елдерімен біртұтас мәдени және
білім беру кеңістігін сақтаумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан халықтарының тілдерін дамытуды нақты жағдайлармен
қамтамасыз ету, ана тілін меңгеруге талабы бар барлық адамдар үшін
мүмкіндіктер жасауды білдіреді. Бұл ана тілінде орта білім алу арқылы немесе
ана тілі міндетті тіл ретінде оқытылуы, мұғалім кадрларды дайындау, оқу, оқу-
әдістемелік және көркем әдебиеттердің, газет және журналдардың басылып
шығуына көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Бұндай жұмысқа халықтардың мәдени-тілдік қызығушылықтарын
көрсете алу қабілеті бар, ұлттық-мәдени орталықтардың белсенді араласуы
оның тиімділігін қамтамасыз етеді, олардың көпшілігінің Қазақстан
диаспораларының этникалық ұлттарының негізгі бөлігі өмір сүретін елдермен,
сонымен қатар, саны аз халықтардың тілдері бойынша Еуропа бюросымен және
басқа да халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары қалыпқа келтірілген.
Шет тілдерін зерделеуде айтарлықтай басымдылық ағылшын тіліне
беріледі, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ,
орыс ағылшын тілдерінің үштұғырлығы туралы мәдени бағдарламасымен
түсіндіріледі, сонымен қатар қытай, түрік тілдерінің беделі де артып келеді.
Республикада ағылшын, түрік, қытай тілдерін тереңдетіп оқытатын
мамандандырылған мектептер жүйесі бар.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметін кеңейтетін мәртебесі, онда болып
жатқан инновациялық өзгерістерге жан-жақты ғылыми талдау жасауды талап
етеді. Қазақ тілінің бірегейлігін және стандарттылығын қамтамасыз ететін,
оның орфографиялық, орфоэпиялық және тыныс белгілік ережелер жүйесін
жасау алғышартты міндет болып табылады.
Қазақ терминологиялық лексикасының корпусын құру өте қажет.
3. Үш тілді білім беру - ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты.
22 қыркүйек Республика Президентінің Жарлығымен Қазақстан
халқының тілдері күні деп жарияланды.
58
Тарихи қалыптасу бойынша Қазақстан аумағында 100-ден астам тіл
қолданыста және дамуда, ал қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған»
мемлекеттік бағдарламасында атап өтілгендей бағдарламаны жүзеге асырудың
негізі «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы» , Қазақстанның
барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі, мемлекеттік тілдің қолдану
мәртебесін көтеру бойынша жүйе құру жұмыстарын ұйымдастыру көзделеді.
Мемлекеттік ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті басқару органдарында
мемлекеттік тілмен қатар, ресми түрде орыс тілі де пайдаланылады.
Мемлекеттің негізгі Заңы – ҚР Конституциясында – орыс тілі ұлтаралық
қатынас тілі деп жазылған.
Бұл орыс тілінің қазіргі уақыттағы бар, толық көлемдегі әлеуметтік
функцияларын сақтауға кепілдік береді.
Болашақта орыс тілі ғылым мен техника әр қырынан алынатын басқа да
ақпараттың негізгі көздерінің бірі, жақын және алыс шетелдермен байланыс
құралы болып қала бермек. Орыс тілінде алынатын білімнің қажеттілігін елдің
экономикалық және ғылыми-техникалық даму мүддесі анықтайды.
Орыс тілі дүниежүзіне кең таралған, әлемдік тілдердің бірі. Оны
Қазақстанның барлық халқы біледі және оқиды. Орыс тілін білу біздің тәуелсіз
еліміздің халықтарын жақындатады, республикалар және басқа да шет ел
халықтары арасындағы достықты нығайтады.
Қазақстанда орыс тілінің тамыры тереңде және бәсекеге қабілеттіліктің
маңызды құралы ретінде қаралады.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған»
мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда орыс тілінің коммуникативтік-тілдік
кеңістіктегі жұмыс істеуін сақтауда, оны үйренуде қолайлы жағдай жасау үшін
жүйелі жұмыс ұйымдастыруды көздейді.
Мемлекеттік тілден өзге Қазақстанда шағын этникалық тобынан құралған
басқа тіл тасымалдаушылары да ұсынылды. Әдетте, ол тілдер отбасы-
тұрмыстық қатынастар саласымен шектелген.
Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылымға көп көңіл бөледі.
Оның «Тілдердің үштұғырлығы» жобасында былай делінген: «Қазақстанды
бүкіл әлем тұрғындары үш тілді жетік меңгерген және пайдалануға тиісті
жоғары білімді ел ретінде қабылдауы тиіс. Қазақ тілі бұл – мемлекеттік тіл,
орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – біздің мемлекетіміздің
экономикасының жаһандық дамуының табыс тілі . Назарбаев курсы - орыс тілін
сақтау, ағылшын тілін Enjoy English жұмыс дәптерлері бойынша үйрену, қазақ
тілін дамыту болып табылады.
Ана тілін меңгеру– оны сақтаудың шартты негізі және мемлекет
Қазақстан халқының өзгеде тілдерін үйрену және оның жұмыс істеуі үшін
жағдай жасау міндетін өз мойнына алады.
59
6. Қосымшалар
6.1 Қосымша 1
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі
«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан
Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл
ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері
қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне
арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен
2014 жылғы 15 желтоқсан.
Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы
байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған
Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске
асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен
келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен
мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық
мерейлі жылында осы
М Ә Ң Г І Л І КЕ Л – П А Т Р И О Т Т Ы Қ А К Т І С ІН
қабылдаймыз.
Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік
мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан
өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуатты әрі табысты
мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік
толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік Елді құру
жолында біргеміз.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз
үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және
еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім
ұғымдары орныққан.
Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және
ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі
ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір –
тағдырымыз ортақ.
60
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры
мыңжылдықтарға жалғасады.
Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды
табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен
өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық
өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын
дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда
білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін
боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың
күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін
жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына
құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің
бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын
боламыз.
Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы
әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан
қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының
қасиетті парызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің
халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.
Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа
биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен
гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!
Біртұтас Еліміз – Мәңгілік Ел қуатты болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені – Ұлы Дала Еліне бата қонып,
бақ дарысын!
Алға, Қазақстан!
61
6.2 Қосымша 2
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан алу
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол».
Қадірлі халқым!
Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп,
тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы
еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп,
аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан
таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI
ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа
Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан
қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та,
гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің
қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат
етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні -
осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр
бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет
қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры
сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны
өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде
ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан
шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі.
Астана, 11 қараша 2014.
Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, Интернеттің тіліне айналды. Қазақ
тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз
бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан
мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға
қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға
өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді
дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте
алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл
болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.
Біз, қазақстандықтар - бір халықпыз! Және біз үшін ортақ тағдыр – бұл
біздің Мәңгілік Ел, біздің лайықты және ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл
62
біздің жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың
арманы. Барлық қазақстандықтарды біріктіріп, ел болашағының іргетасын
қалаған егеменді дамудың 22 жылында басты құндылықтар жасалды, олар
көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық
жолдың тәжірибесі.
Біріншіден, бұл – Тәуелсіздік және Астана. Екіншіден, біздің қоғамдағы
жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, зайырлы қоғам және
жоғары руханият. Төртіншіден, инновация және индустрализация негізінде
тұрақты экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
Алтыншыдан, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, Ұлттық
қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз
әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.
Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы,
жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел»
патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біз өз
халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен
барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды
2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене
қатысуға шақырамын. Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия
сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз
жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар.
Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге
жасаңыздар!
Қадірлі халқым!
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы
байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел
болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын
қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген
сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар
ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік
Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды
тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды
етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ
Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050»
стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі,
63
оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай
халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа
тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне
төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз
өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол
сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді
үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз
да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз
керек.
«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі
жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір
ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын
іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!
Астана, 17 қаңтар 2014 жыл
6.3 Ұсынылатын видеофильмдер.
1-11-сыныптар: «Біз біргеміз»;
1-4-сыныптар: «Отбасылық ағаш деген не?», «Мемлекеттік рәміздер»;
5-11-сыныптар: «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «ЭКСПО деген не?»;
5-7 сыныптар: «Қазақстан– біздің ортақ үйіміз», «Патриотизм деген
не?», «Байтерек монументі»;
8-11-сыныптар: «Ұлттық идея», «Демократия деген не?»;
10-11-сыныптар: «Отбасы не үшін қажет».
64
6.4 Глоссарий
Акт – термин, заңды күші бар ресми құжат (құжаттама). Ол іс-әрекетті,
тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы консультативті-кеңесші орган, бұл органның міндеті мемлекеттік
ұлттық саясатты іске асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге
жағдай жасау.
Жоғары руханилық – оның тіршілік әрекеті жоғары адамгершілік
құндылықтар
болып
табылатын,
уәждемелі-мағыналы
реттеуіштерге
негізделген кемелденген тұлғаның өзін-өзі реттеу мен дамытудағы жоғары
деңгей.
Азамат — құқықтық негізде белгілі мемлекетке жататын жеке тұлға.
Жаһандық проблемалар – бұл табиғи-әлеуметтік мәселелерді шешуіне
байланысты өркениетті сақтау және адамзаттың әлеуметтік ілгерілеуінің
жиынтығы.
Инновация - латын innovatio – жаңарту, әзірлеу, жаңа идеяларды
синтездеу, құндылықтар, саяси бағдарламалар бар, жиі жеке және қайталанбас
сипатқа ие жаңа үлгілерде әрекет құру.
Қазақстандық патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жауапкершілік
сезімі, оның тағдыры, Отаны үшін қызмет етуге және оны қорғауға дайындығы
мен қабілеттілігі, толеранттылықты сақтау және құрметтеу, ұлттық салт-
дәстүрдің көрінісі, Отанымыздың ішкі өмірі мен халықаралық аренадағы
жетістіктерін көбейту, қазақ тілін үйрену.
Мәңгілік Ел - болашағы біртұтас ұлт.
Діл - (лат. mens, mentis, "ақыл-ой, ақыл, интеллект") бұл жеке тұлғаның
әр түрлі мәдени ортада алған тәрбиесімен ерекшеленеді .
Мораль және адамгершілік –жақсылық пен жамандық туралы түсінік.
Адамгершілік - сананың нысаны. Адамгершілік – адамшылық саласы, әдет-
ғұрпы, практикалық іс-әрекеттері.
Мәдениетаралық коммуникация – түрлі мәдениетке жататын жеке
тұлғалар және топтармен байланыстар мен қарым-қатынастардың әр түрлі
формаларының жиынтығы.
Ұлтаралық келісім – халықтардың бірлігі, түрлі ұлттардың өзара
түсіністікке, өзара құрметке, өзара сенімге, өзара әрекетке қол жеткізуі,
ұлтаралық процестер түрі.
Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, отан үшін мақтаныш және
оның жалпыға бірдей игілігі үшін қызмет ету.
Патриоттық тәрбие – өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін,
туған ел мүддесі үшін өзін-өзі құрбан етуі және елді қорғауын қалыптастыру.
Принциптер – (лат. principium - негіз, бастау) - бұл адамдардың
моральдық тұрғыдан дұрыс деп есептеп өздері үшін құратын, өзіндік шартты
(міндетті емес) ереже немесе өзіндік көз жеткізу.
65
Отан – әр адам үшін оның өткен тарихы және өз халқының рухани
мәдениетімен байланыстыратын, ата-бабасынан қалған тағдырына жазылған
бірден-бір және бірегей туған жері.
Толеранттылық – ұлтқа, басқа көзқарастарға, өмір салтына, мінез-құлқы
мен дәстүрлеріне, сеніміне төзімділік.
Құндылықтар – тұлға, әлеуметтік қоғамдастық, негізінен қоғамның
материалдық, әлеуметтік нысандары үшін, адамдардың көпшілігімен
мақұлданатын және бөлінетін қоғамдық-маңызды жақсылық, әділеттілік,
патриотизм сынды түсінік.
66
Қорытынды
Елбасы бастамасы бойынша жарияланған Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 25-жылдық Жыл теңдік, достық және келісімде құрылатын
барлық халықтардың біріккен саясаты белгісімен өтеді. Осы жылдар Қазақстан
біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының тыныштығы мен өркендеуіне
қол жеткізу үшін, тұрақтылықты халықтың бірлігін қамтамасыз ететін осы
принципке қатты сүйенеді.
Жыл сайын 1-қыркүйекте өткізілетін Білім күні балаларды және оқушы
жастарды өз Отанының игілігіне шексіз сүйіспеншілігі аясында құрылатын
жоғары патриотизмге үйретуі қажет. Жас ұрпақта өз Отанына, өз халқына деген
махаббат басқа халыққа шексіз құрмет көрсету сезімімен жалғасуы қажет.
Қазақ мәдениеті мен мемлекеттілігі тарихында айрықша орын алатын
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еңбектері мен сөйлеген
сөздеріне ерекше мән берілуі тиіс.
Білім
күніне
арналған
«Мен
өз Отанымның
патриотымын»
Республикалық біыңғай білім беру сабағында келесілерді атап көрсету
маңызды:
–
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы және оның
құндылықтары, алдағы табысты даму үшін қазақстандық қоғамды нығайтудың
өзегі болып табылады;
−
үштілділік, Қазақстанның табысқа жетуіне және әлемнің ең дамыған 30
мемлекетінің қатарына кіруіне мүмкіндік беретін ашық және толеранттық
қоғам;
−
біздің ұлттық бірлігіміз, Қазақстанмен және оның болашағымен
этникалық шығу тегіне тәуелсіз, өз арақатысының жоғары деңгейінде
негізденеді;
- рухани бастама – бұл ұлтты біртұтастыққа топтастыратын күш, оның
басымдықтары: дәстүр мен патриотизм рухы, жаңару, жарысу және жеңіс рухы
болуы тиіс;
– өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне мемлекеттің патриоттық
саясатының жалпы күші, білім беру жүйесі, тәрбие, мәдениет, БАҚ, этномәдени
бірлестіктер бағытталуы қажет;
Сабақта «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын
жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам– Ұлт Жоспары» контекстінде ел
бойынша жүргізілген әлеуметтік жаңғыру және жаңа индустриалды-
инновациялық экономика мен аймақтарды дамыту бойынша материалдарды
қолданған жөн.
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу халықтың мәдениеті мен
руханиятын сақтаудың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Заманауи мектеп
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жаңа құжатында бекітілген базалық
құндылықтарды, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын терең ұғыну үшін
барлық жағдай жасауы керек.
Осыған байланысты, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының
67
құндылықтары негізінде білім беру ұйымдарында барынша патриоттық ортаны
дамыту мен жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
«Мәңгілік Ел» бағдарламасын жүзеге асырудағы басты рөл мұғалімге
тиісті болуы қажет.
68
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995жылғы 30 тамызда
республикалық референдумда қабылданған. 2011ж. 02 ақпандағы берілген
өзгерістер мен толықтыруларымен).
2
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы.» Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 20 қазандағы №70-IV Заңы.
3
«Мәңгілік Ел». Патриоттық актісі. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік.
Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында сөйлеген сөзі. –
Астана қ., 2016.- 26 сәуір.
4
«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
– Астана. 2014. – 17 қаңтар.
5
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. – 2014.
– 11 қараша.
6
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған, салтанатты жиында
сөйлеген сөзі. –Астана.– 2014. – 15 желтоқсан.
7
Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр-Отан» партиясының
Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның XVI съездінде «Баршаға бірдей осы
заманғы мемлекет: Бес институттық реформа» атты сөйлеген сөзі. – Астана. –
2015. – 11 наурыз.
8
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясында «Мәңгілік Ел: бір ел – бір
тағдыр» атты сөйлеген сөзі. – Астана. – 2015. – 23 сәуір.
9
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалды реформаны жүзеге
асыру бойынша «100 нақты қадам − ұлт жоспары». − Астана. – 2015.
10
Н.А. Назарбаев – основатель казахстанской модели межэтнического и
межконфессионального согласия / Под общ. ред. Ж.А. Алиева. – Алматы: Жеті
жарғы. – 2005. – 212 б.
11
Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873
Қаулысы. 2013.02.07. берілген өзгерістермен толықтырулармен.
12
Тәрбиенің
тұжырымдамалық
негіздерін
бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22
сәуірдегі № 227 бұйрығы. 2016.19.04. берілген өзгерістермен.
13
Магер Ю., Тулешева Г. Одна страна – одна судьба //
Казахстанская правда. – 2015. – 24 апреля.
14
Эффективная государственность Н. Назарбаева – политический
эксклюзив XXІ века // Казахстанская правда. – 2015. – 28 апреля.
69
15.
Қазақстан Республикасының Президентімен Қазақстан халқы
Ассамблеясының ХV сессиясында ұсынылған Қазақстанның ел бірлігінің
доктринасы .- Астана, 2009- 26 қазан.
16.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
2015
жылғы
28
желтоқсандағы № 147 Жарлығымен бекітілген. Қазақстандық бірегейлік пен
бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы.
17.
2010 жылға Қазақстанның ел бірлігінің доктринасын жүзеге асыру
бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 468 Қаулысы
18.
Кульжанова
Г.К.
Патриотическое
воспитание
казахстанской
молодежи: проблемы и перспективы. – 2016.// articlekz.com/article/10988
70
Мазмұны
Кіріспе
3
1 Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі .................................... 5
1.1 Жақын шетелдердегі патриоттық тәрбиенің тәжірибесі ............ 5
1.2 АҚШ, Швейцария, Үндістан, Жапония елдеріндегі
патриоттық тәрбие ...............................................................................
8
2 «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізінде Қазақстан
Республикасы білім ұйымдарында білім беру процесін
ұйымдастыру .......................................................................................
12
2.1 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын оқу және пән бойынша
сыныптан тыс іс-әрекеттің өзектілігін арттыру ...............................
12
2.2«Мәңгілік Ел» құндылық жүйесіндегі тәрбие кеңістіктігін
модельдеу ..............................................................................................
19
2.3 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары
негізінде білім алушыларға патриоттық тәрбие берудің
формалары ............................................................................................
24
3 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдарында «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін түсіндіру
шегінде «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбы бойынша
Білім
сабағын
өткізуге
әдістемелік
ұсыныстар
..........................................
34
Қорытынды ........................................................................................... 66
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі............................................................ 68
71
Введение
В настоящее время в Республике Казахстан модернизируется система
образования. Необходимость совершенствования отечественного образования
вызвана рядом приоритетных государственных задач: формирование
конкурентоспособного человеческого капитала для вхождения в 30 развитых
стран мира, повышение уровня и качества обучения и воспитания
подрастающего поколения в соответствии потребностями мировой рыночной
экономики и открытого гражданского общества, внедрение эффективных
механизмов, инновационных технологий и методик по формированию у
подрастающего поколения этнокультурной и гражданской идентичности,
основанной на знании истории государства, государственного языка,
национальных культурных ценностей народов Казахстана, использование
опыта зарубежных стран по формированию у воспитанников патриотических
ценностей, обогащение национальной системы воспитания на идеях
казахстанского патриотизма.
С этой целью был разработан и принят 26 апреля 2016 годана XXIV
сессии Ассамблеи народа Казахстана «Независимость. Согласие. Нация
единого будущего» Патриотический акт «Мәңгілік Ел».
Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев обозначил, что
«Патриотический акт «Мәңгілік Ел» – это документальная форма
общенациональной идеи, это емкая, уникальная программа идентичности
единства казахстанцев. Он должен передавать базовый формат наших
духовных ценностей. В нем связаны воедино вопросы экономики, политики,
морали, веры, нашего видения в глобальном мире… В Патриотическом акте мы
на века закрепляем, во-первых, главные общенациональные ценности,
созданные нашим народом, во-вторых, ментальную сердцевину взаимной
нашей ответственности государства, общества, граждан за судьбу, развитие и
процветание Казахстана. С Патриотическим актом мы будем сверять, как с
компасом, верность нашего движения вперед, к новым вершинам».
В документе представлены семь принципов, семь незыблемых основ
общенациональной идеи «Мәңгілік Ел», отражающих базовые ценности
развития нашего государства, общность интересов и исторической судьбы
народа Казахстана. Акт призывает всех укреплять, хранить и передавать из
поколения в поколение семь незыблемых основ «Мәңгілік Ел»: независимость
и Астана; общенациональное единство, мир и согласие; светское государство и
высокая духовность; устойчивый экономический рост на основе инноваций;
общество всеобщего труда; общность истории, культуры и языка; национальная
безопасность и глобальное участие Казахстана в решении общемировых и
региональных проблем.
В полной форме общенациональная идея «Мәңгілік Ел» и главные
ценностибыли озвучены Президентом в Послании народу от 17 января 2014
года «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое
будущее» и Послании «Нурлы жол – Путь в будущее» от 11 ноября 2014 года.
|