29
дірілдер болмайды. Қалыпты жағдай әдетте ӨҚ қолданудың жұмыс
жағдайлары болмайды;
2) өлшеу құралдары жарамды және қолдануға болады деген жағдайдағы
әсер ететін шаманың кеңейтілген мәндерінің шегінде туатын ең үлкен
қосымша қателікті рұқсат етілетін
қосымша қателік шегі
деп түсінеміз. ӨҚ әр
түрі үшін стандарттарда немесе техникалық шарттарда қосымша қателіктің
мәні орнатылған шектерден аспайтын әсер ететін шамалардың мәндерінің
кеңейтілген аймағын белгілейді. Берілген жағдайларда пайда болатын ӨҚ
нақты қателігі негізгі және қосымша қателіктер атауларына сәйкес келеді;
в)
қолдану режіміне қарай
:
1)
статикалық қателік
– тұрақты шаманы өлшеу үшін өлшеу құралды
пайдалануда туындайтын қателігі;
2)
динамикалық қателік
–уақыт бойынша айнымалы шаманы өлшеу
үшін өлшеу құралды пайдалануда туатын қателігі;
г)
ұсыну формасына қарай
.
Өлшеу аспабы және өлшеу түрлендіргіші үшін абсолютты,
салыстырмалы және келтірілген қателіктерді анықтау ерекше болады. Өлшеу
аспабында кіріс шамасы бірлігінде бөліктенген шкала немесе белгілі
көбейткіші бар шартты бірліктерінде бөліктенген шкала болады, сондықтан
өлшеу нәтижесі
кіріс шаманың бірліктерінде
ұсынылады. Бұл өлшеу
аспабының қателігін анықтаудың қарапайымдылығын шарттайды. Өлшеу
түрлендіргішінде өлшеу нәтижелері
шығыс шама бірліктерінде
көрсетіледі.
Сондықтан, өлшеу түрлендіргіштің кірісі және шығысы бойынша қателіктерін
ажыратады.
Өлшеу аспабының абсолютты қателігі
– аспаптың көрсетуі мен
өлшенетін шаманың нақты мәнінің арасындағы айырым:
í
a
Õ
Õ
−
=
, (7.1)
мұндағы
í
Õ
- үлгілі аспап көмегімен анықталады немесе өлшеуішпен
өндіріледі.
Өлшеу аспабының салыстырмалы қателігі –
өлшеу аспабының
абсолютты қателігінің өлшенетін шаманың нақты мәніне қатынасы
%.
100
í
Õ
=
(7.2)
Өлшеу аспабының келтірілген қателігі -
өлшеу аспабының абсолютты
қателігінің
өлшенетін
шаманың
нормаланған
мәніне
қатынасы:
%
100
N
Х
=
. (7.3)
Нормалайтын мән ретінде өлшеудің жоғарғы шегі немесе өлшеу
аспабының өлшеу диапазоны пайдаланылады.
31
Түрлендірудің номиналды функциясы
өлшеу құрылғының паспортында
көрсетілген.
Түрлендірудің нақты функциясы
–осы типті өлшеу құрылғысының
нақты бір данасына меншіктелген функция. Түрлендірудің нақты
функциясының номиналдыдан ауытқуы әртүрлі болады және өлшенетін
шаманың мәніне тәуелді. Осы ауытқулар өлшеу құрылғының қателігін
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: