ЖИ:
Робот vs
Адам
Осы материал
бойынша сабақ өткізгісі
келетіндердің барлығына қош
келдіңіздер дейміз! Қазақстанда «Код
сағаты» жаһандық акциясын өткізуге
қолдау көрсеткендеріңіз үшін
алғыс
айтамыз. Барлық тапсырмаларды мұқият
оқып шығыңыз, презентация мен
нұсқауларды
мұқият қарап шығуды
ұмытпаңыз.
Бұл сабақтың басты мақсаты -
бағдарламалау негіздері туралы айту,
балаларды
жасанды интеллектпен
қызықтыру және оларды IT және STEM
салаларындағы болашақ жетістіктерге
шабыттандыру. Сізге сәттілік тілейміз!
Сабақты өткізу бойынша
әдістемелік ұсынымдар
●
Сабақта өз бетімен істеген жұмыстың
маңызды рөлі бар – эксперимент жасағанда
күйзеліске түспей, көңілді болу үшін
оқушыларға жаңа бір нәрсені үйрену
барысында
қателесу қалыпты жағдай
екенін айтыңыз.
●
●
Егер сіз қандай да бір сұрақтың жауабын
білмесеңіз,
«Оны
бірге
анықтауға
тырысайық» деп айтудан тартынбаңыз.
Бүкіл сынып болып түзетулер енгізу арқылы
сіз
оқушыларға
материалды
жақсы
меңгеруге мүмкіндік бересіз, сонымен қатар
қателесу немесе білмеу қорқынышты емес
екенін көрсетесіз.
●
●
Тапсырмаларды басқаларға қарағанда
тезірек
орындайтын
оқушыларға
сыныптастарына
көмектесуді
немесе
https://code.org/learn
сайтында қосымша
тапсырмаларды таңдауды ұсынуға болады.
●
●
Егер біреу бәрін жасап үлгермей қалса,
оны еңбекқорлығы үшін мақтап, қалған
тапсырмаларды үйде аяқтауды ұсыныңыз.
Сертификат қанша тапсырма шешкеніне
қарамастан
барлық
қатысушыларға
беріледі.
●
●
Барлық
тапсырмалардың шешімдерінің
жауаптарын бөлек файлдан табуға болады.
ACCEPT