Метрология, стандарттау


Бұрандалы бөлшектерді бақылау әдістері мен құралдары



бет52/57
Дата26.01.2023
өлшемі7,48 Mb.
#63113
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

9.4 Бұрандалы бөлшектерді бақылау әдістері мен құралдары.
Жалпы мәліметтер

Бұрандалы бөлшектерді бақылау үшін екі әдіс қолданылады: кешенді және дифференциалды (элемент бойынша). Бірінші әдіс кезінде бұранданы бақылау кешенді жүргізіледі, яғни параметрлер қатарын бір уақытта өлшеу; екіншісінде элемент бойынша, яғни параметрлердің әрбіреуін бөлек өлшеумен жүзеге асады.


Кешенді бақылау кезінде бұранданың негізгі параметрлерінің қателіктерінің әрбіреуінің шамасы бөлек алғанда белгісіз қалады, барлық қателіктердің жиыны табылатындай етіп орнатылады, ал бүкіл ұзындықтағы шақтама өрісі бұралады. Яғни, әдіс қадамның қателіктері мен профильдің жарты бұрышының диаметрлі компенсацияларын қосатын, берілген бұранданың орташа диаметрін өлшеуге алып келеді. Кешенді әдіс көбінесе жылжымайтын қосылыстарға(бекіткіш және т.б бұрандалар) арналған, бұрандалы бөлшектерді бақылау кезінде қолданылады.
Бақылаудың кешенді түрі бұрандалы калибрлер көмегімен жүзеге асырылады.
Ішкі бұрандаларды(сосындарды) бақылау үшін бұрандалы тығындар, ал сыртқы бұрандаларды(бұрандамаларды) бақылауға бұрандалы жүзіктер немесе қапсырмалар қызмет етеді.
Бұрандалы тығындар мен жүзіктердің екі жақтары болады: өтетін (ПР) және өтпейтін (НЕ).
Өтетін калибрлердің тексерілетін бөлшектің бұрандасымен бұралуы, бұранданың орта диаметрі орнатылған мөлшерден(шекті) шықпайтыны, ал бұранданың бар қадам қателіктері мен профиль бұрышы орта диаметрдің өзгеруімен теңелтілген болғанын айқындайды.
Өтпейтін бұрандалы калибрлердің бөлшекпен бұралмауы, орта диаметрдің орнатылған шекті мөлшерден аз еместігін айқындайды.
Бұранданы бақылаудың дифференциалды(элемент бойынша) әдісі бұрандалы калибрлер, бұранда ойғыш құралдар, жүріс бұрамалары және т.б жоғарғы дәлдікті бұрандалы бөлшектерге қолданылады. Бұл бақылау әдісі әмбебап және арнайы құралдар мен аспаптар көмегімен жүзеге асырылады.
Бұранда бұрандалы профильдің шеттерімен ғана түйісетін болғандықтан, дәлдік пен бұрандалы қосылыстың сипатын(қондыруды) анықтайтын негізгі параметр болып, бұранданың орта диаметрі болып табылады. Бұл диаметрге, бәрінен бұрын, шақтама де орнатылады.
Бұралуға әсер ететін, бұранданың қадамымен профильдің жарты бұрышына ауытқулар мен шақтамалар, стандартпен жеке нормаланбайды. Олардың мүмкін болатын қателіктері орта диаметрге шақтамамен теңелтілмейді. Бұранданың орта диаметрін өлшеу үшін бұрандалы микрометрлер, үш сымы бар қарапайым микрометрлер және құралды микроскоптар қолданылуы мүмкін.
Орта диаметрді қатысты өрескел өлшеулері бұрандалы қоюлар, бұрандалы микрометрлер көмегімен және үш сым әдісімен дәл өлшеулер кең таралған (9.4.1 сурет).
Барлық бұрандаларда нақты профиль жалпы жағдайда симметриялы болмағандықтан, орта диаметрдің өлшеу дәлдігіне профиль жасаушыларының еңістерінің бұрыштарымен бұрандалы қоюлардың қателіктері, және де бұранда қадамының қателіктері әсер етеді. Осылайша, бұл әдіс бұранданың орта диаметрін тәуелсіз өлшеу мүмкіндігін жояды.
Ішкі бұранданың орта диаметрін өлшеу үшін бұрандалы қоюлары бар микрометрлік ішөлшегіштерді қолданады, штихмассаларды аттестацияланған бұрандалы калибр-жүзік арқылы орнатады.
Өлшеудің жанама әдісі болып табылатын үш сым әдісі – бұранданың орта диаметрін өлшеудің көп таралғын және дәл әдістерінің біреуі болып табылады. Ол орта диаметрді бұранданың басқа параметрлерінің қателіктеріне қарамастан анықтай алады. Бұл әдіспен өлшеу бұранданың орта диаметрін анықтауы, беті бұранда орамдарын , бұранда осімен өтетін қимадағы орам қалыңдығы шұңқыр еніне тең болатындай етіп қиятын, елестетілген цилиндрдің диаметріндей негізделеді.

9.4.1 Сурет – Үш сым әдісімен бұранданың орта диаметрін өлшеу.


Әдіс келесіде қорытындылады: бұранданың шұңқырларына үш бірдей диаметрлі dпр сымдар салынады да қандай да бір қосылысты аспап(микрометрмен, оптиметрмен және т.с.с) арқылы бір, екі немесе үш сымның (9.4.1, сурет) көмегімен М мөлшері өлшенеді. Орта диаметрді үш сымның көмегімен өлшеу кең тараған. Сымдар жинағы 9.4.1 суретте бейнеленген.


Өлшеу кезінде сымдар өлшегіш аспапта бекітілген кронштейнге ілініп қоюға немесе тоспаларда бекітуге болады. Башмактар өзінің орталарындағы тесікпен аспаптың өлшегіш ұштығына киіліп, соған бекітіледі. Сымдардың диаметрі үшбұрышты биркада қойылады, ал тоспаларды бекіткен кезде сымдардың мөлшеріне сәйкес ұяшықтары бар тоспалардың өздерінде таңбаланады.
М шамасын (9.4.1 сурет) өлшейтін аспапты таңдау талапты өлшеу дәлдігіне байланысты жүргізіледі.
Диаметрі 60 мм-ге дейінгі бұрандаларға М шамасын табуды келесідей жүргізеді. Үстелді көтеріп, түсіре тұра, шкала бойынша көрсеткіштерді бақылайды және ең жоғарғы көрсеткіште жылжытуды тоқтатады. Кейін, иінтіректі 1 қолданып, үстелді көлденең жазықтықта бұрады да, ең аз көрсеткішті табады. Осы екі көрсеткі сәйкес келу керек: олар М мөлшеріне келеді.
Бұранданың бұрыштың жартысы мен қадамын бақылаудың ең мүлтіксіз және сенімді құралдары болып, оптикалық аспаптар, әмбебап және құралдық микроскоптар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет