Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару


 Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата27.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#111004
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
6.1 Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамалары
Өлшеу құрылғыларының кіріс 
Х
және шығыс 
У
сигналдар мәні 
өзгермейтін жұмыс режимі 
статикалық (стационарлық) 
деп аталады
.
Өлшеу құрылғыларының статикалық жұмыс режиміндегі шығыс 
сигналының кіріс сигналына функционалдық тәуелділігі 
статикалық 
сипаттамас
ы деп аталады (6.1 сурет). Жалпы жағдайда бұл сызықтық емес 
У = f(Х) 
тәуелділік.
Атаусыз шкаласы бар немесе өлшенетін шаманың бірліктерінен ерекше 
бірліктерде бөліктенген шкаласы бар өлшеу құрылғының статикалық 
сипаттамасы 
түрлендіру функциясы
деп аталады. Өлшеу аспаптары үшін 
статикалық сипаттаманы тағы да 
шкала сипаттамасы
деп атайды. 
Статикалық сипаттаманы анықтау бөліктендіруді орындаумен байланысты, 
сондықтан 
барлық ӨҚ
үшін 
бөліктендіру сипаттамасы
деген түсініктеме 
пайдаланылады. Бұл сипаттама кесте, график немесе формула түрінде 
жасалған ӨҚ шығыс және кіріс шамаларының мәндері арасындағы 
тәуелділікті көрсетеді.
Арнайы жағдайлардан басқа өлшеу құрылғыларының статикалық 
сипаттамасына қойылатын негізгі талап, шығыс және кіріс шамалары 
арасындағы сызықтық тәуелділікті алуға тіреледі. Тәжірибеде бұл талап 
алдын ала қабылданған кейбір қателікпен іске асады.
Шкаланың соңғы және бастапқы мәндерімен шектелген аймағы
 
көрсетулер диапазоны 
болып табылады.
Өлшеу құралдарының рұқсат етілген қателіктері нормаланған болатын 
өлшенетін шаманың мәндерінің аймағы (шкалада) 
өлшеулер диапазоны
(шкаланың жұмыс бөлігі) болады: 

ж
 – Х
т
; У
ж
 – У
т
),
мұнда, 
У
т
 , Х
т
– өлшеу диапазонының төменгі шегі; 
У
ж
, Х
ж
–– өлшеу диапазонының жоғарғы шегі. 
Статикалық сипаттаманың еркін нүктесінде өлшеу құрылғының кіріс 
сигналының шығыс сигналына әсерін сандық бағасын, 

Х 

0 болғанда кіріс 
сигналының 

Х өсімшесіне шығыс сигналының 

У өсімшесінің қатынасының 
шегі көрсетеді, яғни таңдалған нүктедегі туынды:


27
0
.
lim


=


=
X
dX
dY
X
Y
S
S
– өлшеуі аспабының 
сезімталдығы;
оның шығысындағы сигналдың 
өзгеруін оны туғызған өлшенетін шаманың мәніне қатынасы ретінде 
анықталады. 
6.1 сурет – Өлшеу құрылғының статикалық сипаттамасы 
Графикалық түрде сезімталдық – бұл статикалық сипаттамаға 
тұрғызылған жанаманың иілу бұрышының тангенсі болып табылады.
Егер статикалық сипаттама сызықтық емес болса, онда оның 
сезімталдығы шкаланың әртүрлі нүктелерінде әртүрлі болады (шкала 
бірқалыпты емес). Сызықтық шкаласы бар ӨҚ шкаласы бірқалыпты және 
тұрақты сезімталдық мәні болады.
Өлшеу түрлендіргіштерде статикалық сипаттама әдетте, сызықты:

Ó
=

мұнда 

- түрлендіру коэффициенті (6.1 суреттегі 3 қисық). 
Бөлу бағасы
– шкаланың екі көрші бөліктерінің арасындағы айырым. 
Сезімталдық шегі
– түрлендіргіштің шығыс сигналындағы немесе 
өлшеу аспабының 
у
көрсетуінің сенімді тіркелетін өзгеруін тудыруға қабілетті 
өлшенетін
х 
шамасы
 
мәнінің ең аз өзгеруі. 
Жоғарыда қарастырылған өлшеу құралдардың барлық сипаттамаларын 
метрологиялық сипаттамалары деп атайды, себебі олар осы құрылғылардың 
қызметінің дәлдігіне әсер етеді.
Егер өлшеу құралдардың метрологиялық сипаттамаларына нормалары 
орнатылған болса - 
нормаланған метрологиялық сипаттамалары
, сонда ғана 


28
ӨҚ қолдануға жіберіледі. Нормаланған метрологиялық сипаттамалары туралы 
мәліметтер өлшеу құралдардың техникалық құжаттамасында келтіріледі. 
Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [1-5,8,9] - дан алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет