Метрология, стандарттау, сертификаттау



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата14.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#107634
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
Лекции МССУК-Каз

 Аддитивті қателіктер 
немесе өлшеу құрылғының нөл қателігі – бұл 
өлшенетін шаманың барлық мәндерінде тұрақты болып қалатын қателік (Д 
қосымшасы, Д.2 сурет).
 
Егер аддитивті қателік жүйелік болатын болса, онда ол алынып 
тасталынуы мүмкін (мысалы, нөлді түзету). Егер аддитивті қателік кездейсоқ 
шама болса, онда оны алып тастауға болмайды және түрлендірудің нақты 
функциясы уақытпен номиналды бойынша ығысады. Нақты функция үшін 
өлшенетін шаманың барлық мәндерінде ені тұрақты болатын жолақты бөліп 
алуға болады.
Кездейсоқ аддитивті қателіктердің көздері – өлшеу құралдардың 
тіреуіштердегі үйкелісі, нөлдің жылжуы, шу.
Мультипликативті 
қателік 
немесе 
өлшеу 
құралдардың 
сезімталдығының қателігі - өлшенетін шаманың өсуіне қарай сызықты өсетін 
(немесе кемитін) қателік (Д қосымшасы, Д.3 сурет). 
Мультипликативті қателік көздері – өлшеу құралдардың тораптарының 
және жекелеген элементтерінің түрлену коэффициентінің өзгеруі 
Сызықтық қателігі
– сызықты емес эффектілері себебінен түрлендірудің 
нақты функциясының номиналдыдан өзгеше болуына байланысты пайда 
болатын қателік (Д қосымшасы, Д.4 сурет). 
Сызықтық қателік көздері – өлшеу құралдардың конструкциясы 
(сұлбасы), сұлбалар жасау технологиясының жетімсіздігімен байланысқан 
түрлендірудің сызықтық емес бұрмалану функциялары. 
Гистерезис қателігі
– кері жүріс қателігі (кешігу қателігі) (Д қосымшасы, 
Д.5 сурет). Бұл – өлшеу құралдардың ең елеулі және жоюға қиын қателігі. Ол 
өлшенетін шаманың артуында (тура жүріс) және кемуінде (кері жүріс) нақты 
түрлендіру функциясының сәйкес келмеуін көрсетеді.
Гистерезистің себептері – механикалық беретін элементтердің люфті, 
құрғақ үйкелісі, ферромагниттік материалдардағы гистерезистік эффект
серіппе материалдарындағы ішкі үйкеліс, элементтердегі, пьезоэлементтердегі, 
электрхимиялық элементтердегі поляризация құбылысы. 
Өлшеу құралдың метрологиялық сипаттамаларына нормалар орнатылған 
кезде ғана ол қолдануға жіберіледі. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар 
туралы мәліметтер өлшеу құралдарының техникалық құжаттамасында 
келтірілген.
Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [1-5] әдебиеттен алуға болады. 


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет