«Метрология пәні және қысқаша даму тарихы»


Қазақстан аймағындағы ең алғашқы мекеме 1923 жылы Семейде Омбылық салыстырып-тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі ашылды



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата22.04.2023
өлшемі205,98 Kb.
#85547
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Метрология пәні және қысқаша даму тарихы

Қазақстан аймағындағы ең алғашқы мекеме 1923 жылы Семейде Омбылық салыстырып-тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі ашылды. Ол
аспаптарды қолдануға жарамдылығын анықтау сияқты мәселелермен айналысты. Яғни нақты дәл жүретін өлшемдер мен аспаптардың
көрсеткіштері мен саудада, кәсіпорындарда қолданылатын өлшемдер мен аспаптардың көрсеткіштерін салыстырды. Бұл салыстырып-тексеру
деп аталды, ал мұндай мекемелер салыстырып-тексеруші мекемелер деп аталып кетті.
1925 жылы Семейлік бөлімшесі бөлек салыстырып-тексеру палатаға өзгертілді, бұл бөлімше Семей және Жетіғария аймақтарына қызмет
етті. Қазақстанның қалған аумағына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан салыстырып-тексеру мекемелер қызмет етті, нақты
айтқанда Саратов, Оренбург және Орта-азиялық өлшемдер және таразылар палаталары.
 1929 жылдың 1 қазанында Семейлік өлшемдер және таразылар палатасы Қазақ өлкелік өлшемдер мен таразылардың салыстырып-тексеру
палатасына ауысты.
1930 жылы Қазақ өлкелік палатасы Семейден Алматыға көшірілді.
Осы кезде Қазақстанда тек қана қарапайым аспаптар: таразылар, гирилер, ұзындық және сиымдылық өлшемдері, манометрлер сияқтылар
салыстырып-тексеріліп, таңбаланды.
Мәдени-экономикалық өмірдің жақсаруымен, өнеркәсіптің қарқын дамуымен Қазақстанда салыстырып-тексеру органдар көбейді,
салыстырып-тексерілетін аспаптардың номенклатурасы кеңейді.
1931 жылы Қазақ өлкелік өлшемдер және таразылардың салыстырып-тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросына өзгертілді.
 1933 жылы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы Қазақ ҚСР Ішкі істер халық комиссарларының қарамағындағы уәкілетті орталық өлшемдер
мен таразыларды басқару басқармасына, одан кейін 1935 жылы Қазақ ҚСР Ішкі істер халық комиссарларының қарамағындағы өлшемдер мен
таразылар бөліміне, ал 1938 жылы Қазақ ҚСР халық комиссарлар Кеңесінің қарамағындағы уәкілетті өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі
жұмыстармен айналысатын Комитет басқармасына ауысады.
Басқарма құрылымы орталық аппарат пен 14 өлшемдер мен өлшеу аспаптар жөніндегі жұмыстармен айналысатын аймақтық басқармалардан
тұрды. Аймақтарды қосқанда қызметкерлердің құрамы 129 адамға жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет