Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару


№8 дәріс Стандарттау негіздері



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата27.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#111004
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
№8 дәріс
Стандарттау негіздері
 
Дәрістің мазмұны: 
стандарттау мәні, стандарттау объекттері мен 
салалары, нормативтік құжаттар, стандарттау органдары мен қызметтері.
Дәрістің мақсаты: 
стандарттаудың негізгі анықтамаларын, мақсаты 
мен есептерін, нормативтік құжаттар түрлерін оқу. 
 
Орындау үшін міндетті және кепілделінген болып табылатын 
талаптарды, нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды дайындауға және 
орнатуға бағытталған, лайықты бағамен сапалы тауарларды сатып алуға 
тұтынушы құқын, сондай-ақ еңбектің қауіпсіздігін, ыңғайлылығын 
қамтамасыз ететін қызмет
 стандарттау
деп аталады. 
Стандарттау мақсаттары
:
1) жалпы мақсаттар;
2) белгілі мақсаттар. 
Жалпы мақсаттар 
стандарттау түсініктеменің мазмұнынан шығады.
Жалпы мақсаттар міндетті болып табылатын стандарттардың талаптарын 
орындаумен байланысты, келесілерді қамтамасыз ететін нормалар, талаптар 
және ережелерді дайындаумен байланысты: 
- өнімдер, жұмыстар, қызметтер, адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған 
орта мен мүлік қауіпсіздігі; 
- бұйымдардың үйлесімділігі және өзара алмастырылуы; 
- ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сәйкес өнімдер, 
жұмыстар мен қызметтер сапасы; 
- өлшеулер бірлігі; 
- ресурстардың барлық түрлерінің үнемделуі;
- әртүрлі зілзалалар және төтенше жағдайлар туындау мүмкіндігімен 
байланысқан шаруашылық объекттердің қауіпсіздігі;
- елдің қорғаныс қабілеті және мобилизациялық дайындығы.
Нақты мақсаттар 
қызметтің белгілі бір саласына, тауар мен қызметтер 
саласына, өнімнің, кәсіпорынның осы немесе басқа түріне, т.с. жатады. 
Стандарттау объекті
– өнім, процесс немесе қызмет, бұлар үшін осы 
немесе басқа талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер және т.б. 
дайындалады. 
Стандарттау тұтастай объектке немесе оның жекелеген құраушыларына 
(сипаттамаларына) қатысты болады.

Стандарттау саласы
– өзара байланысқан стандарттау объектердің 
жиынтығы. Мысалы, стандарттау саласы – машина жасау, стандарттау объекті 
– технологиялық процестер, қозғалтқыш типтері, қауіпсіздік. 
Әлемнің қай географиялық

экономикалық, саяси региондарының 
қатысушылары 
қандай 
стандарттауды 
қабылдайтынына 
байланысты 


33
стандарттау деңгейлері
әкімшілік-аумақтық, ұлттық, регионалды, 
халықаралық стандарттау деп бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет