13
нәтижелерінің статистикалық өңдеуі басталғанша тәжірибелік мәліметтерден
жойылады.
Бір шаманы қайталап өлшегенде тұрақты немесе заңды өзгеретін өлшеу
қателігі
жүйелік қателік
болып табылады.
Егер жүйелік қателік белгілі болса, яғни белгілі мәні мен таңбасы болса,
онда ол өлшеудің
аяқталуы кезінде түзету
енгізу жолымен алынып тасталуы
мүмкін. Егер жүйелік қателіктің себебі (көзі) белгілі болса, онда оны
өлшеуге
дейін шығарып тастау
қажет.
Туу салдарына
байланысты жүйелік қателіктер келесілерге бөлінеді:
өлшеу әдісінің қателігі, құралдық қателік, орнату қателігі, субьективті қателік,
әдістемелік қателік.
Өлшеу әдісінің қателігі
(теориялық қателік) – бұл өлшеу әдісінің
жетілдемендігінің қателігі. Негізінде бұл өлшеу принципінің жетілдемендігі,
өлшеу негізіне қойылған құбылыстың жеткілікті зерттелмеуі.
Құралдық қателік
(құралдың қателігі) - қолданылатын өлшеу
құралдарының қателіктеріне байланысты туатын қателіктер (конструкцияның,
өлшеу құралдарының жасалу технологиясының жетілдемендігі, олардың бірте-
бірте тозуы, материалдардың ескіруі).
Орнату қателігі
- өлшеу құралдарын дұрыс
орнатпау себебінен пайда
болатын қателіктер.
Әдістемелік қателік
– шаманы өлшеу әдістемесімен байланысты қателік
қолданатын өлшеу құралдардын дәлдігіне тәуелді емес.
Субьективті қателік
– байқаушының жеке ерекшеліктерімен
шартталған қателік.
Байқалу сипаты бойынша
қателіктер
тұрақты
және
айнымалы
болып
бөлінеді.
Тұрақты жүйелік қателіктер
қайта өлшеулерде өзінің мәнін
өзгертпейді. Мысалы, өлшеу құралының
дұрыс емес бөліктенуі, есептеудің
басталуының дұрыс қойылмауы және т.б.
Айнымалы жүйелік қателіктер
қайталау өлшеулерде әртүрлі мәндерді
белгілі заңдылықтармен қабылдайды.
Егер қателіктер қайта өлшеулерде көбейсе, не болмаса азайса, онда бұл
прогрестік
жүйелік қателік.
Периодты жүйелік
қателік периодты немесе басқа күрделі заң бойынша
өзгере алады. Периодты жүйелік қателіктің пайда болу себебі - сыртқы
факторлардың әрекеті және өлшеу құрал құрылымының ерекшеліктері.
Өлшеу нәтижесінде әрқашан жүйелік
(
)
және кездейсоқ (
) қателіктер
болады
.
+
=
(3.1)
Сондықтан өлшеу нәтижесінің (
∆) қателігі
жалпы жағдайда кездейсоқ
шама ретінде қарастырылуы керек, сонда жүйелік қателік осы шаманың
14
математикалық күтімі болады, ал кездейсоқ қателік – орталықтанған кездейсоқ
шама.
Достарыңызбен бөлісу: