Методология дегеніміз ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. ҒЫлыми абстракция дегеніміз



бет3/10
Дата23.04.2023
өлшемі26,97 Kb.
#85782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
глоссарий

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ – бұл қоғамның экономикалық құрылымын, белгілі бір тұтастылықты құратын экономикалық элементтердің өзара байланыстарының жиынтығы; экономикалық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жағдайлары бойынша қалыптасатын қатынастардың біртұтастығы.
ЭЛЕМЕНТАРЛЫ (ҚАРАПАЙЫМ) ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ДЕГЕНІМІЗ – элементтер арасындағы байланыстардың ненгізі еңбек болып табылатын экономикалық жүйелер (адам мен объектілер).
АРАЛАС ЭКОНОМИКА – жеке және мемлекеттік меншік үйлесіміне незінделетін және шаруашылық субъектілердің тәртіптері нарық пен мемлекет арқылы реттелетін экономикалық жүйе.
ИНДУСТРИАЛАНУҒА ДЕЙІНГІ – бұл ауыл шаруашылығы, натуралды шаруашылқ формасы және қол еңбегі көп қолданылатын жүйе;
ИНДУСТРИАЛЬДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ – бұл ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар-ақша қатынастарына негізделген жүйе.
ПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ – негізгі ресурсы ақпарат, экономиканың алғы сферасы - өндірістік емес сфера болып табылатын жүйе, экономикалық дамудың мақсаты – адам және оның өзін-өзі өткізуі үшін жағдайлар жасау.
БАЛАМАЛЫ ТАҢДАУ ДЕГЕНІМІЗ – бұл белгілі бір критериялары бойынша шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау, мысалы баламалы құндары бойынша, яғни тауарлар мен қызметтерді таңдау бойынша іс-әрекет қандай да бір тауар немесе қызметті алу кезінде бас тартқан басқа тауарлар мен қызметтер санымен анықталу керек.
МЕМЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ - мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шарралар жиынтығы.
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ -мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарды жеке меншік компанияларға айналдыру.
НАТУРАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ - бұл адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдасатын шаруашылық.
ТАУАРЛЫ ШАРУАШЫЛЫҚ - бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі.
ТАУАР ДЕГЕНІМІЗ- адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандырытын, сату және сатып алу арқылы айырбастау үшін өндірілетін еңбек өнімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет