|
Зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырма
|
бет | 50/57 | Дата | 26.01.2023 | өлшемі | 7,48 Mb. | | #63113 |
| Байланысты: Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері8.4 Зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырма
8.4.1 МИС –11 микроскобының құрылысы және жұмыс істеу принципімен танысу.
8.4.2 Он нүкте бойынша профильдің ойлы-қырлылықтар биіктігін өлшеу.
8.4.3 МЕМСТ 2789 - 73* Беттің кедір-бұдырлығы. Параметрлері мен сипаттамалары. бойынша кедір-бұдырлық классын анықтау.
8.4.4 Өлшенген кедір-бұдырлық параметріне сызбада анықтама беру.
Есеп беруде зертханалық жұмыс мазмұнының тәртібі: жұмыстың аталуы; жұмыстың мақсаты; жұмысқа тапсырма; құралдың (МИС – 11) метрологиялық сипаттамалары; өлшеу нәтижелерінің кестесі; кедір-бұдырлықтың алынған шамасы туралы қорытынды.
8.4.5 Жұмысты орындау тәртібі:
1) Аспапты өлшеуге дайыдау.
2) Зерттелетін үлгіде 5 шығулар мен 5 шұңқырдың өлшеуін жүргізу.
3) шамаларын анықтау.
4) Rz параметрін есептеу.
8.5 Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар
1 ) Кедір-бұдырлық дегеніміз не?
2 ) Базалы сызық пен базалық ұзындық деп нені атайды?
3 ) Орта сызық деп нені атайды?
4 )Кедір-бұдырлықтің нормаланған параметрлері мен оның анықтамалары.
5 ) Кедір-бұдырлықты көрсетуде қолданылатын белгілер. Олар нені білдіреді?
6 ) Сызбаларда кедір-бұдырлық белгілері мен параметрлерін салу әдістері.
7 ) Кедір-бұдырлықты қосылыссыз өлшеу принципі неге негізделген?
8 ) Қос микроскоптың іс-әрекет прнципі.
9 ) Беттің кедір-бұдырлығын өлшеу мен анықтау тәртібі.
10)Кедір-бұдырлықты өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары.
11) «Пішіннің шақтама өрісі» дегеніміз не?
12)Шынайы профильдің дөңгелектіктен ауытқуының мысалдарын атаңыз.
13) Цилиндрлік бөлшекке қатысты пішін профилінің бойлық қима профилінен ауытқуының қарапайым мысалдарын атаңыз.
14) Қырлық пен сопақтыққа анықтама беріңіз.
15) Дөңесті пен ойыстыққа анықтама беріңіз..
16) Қапталдық соғу қандай ауытқуға жатады?
17) Тәуелді шақтама деп нені атайды?
18) Пішіннің немесе орналасудың тәуелсіз шақтамасы деп нені атайды?
19) Пішіннің ауытқуына жататын, бірнеше ауытқуларды атаңыз.
20) Орналасау шақтамаларының мысалдарын келтіріңіз.
21) Пішін мен орналасудың жиынтық шақтамаларына мысал келтіріңіз.
22) Еңіс шақтамасы шақтаманың қандай түріне жатады?
23) Цилиндрдің шақтамасы шақтаманың қандай түріне жатады?
24) Кедір-бұдырлық дегеніміз не?
25) Беттің кедір-бұдырлық үлгілері не үшін керек?
26) Профильдің ойлы-қырлылықтарының биіктігі дегеніміз не?
27) Кедір-бұдырлықтың биіктік параметрлерінің белгіленуіне мысал келтіріңіз.
28) Кедір-бұдырлықтың қадамдық параметрлерінің белгіленуіне мысал келтіріңіз.
29) Профильдің қатысты тіреу ұзындығына мысал келтіріңіз.
30) Профильдің қатысты тіреу ұзындығының физикалық болмысы.
31) Кедір-бұдырлықтың Rz параметрі нені сипаттайды?
32 Кедір-бұдырлықтың Rf параметрі нені сипаттайды?
33) Кедір-бұдырлықтың Rmax параметрі нені сипаттайды?
34) Кедір-бұдырлықтың Sm параметрі нені сипаттайды?
БМИ ҮЛКЕН ҚҰРАЛДЫ МИКРОСКОПТА СЫРТҚЫ БҰРАНДАНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТУ
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|